Сабақты етістіктер
Н. Сауранбаев сабақты етістіктерге: оқу, жаз, ұқ, сөк, майла,
тыңда [60, 139].
Г. Əбуханов: оқу, жаз, аш, тап, жақ, ал, көр, тоқу, көрсет, таза-
ла, шақыр, жина, қайыр, көшір, суғар, аудар, тəрбиеле, орында, тап,
349
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
шап, кес, тес, шеш, əкел, бер, ор, ұста, бу, жу, шаш – етістіктерін
жатқызады [146, 144].
А. Ысқақов: аш, айт, бақ, бер, ек, ем, жаз, қи, ер, сап, сыз, тап,
тер, ұқ, үй, шеш, ыс, іл, іш, айда, апар, жет, болжа, бүрке, ек, еле,
жалға, жалма, жаса, жұмса, игер, күре, қама, қуыр, ластама, мүжі,
сапыр, теже, түзе, тұса – етістіктерін жатқызады [19, 293].
А. Хасенова: жақ, тат, қи, же, жұт, түй, аш, қаз, сал, тік, жап,
тес, ой, жаз, бол, жар, піш, кес, уат, сөк, жық, и, сал, отырғыз, тіз,
ал, бер, жүр, сат, көм, тық, ки, шеш, бар, шаш, тер, ұр, қой, соқ,
сүз, қап, өтеп, жек, бас, аш, көр, сез, біл, жалма, жебе, жері, күзет,
шұқы, нұқы, сағын, жаны, ірікте, игер, күзе, мақта, суыр, сімір,
оқы
[147, 206-215] – етістіктері қатысты деп біледі.
М. Балақаев: кес, ұр, шап, ал, бер, шақыр, сұра, сой, қама, жаз,
оқы, бас, сана, таста, көзде, қолда, тыңда, жібер, қала, жама, тік,
іш, же [92, 71], Р. Əміров: жу, аш, қайырып жүру, ішу, тыңдау,
алып кету, қамау, сақтау, айту [50, 31-37], Ə. Төлеуов: кес, ұр, жап,
ал(ды), бер, шақырды, сұрады, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, таста,
көзде, қолда, тыңда, жібер, қала, жама, тік, іш, же, істе, қырық,
тоқы, ат, арт, қаз, тара, тегістеді, соң, бауызда, түйре, байла, сана,
қозға, көрді, есті, түсін, əсіре, сез, біл, шайна, жұт, аса, ем, тара –
етістіктерін көрсетеді [148, 79].
А. Аманжолов: қылышта, баста, сақта, сөйле, ізде, алда, ем-
деді, үйлендірді, басқару, таппады [149], М. Томанов: үйрет,
жұбат, құтқар, тарт, қайыр, жақ
[150] – етістіктерін жатқызады.
Осы авторлардың əрқайсысында етістіктерді жинақтау бары-
сында бірін-бірі қайталау басым. Солардың барлығын топтас-
тырғанда қазіргі қазақ тілінде төмендегі етістіктер ғана сабақты
етістіктер болатын сияқты.
Оқы, жаз, ұқ, сөк, майла, тыңда, аш, жап, жақ, ал, көр, тоқы,
көрсет, тазала, шақыр, жина, көшір, суғар, аудар, қайыр, тəрбиеле,
орында, тап, шап, кес, тес, шеш, əкел, бер, ор, ұста, бу, жу, шаш,
айт, бақ, ек, ем, қи, ер, сеп, сыз, тер, үз, үй, ыс, іл, іш, айда, апар,
болжа, бүрке, ек, еле, жалға, жама, жасыр, жұмса, игер, күре, қама,
қуыр, мата, мүжі, сапыр, теже, тұса, түзе, жақ, же, и, отырғыз, тіз,
жүр, сат, тық, бар, тер, жүр, қой, соқ, сүз, қап, теп, бас, сөз, біл,
сүй, алда, арба, ал, байқа, жалма, жері, көкі, күзет, мұқа, нұқы,
тұқы, сағын, таны, игер, күзе, мақта, суыр, сімір, шап, сұра, сой,
350
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
қама, сана, таста, көзде, қолда, қала, тік, же, тыңдау, алып кету,
қамау, сақтау, айту, жібер, қырық, тара, тегістеу, бауызда, түйре,
байла, қозға, есті, түсін, ұмыт, ойла, иіске, шайна, жұт, тала, т.б..
Бұл етістіктер мынадай мағыналық топтарға бөлінеді:
1. Қоректенуді білдіретін амал-əрекет етістіктері: ем, же, жұт,
сімір, шайна, мүжі;
2. Қырып-жою етістіктері: қи, соқ, қама, шап, көзде, бауызда,
түйре, ор, жық, теп, тала;
3. Жасау, құру етістіктері: тоқы, жина, көшір, суғар, аудар,
қайыр, тəрбиелеу, əкел, бу, жу, бақ, ек, сеп, сыз, тер, үз, үй, ыс, іл,
айда, еле, жалға, жама, түзе, түй, ой, бөл, жар, піш, уат, отырғыз,
қырық, тара, тегістеу;
4. Өзгеру етістіктері: майла, сөк, тазала, қозға;
5. Объектіні қозғалысқа түсіретін амал-əрекет етістіктері:
көрсет, аудар, суғар, қайыр, ер, апар, жұмса, күре, игер, сапыр, қаз,
жық, жақ, шайна;
6. Қозғау етістіктері: суыр, сана, алып кету;
7. Қалып-сапа етістіктері: отырғыз, тіз, жүр, нұқы, шұқы.
Салт етістіктер
Салт етістіктер, олардың əрбір оқулықтардағы берілуін былай
көрсетуге болады.
Н. Сауранбаев салт етістіктерге: тұр, жүр, жүгір, кел, бар,
қайт, өс, көгер, ойна, жарыс, кеңес, таныс, түс, ұш [60, 137].
Т. Əбуханов: отыр, жатыр, жат, тұр, жүр, кел, кет, қайна, сайра,
өз, қал, жайна, күл, кет, жарқыра, күркіре, жұмыл, түңіл, күлтілде,
жүгін, бар, ұйықта, дірілде, жау, қаш, ұш, секір [151, 144],
А. Ысқақов: ау, бар, бұқ, жат, жет, жұқ, жүр, кел, күл, кір, қал,
қаш, нан, өс, піс, сал, ти, тоң, төз, түр, түс, ұш, шық, ық, іс, айны,
айық, аңда, бекі, бұлқын, дегді, есір, елті, жарыс, жүгір, зерік,
күрес, қазу, қуан, құлшын, обыр, өкін, сергі, ұмтыл, үде, арпа-
лыс [19, 293]. А. Хасенова: түс, жүр, бар, кел, кет, кір, шық, жет,
жүз, қаш, ат, ұш, бөс, без, көш, аз, арт, ес, жат, шөк, тұр, бат,
шом, қат, адас, жуын, жүйткі, жүгір, жөңкі, кідір, сабыл, сандал,
секір, сұла, тара, сейіл, қуан, айру, жеру, елігу, жарымау, кене-
лу, қорқу, қызығу, еліру, кею, сиыну, ақыру, жалығу [147, 215],
М. Балақаев: күл, қуан, қайғыр, жыла, жасы, есіне, жалық,
351
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
ауыр, терле, тоң, жамыл, тырыс, шаттан, насаттан, маңыра, ұлы,
бозда, кісіне, мөңіре, сайра, тула, ақса, ойнақта, жоғарыла, жел,
жорт, күркіре, жымыңда, жылтыңда, бұзаула, қозыла [92, 71],
Р. Əміров: жүр, байлау, ілу, қыстыру, салу, жазу, қашу, сұра, бар,
беттеу, отыр, тұр, көру [50, 31-41], Ə. Төлеуов: күлді, қуанды,
қайғырды, жалады, шайынды, есінеді, ауырды, терледі, тоңды,
шомылды, шаттанды, маңырады, ұлы, бозда, кісіне, мөңіре, сай-
ра, тура, ойнақта, жорғала, жел, жорт, күркіре, жымыңда, бұзаула,
сескен, жарал, зерік, күйін, қорық, ауыр, ыңқылда, есінеу, кір,
шық, түс, жат, жүр, тұр, жет, бар, талпын, түшкір, кекір, домала,
ырылда [148, 79], А. Аманжолов: өсу, мұңаю, қашты, қартайды,
қарайды, сынды, бөлінді [149], М. Томанов: үйрен, жұбан, құтыл,
тартыл, жан, қайт
[150] – етістіктерін жатқызады.
Сонымен, əрбір оқулықты салт етістіктер жалпы мына дəре-
жеде беріледі: тұр, түс, түңіл, ти, тоң, тұр, тара, терле, тырыс,
таныс, жүр, жүгір, жарыс, жатыр, жат, жайна, жарқыра, жұмыл,
жүгін, жау, жет, жұқ, жүз, жуын, жүйткі, жөңкі, жыла, жеру, жа-
рымау, жалығу, жоғарыла, жел, жорт, жымыңда, жылтылда, жазу,
жылады, жорғала, жалын, кел, қайт, көгер, кеңес, кет, қайна, күл,
күркіре, күлімде, қаш, көн, кір, қал, күрес, қажу, қуан, құлшын,
кел, қат, кідір, қыдыр, құла, кенелу, қорқу, қызығу, кею, кісіне,
қағылу, қыстыру, қайғырды, күйінді, кекірді, өс, ез, ойна, ұш,
ұйықта, ық, іс, отыр, ұмтыл, үде, ұлы, үлгір, сайра, секір, сал, сергі,
сөн, сабыл, сандал, сырғу, сұрау, сейіл, сиыну, дірілде, дегді, бар,
ау, есір, елті, шық, айны, айық, ақса, бекі, бұлқын, зерік, арпалыс,
шық, бас, без, ақ, аз, арт, шөк, бат, шом, адас, ауыр, ару, ашы, ло-
блу, елеру, ақыру, шашу, шомыл, насаттан, бозда, мөңіреді, ақса,
ілу, беттеу, есінеу, бұзаула, зерік, ыңқылда, домала, ырылда.
Олар мындай мағыналарда жұмсалады:
1. Қозғалу етістіктері: тұр, жүгір, жарыс, жат, жет, күрес, қаш,
кір, көш, тара.
2. Көңіл күй етістіктері: түңіл, жайнау, жымыңда, жалын, кү-
лімде, қажу, қуан, құлшын, кею, шошу, қайғырды, күйінді.
3.Таза психологиялық процестермен байланысты етістіктер:
қорқу, дірілде, жылады, кею, сиыну;
4. Адамның жəне жан-жануарлардың дыбыстарына байланыс-
ты қолданылатын етістіктер: кісіне, ұлы, сайра, ақыру, бозда,
мөңіре, бұзаула, ыңқылда, ыңылда;
352
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
5. Табиғат дыбыстарымен байланысты қолданылатын етіс-
тіктер: күркіре, жарқыра, жылтылда, көгеру;
6. Қалып-сапа етістіктері: отыр, ұмтыл, үде, сұлау, сырғу, бет-
теу, жату;
7. Адамның не жанды заттардың қалып күйін білдіретін
етістіктер: тол, шөк, ауыр, ару, лоблу;
8. Объектіні қозғалысқа түсіретін амал-əрекет етістіктері: жұ-
мыл, жүйткі, жөңкі, жорғала, күрес, қыстыру, секір, сандалу,
сырғу, сұлау, ақса, бұлқын, арпалыс, бат.
Түрлі сөздіктерде етістіктердің салт, сабақты түрлері бола-
тынын айтумен бірге кейде бірсыпыра етістіктер əрі салт, əрі
сабақты да болады деп, ешбір мысал келтірмей-ақ бір сөзбен жал-
пылама айтып өтеді. Сонда олардың пікірінше, барлық етістік
сабақты, салт болып бөлінуімен шектелетін сияқты. Екінші бір
ғалымдар барлық етістіктерді салт, сабақты болады деп бөліп
көрсетіп, əрқайсысы 5–6 немесе 10 шақты етістік сөздерді көр-
сетумен қанағаттанады.
Үшінші топ ғалымдар етістіктерді салт, сабақты деп бөле ке-
ліп, енді тілдік заңдылықтарына да назар аударады. Əсіресе ондай
кезде етіс жұрнақтарының қатысын негізге алып қарастырады.
Қазақ тіліндегі зерттеулерде амал-əрекет етістіктері ғана са-
бақты етістік болады делінген. Олар, мысалы: ішу, жеу, сындыру,
қирату, тазалау, сабындау, жасау, соғу, шымшу, шаншу, т.б.
Бірақ лексикалық-семантикалық топтарға бөлінген басқа етіс-
тіктердің ішінде де сабақты етістіктер кездесетіндігін көруге бо-
лады.
Қ. Бектаевтың «Кері алфавиттік сөздігі» бойынша түбір
күйіндегі сабақты етістіктер мыналар: ию, ою, егу, үгу, жеу, езу,
үзу, ілу, озу, ору, ұру, ату, буу, ашу, ішу, аяу, тыю, құю, ойлау,
үрлеу, булау, сынау, сипау, бұрау, жасау, жамау, сынау, қанау, то-
нау, арнау, тұсау, матау, аттау, ұштау, бұтау, ақтау, оқтау, іздеу,
емдеу, қабу, себу, жегу, шөгу, тігу, сөгу, өңдеу, егеу, өтеу, кезу,
сезу, созу, сызу, тізу, бұзу, ірку, шалу, телу, шолу, сылу, білу, тілу,
жұлу, жұму, бөлу, кему, жону, керу, теру, жору, сору, тору, қорқу,
иіру, бұру, жалау, қажау, тосу, ояту, жұту, күту, түту, сауу, шашу,
кешу, шешу, аршу, пішу, құшу, бояу, бағу, жағу, тағу, шағу, қағу,
жығу, сығу, тығу, сұғу, шоқу, нұқу, тану, жеңу, сабау, арбау, сыбау,
353
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
қадау, айдау, алдау, оңдау, өңдеу, безеу, кезеу, күзеу, сүйеу, үйкеу,
билеу, үрлеу, тілеу, бөлеу, демеу, тіреу, күреу, көсеу, өртеу, бітеу,
екшеу, өлшеу, теңеу, сілку, бүрку, əкел, өтіну, апару, игеру, əперу,
итеру, айыру, опыру, ысыру, суыру, қуыру, ұшыру, идіру, үйіру,
өсіру, өшіру, тінту, тарту, шерту, құрту, жырту, сүрту, түрту, ашы-
ту, ағыту, жұлқу, сарқу, тұздау, қомдау, лаңдау, шыңдау, болжау,
алалау, қуалау, уқалау, байлау, лайлау, майлау, сайлау, тойлау,
сыйлау, зарлау, қорлау, торлау, жырлау, сырлау, баулау, жаурау,
маялау.
А. Ысқақов етістіктердің салт-сабақты болып бөлінетіндігін
айта келіп, автор кейде бір етістіктің өзі əрі салт, əрі сабақты да
болып жұмсалатындығын: арт, түр, тара етістіктері арқылы
көрсетеді [19, 294]. Автор «айда, жібер, түсін» сияқты сабақты
етістіктер 2–3 септікті бірден меңгере береді деп, тіпті бір
етістіктің үш септікте келуін де дұрыс көрсетеді [19, 295]. Сөйтіп
автор əрі салт, əрі сабақты етістіктер қатарында арт, жүр, тара,
айда, жібер, түсір сияқты алты етістікті айқын көрсетеді.
Бір етістіктің бұлайша қолданылуы туралы А. Хасенованың
еңбектерінен біраз мағлұмат алуға болады. Автор етістіктерді
салт-сабақты етіп бөле келіп, бір етістіктің екі түрлі жағдайда
да қолданылатынына баса назар аударып отырады. Автор он-
дай етістіктердің қай септіктерде келуіне қарай былайша топтап
көрсетеді:
а) айда, жібер, тасу, жасыр, итер, сүйрет.
ə) басу, булау, көсеу, күрмеу, сүйеу, тиеу, қарып, бұйыр, арна,
мата, нұсқа, сүйке, тапсыр, телі, үйке, төлет.
б) безе, бөлу, бітеу, бөк, теже, омыр, тура, тырна, тара, іре,
қапсар, қасу, қопар, өлшет, егеу, тасу, қотару, қадау, қорғау, сұ-
рау, тілеу, өлшеу, жеу, ішу, алу, түсінбеу, іш, ал.
Міне, бұл топтағы етістіктер барыс, табыс, көмектес, т.б. етіс-
тіктердегі сөздерді бірдей меңгеретіндігін, ондай кездегі олардың
ішкі ерекшеліктерін де дұрыс көрсетеді.
Отыра сал дегенде енді салттық мағынаға ауысуын, яғни салт,
сабақтылық тек негізгі етістіктер арқылы берілетінін дəл аша
білген [141, 211].
Р. Əміров ұрсу, білмеу, ұстау, мін, ас етістіктері əрі табыс
жəне басқа да септіктегі сөздермен келуін көрсеткен. Əсіресе
354
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
атордың етістіктің əрі салт, əрі сабақты болуында кейде негізгі
сөзге көмекші сөздердің түйдектеліп келуінің əсерін былай дə-
лелдейді:
Осыларға (өлең) шығар – осылар туралы (өлең), босатуға
(қаулы) жазды – босату жөнінде (қаулы шығар, жазды) дегендегі
шығар, жазды етістіктері əрі табыс, əрі барыс септігін де бірдей
меңгере алу қабілеті бар екенін айта келіп, сол барыс жалғаулы
осылар, босату есімдігі мен қимыл есімі сөздеріне туралы, жө-
нінде шылауларының түйдектелуі арқылы енді ол сөздерге шы-
ғар, жазды етістіктері қосылып, сабақтылық қызмет атқарып тұр
деп көрсетеді [50, 311].
М. Балақаев аттандыру, айналу, асып кету, жабу, міну сияқ-
ты етістіктердің барыс, табыс, шығыс септіктерде жұмсалатын-
дығын көрсеткен [92, 121].
М. Томанов бір етістіктің салт та, сабақтылық та қызметін ай-
қындай келіп, ондай етістіктерге оқу, жазу, ұрыс, жүр, айнал, ат,
ойна, қақ, жүз, қара, қама сөздерін жатқызады [150, 115].
Міне, осы əрбір автордағы əрі салт, əрі сабақты етістіктерді
жинақтап көрсек, небары мына етістіктер болып шығады (кө-
бінде бір-бірін қайталайды).
айда
егеу
ас
арнау
өлшеу
аттану
аяу
өлшет
айналу
арт
өт
асып кету
айналу
жібер
қасы
бұлау
жүр
қажыт
безе
жаз
қондыр
бұйыр
жүз
қотару
бітеу
кезең
қадау
бөле
күрмеу
қорғау
білмеу
кету
қақ
жасыр
қарып
қар
жеу
қапсыр
қама
Мысалы: 1. Панфилов əдетінше, саусағымен столды тықылда-
тып, Мұратқа жанашыр
кескінмен қарап отыр (Т. Ахтанов). 2. Вол-
ков қолдарын галифесінің қалтасынан шығармайды (А.С. Мака-
ренко). 3. Ахмет қонақтарын жазғы үйіне енгізді (Ғ. Мұстафин).
355
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
4. Біз дəл жаңағы күлкіні көзімізбен көргендей болдық (С. Еру-
баев). 5. Олар шолақ тері тонның етегін тері шалбарға шалбарла-
нып алады да, қолдарына биялайды да сирек сұғады (С. Мұқанов).
Осы күнгі əдебиеттердегі əрі салт, əрі сабақты болады дейтін
етістіктеріміздің жалпы саны – 38 ғана. Ал біз оларды нақты
көрсету үшін төмендегідей етіп бөліп беріп отырмыз:
1. Табыс пен барыс септіктерді меңгеретін етістіктер.
2. Табыс пен жатыс септіктерді меңгеретін етістіктер.
3. Табыс пен шығыс септіктерді меңгеретін етістіктер.
4. Табыс пен көмектес септіктерді меңгеретін етістіктер.
5. Табыс пен 2 кейде 3 септіктерді меңгеретін етістіктер.
1. Табыс жəне барыс септіктерді меңгеретін етістіктер: орап
сала берді, ұстатты, тастай беріп, сүртіп тастап, бердік, қойып, ай-
дап, кетіп тұрған, тастай салды, алайық деп отырмыз, артуының,
сүйреп əкеліспедім бе мен?, беріп жіберіп, көтеріп ұстата салып,
түсірді, алып жөнедім, айтып отырғанмын, жаптырамыз, жолдау-
ына қарағанда, апарып шомылдырып, үйіріп жүр, түсіріп, қымтай
орап алған екен, ілді, ұстап отыр, қармағына ілді, ұшырды, зорлап
қостырды, аяған жоқ, салып келді, көпсініп тұрсың ба?, түсірем
деп біраз əуре болған, естірту үшін жинайды, сырғытып қойғызған,
алып барып, ұшыратқан, айтқан, бере көрме, сатып, пайда түсіріп
отыр, бағасың, ұстатты да, шақырмайсыз ба?, тастап, əкеліп, сілкіп
тұр екен, қамап қояды, тасып тұрған-ды, алдым, бұрып, аяқтарын
тез-тез басады, əкеліп кіргенде, салып, айырмаған болды, жұлып
алып, апарып, орнатқанда, құйып жатыр, мінгізіп алып, тапсырар
едім, көрмедің бе?, түзедім, беттетіп жібердім, əкеп түсірді, қадап
алды да, қағып-қағып қойды, жіберді, апарып, кіргізе кетем, алып
кірді, қайта салды, қойып жатып, алып келді, орап алып, беріп те
қойған, айттыруға, іздеп тапты, көтеріп əкелді, ерттеп берсейші,
түсіндіріп келеді, т.б.
Мысалы: Əбдірахманды пристав дуанға алып кетті (Б. Май-
лин). Ер жеткен ұлыңды үйге қамап, қашанғы жанторсық ет-
пекшісің (Ж. Кейкин). Дүкеншінің дəл ойы неменеге апарып
соғарын онша аңғара алмасам да айтқанын орындап, қолымды оң
қалтама салдым (Ғ. Мүсірепов).
– Ана кер атты келінге ерттеп берсінші ,– деді інісіне, ауыл-
дың алды қозғала бергенде (З. Ақышев). Тайжан Мұсаны бауыры-
на басты, арқасынан, маңдайынан сипады (З. Ақышев).
356
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
– Онда күшпен тартып алып, өзіңді абақтыға жаптырамыз
(Ш. Мұртазаев).
Олардың синтаксистік қызметі толықтауыш пен толықтауыш,
толықтауыш пен пысықтауыш қызметінде деп екі топқа бөліп
қарастырамыз.
Табыс жəне жатыс септіктерді меңгеретін етістіктер. То-
лықтауыш пен пысықтауыштық қатынастағы. Мысалы: Мен
қасына жеткенде күбі шелектің бетін ашып, маған тостағанға ай-
ран құя бастады (Ғ. Мүсірепов). Жұтып қоярдай ежірейген ала көзі
егін ортасында шүйгін жүрген сиырларды көрмесе де қалбақтап
қашып бара жатқан мені көріп қалғанында дау жоқ (Ғ. Мүсіре-
пов). Ең жанына бататыны дəл қазір мектепте балалар бəрін де
біліп отыр. Мен қос Шалқарды өмірімде үш-ақ рет көрдім (Ғ. Мү-
сірепов). Жаңа автобуста саған ұқсас баланы көргенде не істерін
білмегенін қайтерсің (М. Сүндетов).
Табыс жəне шығыс септіктерді меңгеретін етістіктер:
алып, отқа тастап жібергеніне өкінді, шошып қала берді, басым-
ды көтердім, көтеріп алдым, ұстап тоқтатпақ болады, ұстап алған,
шығарып, іздемен, жетектеп, ұстап мінген, абайлап алып, сақта,
алып қалу, күтіп алмақшысыз ғой, сүйіп тапқан, жетектеп алып-
ты, білетін, көрген емеспін, босату да қиын, аямайтын адам, қуып
шығыпты, шешіп алып, күтіп алады, сүйреп шығарды, суырып
алды, тастаған жоқ, келгендей ғып көрсетті, түсіп кетті, өндіріп
ал, танимын, бездіріп аларсың, теуіп жіберді, алып тастаған соң,
шығарып, қағыпты, шығармай бағар-ау, арашалап алу керек,
естіген; алған дейді ғой, жайғызып бересің бе, алды, естиік,
тап-
ты, қазып, айтуды сұрады, шақырып, ұлғайтып, естіп, таныды,
мазақтай бастады, шығарды.
Омбыны, қалалы жерді есіңнен шығарма (З. Ақышев). – Шы-
ғарма үніңді. Əн салып жатқанын естимісің, – деп мені аяғымнан
тартты (Ғ. Мүсірепов). Сұлтанмахмұтты қызметтен қууға
қимады (Д. Əбілев). Бізге адамды аурудан арашалап алу керек,
өлім тыр-нағынан шығарып алу керек, түсінемісің? (М. Горький).
Мысалы: Терің жарылып, ернің тілінбесін десең бет-аузыңды
ақ орамалмен
тұмшала («Лениншіл жас»). Əйелдерді анасы, апа-
сымен, ерлерді əкесімен салыстыра көз жүгіртеді («Лениншіл
жас»). Өйткені қазірет Мəдинаны да дозақпен өлтірді (Д. Əбілев).
357
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Табыс пен екі немесе үш септіктерді меңгеретін етістіктер:
ысырап, қағып, ішеді, аяңдап келеді, тоқтатпақ болады, тастап
жіберді, құйғандай, бұйыртқан, қақпақылдап, таныстырған-ды,
үйренеді, қағып, шықпырта, осып жіберді.
Мысалы: Жолда осы шағылды трактормен ысырып, қанша ар-
шып қойса да, қайта үйіліп қалады (М. Сүндетов).
Көмектес, табыс, барыс септіктерімен: Басыммен допты
онға дейін қақпақылдап, жерге түсірмеймін (М. Сүндетов).
Табыс, көмектес, шығыс септіктерімен:
Атының басын тартып, Мұсаның арт жағынан келді де, байтал-
ды қамшымен жұқа шаптан шықпырта осып жіберді (З. Ақышев).
Толықтауыш пен пысықтауыш қатынастары:
1. Табыс, көмектес, шығыс:
Мысалы: Менің жасымдағы балалар тілді ең алдымен шеше-
сінен үйренеді ғой (Ғ. Мүсірепов).
2. Табыс, жатыс, шығыс:
– Ана бөлмеде тағамдарын үлкендерден бөлек ішеді, солай
əдеттенген, – деді келіншек, алдына түскен бұрымын сілкіп тас-
тап, баршаға естірте (Ж. Кейкин).
3. Табыс, көмектес: Жолда осы шағылды трактормен ысырып,
қанша аршып қойса да, қайта үйіліп қалады.
4. Табыс, шығыс, барыс:
– Шеген мені көпірдің үстінен өзенге тастап жіберді де, су-
дан басыңды ғана шығарып шомылған балалардың ішінде отыра
бер деп, өзі көпірдің үстімен тартып отырды (Ғ. Мүсірепов).
5. Қасен Сұлтанмахмұтты Қамарға сыртынан таныстырған-
ды (Д. Əбілев).
Міне, сонымен, осы күнге дейінгі ғылыми əдебиеттердегі
салт жəне сабақты етістіктердің берілу дəрежесі, біздіңше, жет-
кіліксіз. Өйткені олардың əрқайсысындағы берілген етістіктер
қайталанып берілуіне байланысты салт, сабақты немесе əрі салт,
əрі сабақты етістіктер туралы тиянақты мəлімет оқушы қауымға
берілді дей алмаймыз. Сондықтан да біз табыс септікті негізге
ала отырып, етістікке қатысты септіктерді, оларды меңгеретін
етістіктердің тізімі мен мағыналық тобына жəне олардың син-
таксистік қызметіне біршама назар аудардық. Мұның өзі мектеп,
жоғары оқу орындары студенттері мен ізденушілердің қажетіне
жарар деген ойдамыз.
358
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Енді ойымызды бір сөзбен қорытындылайтын болсақ, тілі-
міздегі барлық түбір тұлғадағы етістіктер сөйлемдегі басқа
сөздермен тіркесе алу қабілетіне байланысты салт жəне сабақты
болып екі топқа бөлінеді.
1. Сабақты етістік алдындағы сөздің тек табыс жалғауында
тұруын қажет етеді. Мысалы, есікті жап, сүйекті мүжі, кітапты
оқы, суды төк, т.б.
2. Алдындағы сөздің табыс септігінде тұруын қажет етпей-ақ,
табыс септігінен басқа септіктерде тұрған кез келген тұлғадағы
сөз таптарымен сөз тіркесін құрай алатын етістіктерді салт
етістік дейміз. Мысалы, орныңнан тұр, үйге кір, менімен жүр,
сабағыңа бар, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |