3. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерін үш кезеңге бөліп қа-
растырған жөн сияқты. Сөйлем мүшелері туралы 1936-40 жылдар
шамасында жазылған материалдар назар аударарлық. Ол кезде
бұл тақырыптағы А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, І. Бəйтенов, Х. Ба-
сымов, С. Аманжолов, Ə. Ермеков, М. Балақаев еңбектерін атай
аламыз. Оларда сөйлем мүшелері тек жасалу жағынан ғана сөз бо-
лып қойған жоқ, олардың қалыптасу, тұрақтану мəселесіне көбі-
рек назар аударылды. Мəселен, 1938 жылы Х. Басымов: «Осы
күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерге тимей келген
мəселенің бірі – осы сөйлем мүшелері болып келеді» деген пікір
білдірді [3,22].
Сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталған ғалым – А. Бай-
тұрсынов. Автордың 1924 жылы Орынборда басылып шыққан
«Тіл танытқыш» үшінші оқулығы синтаксис мəселесіне арналған.
Онда сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толық-
тауыш жəне пысықтауыш деп бергенін көруге болады. Ғалымның
395
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөйлем мүшелерін топтауын ғылыми жағынан қазір де теріске
шығаруға болмайды. Сөйлем мүшелері жайлы арнайы тоқталған
ғалым – Қ. Жұбанов. Ол сөйлем мүшелерін екіжақты қарастырады.
Оның орын тəртібі, кейде олардың жасалуы сияқты мəселелер
бойынша мақалалар жазып, кітаптарында тоқталған. «Из истории
порядка слов в казахском предложении», «О построении речи
на казахском языке» жəне «Қазақ тілі грамматикасы» сияқты
мақалалары мен кітаптарында автор сөйлем мүшелері туралы
ғылыми талас пікірлерге тоқталмайды. Тек олардың жасалуы, не-
гізгі анықтамалары сияқты мəселелерді сөз етеді. Ал оның сөйлем
мүшелері жайлы ғылыми көзқарасын «Жаңа грамматикалық
жаңалықтар жайынан» атты көлемді мақаласынан көруге бо-
лады. Автор сөйлем мүшелерінің саны, оның атаулары туралы
жоғарыда аталған еңбегінде тұрлаулы жəне айқындауыш деп
бөле келіп, əсіресе сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі туралы өзіндік
жаңа ұсыныстар жасауды мақсат еткен.
Ғалым сөйлем мүшелерін топтастыруда А. Байтұрсыновтың
жүйелеуіне сын айтады. Оның сөйлем мүшелерін жасаудағы
көзқарастарына бүтіндей қарсы екендігін дəлелдейді. Қ. Жұбанов
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы өзінен бұрынғы автор-
ларды сынай келіп, олардың жүйелеулерінің көбіне мағыналық
ерекшелікке тоқталғанын дұрыс емес деп тауып, сөйлем мүше-
лерін топтастыруда тұлғалық принципті басшылыққа алады. Яғни
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деген терминнің орнына орыс
тіл білімі мамандарының топтауы негізіндегі айқындауыш деп
атағанды жөн көреді. Бұдан əрі автор сөйлем мүшелерін топтау-
да септік жалғаулы сөздердің барлығын, тіпті ілік жалғауды
сөздерді де, толықтауышқа қосып жібергенін байқауға болады.
Автор пысықтауыш болатын бүгін, кеше сияқты сөздерді пысық-
тауышқа қосуының негізгі себебі, олардың мағыналық жағын
еске алғандықтан емес, тек тұлғалық, яғни анықтауыштық тұл-
ғалы сөздермен бір тұлғалас екендігін негізге алғандықтан болып
отыр. Оған қоса септік жалғаулы сөздерді толықтауышқа қосу-
мен бірге, кейде ілік, кейде басқа септік жалғаулы сөздердің
түсіріліп айтылуын толықтауыш деп біледі [4,38].
Қазақ тілінің сөйлем мүшелерін топтастыру туралы С. Аман-
жолов та арнайы тоқталды. Автор мақаласында сөйлем мүшеле-
396
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
рін ескі жəне жаңаша жіктеу деп бөле келіп, А. Байтұрсыновтың
тұрлаулы жəне тұрлаусыз сөйлем мүшелері деген жіктеуін сынға
алады. Қ. Жұбановтың жіктеуін қолдай келіп С. Аманжолов: а) тұр-
лаусыз сөйлем мүшелері атының көптігіне, ə) анықтауыш, толық-
тауыш жəне пысықтауыштардың сұраулары мен анықтамала-
рының араласып келуіне, б) оларды бір-бірінен айыруда ғылыми
негіздің жоқ екеніне байланысты дəйек айтып, сөйлем мүшелерін
бастауыш, баяндауыш жəне анықтауыш деп үшке бөледі [5,5-11].
Қ. Жұбанов пен С. Аманжоловтың сөйлем мүшесі туралы жік-
теуі ғылыми жағынан алғанда бірізді. Екеуі де бастауыш, баян-
дауышты негізгі сөйлем мүшелері дейді де, тұрлаулы сөйлем
мүшелері деген терминді қолданудан шығарып тастайды. Қ. Жұ-
банов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін айқындауыш деп атаса,
С. Аманжолов анықтауыш деп пайдаланғанын көреміз. Бірақ олар-
дың аттары бөлек болғанымен, ішкі ерекшеліктері бірдей. Екеуі
де тұрлаусыз сөйлем мүшелерін толықтауыш жəне анықтауыш
деп топтастырып, оларды тек тұлғалық жағынан қарастырумен
шектелген. Сондықтан да Қ. Жұбановтың сөйлем мүшелерін топ-
тастыру туралы пікірі осы уақытқа дейін нақ сол күйінде оқы-
тылып жүр. Ал С. Аманжоловтың жоғарыдағы мақаласындағы сөй-
лемнің тұрлаусыз мүшелері туралы ойлары кейінгі еңбектерінде
басқаша беріледі. Автор сөйлемнің тұрлаулы жəне тұрлаусыз мү-
шелері деп топтай келіп, тұрлаусыз мүшелерді одан əрі анықта-
уыш, толықтауыш жəне пысықтауыш деп бөліп көрсетеді. Демек,
енді тек тұлғалық жағына ғана емес, мағыналық жағына баса на-
зар аударғанын байқаймыз.
Өзге ғалымдар да (Х. Басымов, І. Бəйтенов, Ə. Ермеков, М. Ба-
лақаев) сөйлем мүшелері туралы бірнеше мақалалар мен оқулық-
тар жазды. Бірақ бұл ғалымдар сөйлем мүшелерінің жіктелуіне
назар аудармайды. Көбіне олардың жасалу жолына ғана тоқта-
лады. Х. Басымов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін қазіргіше
анық-тауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп бөлген [6,29]. І. Бəй-
тенов те өз еңбектерінде сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталса
да оның жіктелуіне көңіл бөлмейді. Көбіне сөйлем мүшесіне
қойылатын сұрақтар, олардың қай сөйлем мүшесіне тəн, тəн
еместігі туралы айтады [2,119]. Сөйлем мүшелері туралы біраз
397
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мағлұматты М. Балақаев еңбектерінен ала аламыз. Автор сөйлем
мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп жіктеп, əрқайсысына жеке-
жеке мақалалар жазды. Оны жоғары оқу орындарына арналған
оқулық дəрежесіне дейін дамыта білді. Автордың сөйлем мү-
шелеріне қатысты ойлары қазақ тіл білімінде өзіндік орын
алды. Сөйлем мүшелері – қазақ тіл білімінде белгілі дəрежеде
зерттелінді дегенімізбен, басқа түркі тілдерімен салыстырғанда
кенже қалған сала. Өйткені осы күнге дейін қазақ тіл білімінде
сөйлем мүшелерінің əр тобына немесе жеке салаларына сай бір-
де-бір салиқалы еңбек жоқ. Дей тұрғанмен, қазақ тіл білімінде
сөйлем мүшелері туралы үш түрлі көзқарас бар.
1) Кейбір тілші ғалымдар осы күнгі сөйлем мүшелерінің сақ-
талу принципін айта келіп, оларды жаңа атаулармен толықтыр-
ғысы келеді; 2) Ғалымдардың екінші бір тобы жалпы қазіргі
қолданып келген сөйлем мүшелерінің аттарын жалпы алып тас-
тап, оның орнына жаңаша атаулар енгізуді көздейді; 3) Ғалым-
дардың үшінші бір тобы сөйлемнің тұрлаулы мүшесін ғана сақтап,
тұрлаусыз мүшелерді жалпы алып тастауды ұсынады.
Осылардың ішіндегі жалпы сөйлем мүшелерін алып тастау
мен тұрлаусыз мүшелерді жою керек дейтін пікірлерін ескерсек,
қазіргі сөйлем мүшелерін топтау грамматикалық бөлуге емес, ло-
гикалық бөлуге саяды. Біріншіден, сөйлем мүшелерін топтаған
кезде көбіне сөздердің мағыналық жағына баса назар аудару
жағы басым. Екіншіден, сөйлем мүшелерінің өзара жігі толық
ашылмайды деген қағидаларға əкеліп соғады. Сөйлем мүшелерін
топтастырудағы осы сияқты көзқарастар қазақ тіл білімінде
1936-37 жылдары орын алған еді. Жалпы, тіл білімінде сөйлем
мүшелерін айқындауда мына принциптер басшылыққа алына-
ды. Біріншіден, сөйлем мүшесін жалпы мағыналық жағынан қа-
растырады. Екіншіден, сөйлем мүшелерін грамматикалық жа-
ғынан, яғни əрбір сөйлем мүшесі белгілі бір сөз таптарынан жа-
салуын негізге алады. Мысалы: зат есім атау, тəуелдік, көптік
жалғауларда бастауыш болады. Үшіншіден, синтаксистік жағынан,
яғни қай сөйлем мүшесі қай сөйлем мүшесімен анықтауыштық,
толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста екендігі негізге алы-
нады.
398
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
4. Грамматика салаларының даму процесі
Адамзат тарихында сөз бірден пайда болған жоқ. Тілші ға-
лымдардың зерттеулері мен түрлі археологиялық тарихи дерек-
терге қарағанда, алғашқыда адамдар бір-бірімен ымдасу арқылы
қатынас жасаған. Сол ым тілі адамдардың, тайпа-тайпаның қа-
рым-қатынас жасауының бірнеше ғасырдағы өзіндік құралы бо-
лып келді. Леви Брюльдің көрсетуінше, америкалық үндістер
мен австралиялық кейбір халықтардың осы кезде де ым тілімен
сөйлесетіні анықталып отыр [7,108]. Ым тілінің арқасында ды-
бысты тіл пайда болды. Дыбысты тілдің пайда болуына алдымен
адамдардың еңбекке үйренуінің, еңбек арқылы өзінің қажетін,
мұң-мұқтажын іске асыру мүмкіндіктерін жəне басқа да адамдар-
мен қарым-қатынас жасау ниеті басты себеп болса керек.
Дыбысты тілдің негізінде сөз пайда бола бастады. Əрине,
сөздің пайда болуы адам баласының тіршілігі үшін үлкен жеңіс,
зор табыс болғаны айқын. Сөздің пайда болуы адам баласының
қоғамдық өмірінде де үлкен өзгерістер жасады. Сондықтан
адамның сөйлеуінің өзі жылма-жыл дамып, өзгеріп, шыңдалып
отырды. Адам баласының қоғамдық өмірінің жалпы дамуы-
мен бірге оның сөйлеу процесінің қалыптасуы бұрынғы, қазіргі
зерттеушілердің назарынан тыс қалған емес. Сондықтан да қай
уақыттағы зерттеушілер болмасын сөйлеу процесінің қалыптасу
мəселелеріне өзіндік үн қосып, сан алуан болжамдар жасап келеді.
Осы мəселемен айналысушы ғалымдардың біз мына мəселелеріне
ғана пікір айтуды жөн көрдік. Біріншіден, грамматикалық мор-
фология мен синтаксис салаларының тарихи қалыптасу негізінде
морфология мен синтаксистің қайсысы алғаш бастау алды. Екін-
шіден, сөйлемдердің алғашқы қалыптасу кезіндегі сөз саны, он-
дай кездегі интонацияның қатысы жəне сол сөйлемдердің сөз тап-
тарына қарай көрінісі (есімді ме, етістікті ме) деген мəселелерге
қысқаша болса да шолу жасап өтпекпіз.
1. А.А. Потебня «Первое слово есть уже предложение» дей
келіп, грамматиканың синтаксис бөлімі алғаш қалыптасқанын
дəлелдейді де, онан əрі сол сөйлемдердің өздерінің қай сөз тап-
тарынан жасалғандығы жəне бастауыш, баяндауыштардың қай-
сысының бұрын қалыптасқаны туралы пікір айтады [8,46].
399
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Ф.И. Буслаев грамматиканың тіл туралы ғылым екенін айта келіп,
грамматиканы этимология жəне синтаксис деп бөліп, ол екеуінің
тарихи қалыптасуына келгенде синтаксистің алғашқы екенін
мойындайды. Автор грамматиканы этимология жəне синтаксис
деп бөлгенімен, олардың аражігі өте тығыз байланысты дейді.
Əсіресе, септік жалғаулары туралы айта келіп, бір форманың өзін
əрі морфологиялық, əрі синтаксистік дəрежеде қарау керек деген
пікірі, шындап келгенде, өте орынды. Өйткені септік жалғаула-
рын морфологиялық категория ғана деу бұл мəселені біржақты
қараудан туындаса керек. Сонда ол жалғаулар морфологиялық
зерттеу объектісі болғанымен, синтаксисте де басты орын алаты-
ны белгілі. Н.Я. Марр синтаксис туралы еңбектерінің кейбірінде
айтқаны болмаса, арнайы түрде бұл мəселе жөнінде еңбек жазба-
ған. Бірақ И.И. Мещанинов Н.Я. Марр туралы айта келіп бы-
лай дейді: «Сөз бен сөйлемнің байланысын мойындай келіп,
Н.Я. Марр ізденістерінің қорытындысында: бірінші сөйлем мүше-
сін анықтау, одан соң сөз таптарын қалыптастыру жүрді, – деген
талассыз қорытындыға келді. Сондықтан жетекші орынға лек-
сиканың белгілі жағы тəуелді болатын синтаксис алынады»
[9,5].
Ал Н.Я. Маррдың өз сөзімен айтсақ, бұл мəселе туралы былай де-
ген еді: «Сөз таптары əлі болған жоқ. Бірте-бірте сөйлем құра-
мынан қимыл-қозғалысы, яғни етістікке негіз болатын атаулар
бөлініп шығады...» [10,417]. Ендігі бір тіл зерттеушісі И.Д. Ан-
дреев: «Не бореальды, не ежелгі үндіеуропалық арғы тілдерде
сөз таптары болған емес. Оның орнына қарапайым синтаксис
қолданылды», – дейді [11,289]. Ал қытай тілінде грамматика тек
синтаксистен ғана тұрады, ал морфология тіпті жоқ деген де
пікірлер айтылып жүр [12,58 ].
Тілші ғалымдар алдымен синтаксис қалыптасқанын жан-
жақты дəлелдей келіп, енді ол синтаксистік қасиет жеке сөздер
арқылы берілді ме, жоқ, бірнеше сөйлемде болып келді ме?» деген
сұраққа жауап іздейді. Бұл мəселе жөнінде, əрине, көбіне алғаш-
қы сөйлемдер туралы, оның саны туралы мына пікірлерге назар
аударуға болады. А.А.Шахматов жеке сөзді сөйлем туралы айта
келіп, сол жеке сөздің өзі əрі сөйлем мүшелері, əрі сөйлем де бола
алатынын баса көрсеткен болатын
[13,37]. Осы пікірді Hermann
Раuт те қолдайды[14,129]. Алғашқы кездегі сөйлемнің бір сөздегі
400
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
жəне оның көптеген тілдік категорияларды қамтитыны тура-
лы И.И. Мещанинов: «Сөздің бастапқы кезеңінде бір дыбыстық
жиынтық аяқталған сөйлемді білдірсе, онда мұндай жиынтықтан
бастауышты, баяндауышты, толықтауышты ажырату қиынға
соғады», – дейді [15,21]. А.А. Потебня алғашқы сөйлемдердің
құрамы туралы айта келіп: «Первообразное словесно-одночленное
предложение, иначе – первообразное слово языка, каков язык на-
чинающих говорить детей, предикативно» – десе [12,45], А. Попов
ол сөйлемдердің қай тұлғаларда келетініне де баса назар аудара-
ды. Ал С. Аманжолов: «Алғашқы сөз шыққан кезде, сөйлем осы
күндегідей бірнеше сөзден құралмаған. Əр сөз, əр əріп (дыбыс)
бір сөйлемнің қызметін атқара алатын болған. Оның себебі ол
кездегі дыбыстар шоғырмалы (диффузды), сөздер көпмағыналы
еді, оның үстіне сөз тым аз еді»,
– деп айтқан болатын [16,17].
Алғашқы кездегі сөйлемдердің құрамы, əсіресе, оның бір-ақ сөз-
ден құралатыны туралы мəселе бала тілінің синтаксисін зерт-
теу барысында тағы да айқындала түсетін сияқты. Бұл жөнінде
О. Есперсен [17,417], А.Н.Гвоздев [18,30] еңбектерінде бала-
лардың 1 жыл 8 айға дейінгі аралықта бір-ақ сөзді болатыны баса
айтылған. Мұның өзі балалардың тілінің қалыптасуы да, түптеп
келгенде, тарихи қалыптасудан онша алшақтап кетпейтінін бай-
қатқандай.
Міне, бұл пікірлер тілдің шығуы туралы арнайы зерттеушілер
мен бала тілін зерттеуші ғалымдардың «алғашқы сөйлеу жеке
сөзді сөйлемнен болғанына» күмəн келтіртпейді. Алғашқы сөз
көбіне сөйлем дəрежесінде болды деген пікірмен бірге, кейде
жалпы алғашқы сөзді сөйлемдерде синтаксистің қатысы туралы
қарама-қайшы пікірлер де баршылық. Бала тілін зерттеушілер мен
алғашқы сөйлеу кезінде ешқандай да грамматика жоқ деушілердің
бір тобы жалпы қазіргі сөз таптарына жатпайтын сөздер болды
десе, екінші бір ғалымдар, ең алдымен, үстеу пайда болды дейді,
үшіншілері екі сөз табы пайда болды дей келіп, оны не атай ал-
майды. Əрине, олардың əрбір сөз жеке сөйлемнің қызметінде
жұмсалды деуін толық қолдауға болады. Оның тарихи себептері
бар. Біріншіден, алғашқы дыбыс тілі шыққан кезде сөздер даму
жағынан өте тапшы бол ды. Екіншіден, ол сөздер лексикалық
жағынан ғана қажет бол ды ма, жоқ əлде, сол аз сөздердің өзі
401
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
бір адам мен екінші адамның немесе бір топ пен екінші топтың
арасында қарым-қатынас құралы ретінде пайда болды ма деген
мəселе туындайды. Сөздердің аз кезінде сол бір сөзді сөйлемдер
өз уақтысында белгілі дəрежеде қызмет етті. Бірақ осы бір сөзді
сөйлемнің болуы үшін олардың қай сөз таптары жағынан да, яғни
не есім, не етістікті болу тұрғысынан, əсіресе, бала тілін зерттеу
арқылы ең бірінші сөйлемдер есімдер екеніне баса назар ауда-
рылмайды. Есімдердің сөйлем ретінде жұмсалуы морфологиялық
көрсеткішсіз-ақ бір уақыттарда жұмсалса керек. Ал бір сөзді
есім сөздер сөйлем бола ала ма? Оның сөйлем болу үшін не
баяндауыштық, не сөйлемдік формалық белгілері болмағаны
айқын. Міне, бұл жағы да ойлануды қажет етеді. Негізінде бір
сөзді есімді сөздер сөйлем дəрежесінде жұмсалу үшін мына
фактіге де баса назар аудару қажет сияқты. Бір сөзді есімді сөздер
ешбір формалық белгісі болмағанымен, оған екінші фактор се-
беп болуы тиіс дейтін қорытынды жасау керек болады. Ондай
фак тор – интонация. Қазіргі кезде интонация ғылыми дəрежеде
жан-жақты зерттелінуде. Ол синтаксистік категорияның барлық
саласына толық енді. Оның сөйлемнің мағынасын ажыратуда,
сөйлемнің ішкі процесінде немесе бір сөйлемнің ішіндегі əртүрлі
сөздерге байланысты бірде жоғары, бірде төмен айтылуы да əрбір
сөздегі екпін тəрізді өзіндік орын алса керек. Тіпті, интонация жай
сөйлемдерде ғана емес, құрмалас сөйлемнің əрбір түрінің өзінде
əртүрлі айтылатыны да бірінде ұластырушы, бірінде ажыратушы
қызмет атқарады. Кейде ондағы интонациялық кідіріс құрмалас
сөйлемнің баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай
біртүрлі болса, ал салалас құрмалас сөйлемде де оның жалғау-
лықты, жалғаулықсыз сөйлемдерінде түрлі болатындығы айқын.
Міне, интонацияның осы сияқты ерекшеліктері арқылы сөйлеу
процесінде ескертуді, нақтылауды, өтінуді, хабарлауды, бұйы-
руды, салыстыруды, сұрауды, қорқытуды, т.б. бірнеше мағына
бере алатын дəрежеге ие боламыз. Сондықтан да қазіргі кезде
тілдік категорияларды айта келіп, соның бəріне ортақ тағы бір
тілдік категория ретінде интонацияны баса көрсеткіміз келеді.
Қазіргі кезде интонация сөйлем құрылысының əбден жетілген
кездегі бір əдісі арқылы танылып, соңғы кезде оның рөлі ерекше
қолға алынып отыр. Профессор В.А. Артемов тəжірибе арқылы
402
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
«осторожно» деген бір сөз 22 түрлі интонациямен айтылатынын
көрсетеді [19,13]. Интонацияны жалпы сөйлеу процесімен де
тығыз байланысты қарауымыз керек. Жоғарыда айтылғандай, ең
алғашқы сөйлемдеріміз, яғни адамдардың алғашқы кездегі бір-
бірімен қатынасы бір сөзді сөйлемдер арқылы жүзеге асты деген-
де, сол бір сөзді сөйлемдерде предикативтілік көріністі жасауда
тек интонация арқылы көрсетпесек, жеке сөз өз алдына сөйлем
дəрежесіне көтеріле алмаған да болар еді. Яғни алғашқы сөздер
сөйлемдік дəрежеге ие болуы тек интонацияның қатысы арқылы
ғана жүзеге аса алады.
Бала тілінің синтаксистік ерекшелігін арнайы зерттеген
Т.Т. Аяпова: «Бір сөзді сөйлемдер 48 қазақ баласының тілінде 55
бір типті жеке сөзді түбір сөздер болған», – дейді [20,6]. Балалар
тілінің алғашқы қалыптасуы «қарапайым синтаксис» дəреже-
сінде болса, ал тілдің де алғашқы қалыптасуы осы дəрежеде
болды деп білеміз. Оның үстіне қазіргі бала тіліндегі бір сөзді
сөйлемдердің өздерінің көп болса 48 баланың тілінде небəрі
48-ақ бір типті жеке сөйлемдер бар екені дəлелденсе, алғашқы
қоғам кезінде де осы дəрежеде деп айту дұрыс болар. Бірақ
Т.Т. Аяпова осы бала тіліндегі бір сөзді сөйлемдер туралы ғана
айта келіп, алғашқы кезде сөз таптары болған емес, бір дегеннен
синтаксис пайда болып, тек бала тілінің шығу барысы сөйлем
арқылы көрінеді деп мəселені біржақты ғана қарастырады. Ол
жеке сөз сөйлем болды дегенмен, дəл осы арада сол жеке сөздің
сөйлем болуы мүлдем жеткіліксіз екенін ашып айта алмайды. Тек
бала тілінде синтаксистік ерекшелік басым деумен шектеледі.
Шынында, оның бұл сөзі дұрыс болар. Бірақ сөздер сөйлем болу
үшін, біздіңше, міндетті түрде интонацияның қатысы керек,
ол оны сөйлем дəрежесіне жеткізе алады. Біздің бұл ойымызды
қазіргі тілдік фактілер дəлелдей алса керек.
5. Сөйлем мүшелері, олардың жасалу жолдары
Бұған дейін сөйлемді құрайтын элементтер деген бөлімде бұл
мəселеге қатысты көптеген жайттарды айттық. Дегенмен сөйлем-
ді құрайтын элементтер мен сөйлем мүшелері негізінен бірыңғай
болғанымен, əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де баршылық.
403
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сондықтан бұл арада біз сөйлем мүшелерінің жасалуын жеке
алып, оны мынадай топтар арқылы беруді жөн көрдік:
1. Негізгі сөз таптарының сөйлем мүшесі болуы;
2. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы
сөйлем мүшесі болуы;
3. Негізгі сөздер шартты райлы болса, етістігінің тіркесі ар-
қылы болған сөйлем мүшесі;
4. Тұрақты тіркесті сөйлем мүшелері;
5. Бір сөздің қайталануы арқылы сөйлем мүшелерінің болуы;
6. Сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуы;
7. Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері;
8. Жеке дыбысты сөйлем мүшелері.
Осылардың ішіндегі ең негізгісі – дербес мағынасы бар сөз
таптарының сөйлем мүшесі болуы.
Сөздердің сөйлем элементі болуының өзін үлкен екі топқа
бөліп қарастыру керек. Біріншіден, сөздер сөйлемге енгенде
морфологиялық жағынан түрліше өзгеріп барып жұмсалады. Он-
дай сөз таптарына зат есім, есімдік (жіктеу есімдігі мен өздік
есімдігі), субстантивтеніп барып жұмсалатын сын есім, сан есім,
есімше қатысты. Керісінше, сын есім, сан есім, есімше, үстеу,
еліктеуіш сөздер морфологиялық өзгеріске көп ұшырамай-ақ
көбіне таза күйінде жұмсалады. Бұған қарағанда сөйлемге эле-
мент болатын сөз таптары əрі меңгеріле, əрі матаса байланысуға
бейім болса, екінші сөз таптары көбіне қабыса байланысқан сөз
тіркесінде ғана жұмсалатындығын көруге болады. Бұған қа-
рағанда, сөйлемге енетін сөз таптарының өзі табиғи жағынан
түрлі морфологиялық өзгерістерге түсіп барып сөйлем де жұм-
салуға тиіс болса, керісінше, кейбір сөз таптары тек орын тəртібі
арқылы ғана қатысады. Бірақ сол орын тəртібі арқылы ғана сөз
таптары ретіне қарай морфологиялық өзгеріске ұшырап та жұм-
сала береді. Бұл олардың əрқайсысының негізгі морфологиялық
қасиетін көрсетсе, екіншіден, сол сөз таптарының өзі қаншалықты
сөйлемге элемент болады делінгенмен, бір сөз табының өзі
ретіне қарай арнайы түрде элемент болып жұмсалады. Кейде
сол сөз табы немесе сол сөз табына қатысты жеке сөздер екінші
бір қасиетке ие болып, ол дəрежеде жұмсала ал майды. Бұл
қасиетіне келгенде əр сөз табына жататын əрбір сөздің сөйлем-
404
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
дегі қатысын тағы да екі топқа бөліп көрсетуге болады. Мəселен,
Заводтың коллективі – жұмысшылар, инженерлер, техниктер –
бұл заказды тез орындауға шұғыл кірісті («Социалистік Қа-
зақстан»). Менің əкем хирург-дəрігерлердің съезіне қатысты
(«Лениншіл жас»). Сейдехан болыс Құрбан ұстаны əулетімен осы
Шеңгелдіге асырып жіберген (А. Тоқмағанбетов). Өлеңім, шарла
ауылды. Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл). Асылында, тəртіпті
оқушы ғана программадағы көрсетілген білімді толық, терең
меңгере алады («Қазақстан мұғалімі»). Апыр-ау, ер көңілді бір
адамның шықпағаны ма бұл (Ə. Əбішев).
Осы сөйлемдерде асты сызылмаған барлық сөздер (көмекші
сөздер қатыссыз) жəне асты сызылған сөздер екі топ болып сол
сөйлемдерді құрауға негіз болып отыр. Осы сөйлемдердегі завод,
коллектив, бұл, заказ, орындау, тəртіп, ауыл Жамбыл, толық,
көңіл, шұғыл, адам, программа, т.т. сөздер мен жұмысшылар,
инженерлер, техниктер, хирург, дəрігерлер, дала, өлеңім, асы-
лында, апыр-ау, болыс сияқты екі топты сөздердің сөйлемге қа-
тысын екіжақты қарастыру керек. Бірінші топтағы сөздер сол
сөйлемдерге тікелей қатысты. Ол сөздер сол сөйлемдерде орын
тəртібі өзгертіліп те, өзгертілмей де, түрлі морфологиялық құ-
рамда сөйлемнің ең негізгі басты элементі ретінде қолданылған.
Ол сөздердің əрбірі сол өзі қатысқан сөйлемге негізгі элемент
болып табылады. Жалпы, ол сөздер тілімізде белсенді түрде
сөйлем құрауда жиі қолданылады.
Екінші топты сөздердің өзін іштей айқындауыш, оқшау
сөздер деп топтайтынымыз белгілі. Бұл сөздер де – мағына жа-
ғынан дербес мағыналы сөздер. Олар да сөйлемге элемент бо-
лып жұмсалғанымен, алғашқы топтағы сөздерге қарағанда ондай
еркінділік жоқ, ол сөздер өзінен бұрынғы немесе бүкіл сөйлемге
қатысы жағынан ерекшеленеді. Алдыңғы топтағы сөздер сөйлемді
құрауға еркін қатысады əрі ол сөздер бірімен-бірі тығыз бай-
ланысты, ал айқындауыш сөздердің қай-қайсысы болса да
орын тəртібі жағынан да, мағыналық жағынан да өзі қатысты
сөздерге бағынышты, олай болса олар сөйлем құраудың элементі
делінгенімен, өз бетінше тікелей жұмсала алмайды.
Ал үшінші топтағы оқшау сөздерде сөйлем құраудың тың
элементі ретінде бұл екі топтан өзгеше ерекшелігі бар. Алдыңғы
405
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
екі топтағы сөздер сөйлемде еркін немесе бірі екіншісіне іргелес
тұруы арқылы байланыса барып жұмсалса, оқшау сөздер сөйлемге
элемент болуы сөйлемде жеке бір сөздерге қатысы арқылы жүзеге
асады. Бұған қарағанда, сөйлем құраудағы басты тұлға делінетін
сөз таптарының өзі сөйлемге элемент болуда арақатынасы бірдей
емес екендігін көруге болады. Мұның өзі ол сөз таптарының
қолданудағы ерекшелігінен туса керек.
Сонда бір сөздер сөйлемге арнайы элемент ретінде жұмсалса,
енді бірде ол сөз ретіне қарай жанама немесе көмекші қызмет
атқаратынын көруге болады. Əрине, бұл жерде одағай, қыстырма,
қаратпа сөздердің де сөйлемге қатысында іштей ерекшеліктері
бар екені айқын. Ал ол сөздерге қарағанда дербес мағыналы не-
месе оларға түйдектеліп жұмсалатын көмекші сөздердің қатысы
бірдей деп айта алмаймыз. Сонымен, сөйлемге элемент ретінде
қатысатын сөздер дара тұрып та немесе бір сөзге селбесіп те
бүкіл сөйлемнің өн бойына қатыстылығы арқасында ғана эле-
мент бола алады екен. Бірақ біз бұл жерде негізінен сөз таптары
туралы ғана сөз етіп отырмыз. Ал сонда сөйлемге элемент болу
тек сөз таптарының үлесіне ғана тиеді ме? Сөйлем тек солардан
ғана құралады ма? Шындап келгенде, сөйлем құрауда сөз таптары
70-80% басты тұлға болғанымен, кейде оның аясын кеңейтуде
басқа сөздердің де қатысы айқындалуы керек.
Синтаксистің көптеген мəселелері жете зерттелгенімен, оған
фразеологиялық бірліктердің қатысы арнайы зерттеу объектісі
болған емес. Фразеология мəселелері бұрыннан зерттеліп келе
жатқанымен, оның қарқынды түрде қолға алынуы – соңғы кез-
дің жемісі. Фразеология туралы 500-ден астам мақала жария-
ланған екен. Осы көрсетілген еңбек ішінде орыс жəне түркі тіл-
дерінде де жазылған мақалалар мен жекелеген еңбектер бар
[21, 225-308]. Қазақ тілі материалдары негізінде фразеология-
лық бірліктер туралы көптеген мақала, еңбектер жазылды. I. Ке-
ңесбаевтың еңбектерінде фразеологиялық бірліктің синтаксистік
жағы онша айтылмаған
[22,491]. Сондай-ақ Р. Сəрсенбаев [23]
пен Ө. Айтбаевтың [24] еңбектерінде фразеология тек бірлік
аспектісінде ғана зерттелініп, олардың синтаксистік ерекшеліктері
сөз болмайды.
Ал Т. Қордабаев, X. Қожахметова [25], М.М. Копы-
ленколардың еңбектерінде тұрақты тіркестердің сөйлем мүшесін-
406
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
де жұмсалуы айтылады. Сонымен, жалпы фразеология туралы
шыққан еңбектерге шолу жасай келгенде, біріншіден, ол еңбектер
өте көп, екіншіден, олардың 99 пайызы таза фразеологиялық
аспектіде жазылған, үшіншіден, синтаксистік өзгешеліктері ту-
ралы жазыл ған еңбектерде көбіне тек сөйлем мүшелері тұрғысы-
нан баяндау басым.
М. Балақаев сөз тіркестері, оның ішінде түйдекті тіркестердің
жасалу жолының бірі тұрақты тіркестер дей келіп, қазақ тіл
білімінде тұрақты тіркестердің сөз тіркесінің бір сыңары
қызметінде жұмсалатындығын алғаш рет дəлелдеп берді. Бірақ
автор ол мəселенің ішкі ерекшеліктерін ғана айтып, тұрақты
тіркестердің сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде ғана
жұмсалатындығын ескертумен қанағаттанады
[26,32]. Тілдік
фактілер əр уақытта да бір-бірімен тығыз байланыста қолдануға
тиіс десек, фразеологиялық бірлік те (ФБ) тілдің басқа салалары-
мен тығыз байланысты. Ол сол тілдік фактілер ішінде синтаксис-
тік, оның ішінде сөйлем мүшесімен де, тіпті сөйлем түрлерімен
де тығыз байланыстылығы жоғарыдағы аталған еңбектерде
ескеріліп отыр. Біздің байқауымызша, фразеологиялық бірліктер –
тек сөйлем мүшесі ғана емес, сол сияқты сөз тіркестеріне де
қатысы бар категория. Оның өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпы,
жоғарыда аталған еңбектердің ішінде фразеологиялық бірліктер-
дің көбіне сөйлем мүшесіне қатысы көбірек айтылады да, олардың
сөз тіркесіне катысы тек З.В. Валюсинская-Донскова [27] мен
В.П. Жуковтың мақалаларында аздап сөз болады.
В.П. Жуков ФБ-ның сөз тіркесіне қатысы туралы былай дейді:
«Лексикалық бірліктер сияқты фразеологизм де меңгерілуге
бейім. Тіпті, басқа сөзбен қиыса да, қабыса да байланысады. Басқа
сөздерге қарағанда оны бөлшектеуге келмейді, ол біртұтас нəрсе» –
деп, сөз тіркесінің белгілі бір байланысу формасында жұмса-
латындығын көрсетеді
[28]. Жалпы, сол мақалалардағы негізгі
пікір ФБ-ның сөйлем мүшесі болатындығын тіл фактілерімен
дұрыс дəлелдейді. Бірқатар авторлар ФБ-ны бастауыш қызметінде
жұмсалуы тиіс деп, олар қалайда сөйлемнің кез келген мүшелері
болатындығын айқындайды. Сонда тұрақты тіркестер сөйлем
мүшелерінің қызметін атқаратындығы айқын десек, арнайы
сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын категориялардың сөз
407
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
тіркесіне де қатысы айқындалуы тиіс. Өйткені сөз тіркесі мен
сөйлем мүшелерінің қызметінде ұқсастықтарының барлығы
белгілі. Екеуі де өз тұрғысынан сөйлемнің аясын кеңейтіп, ойды
жеткізуде бірдей қызмет атқарады. Сөз тіркесінің сыңарларына
қойылатын шарттардың бірі – олардың бағыныңқы сыңарлары-
ның анықтауыштық, толықтауыштық жəне пысықтауыштық қа-
тынаста жұмсалатындығы (қызыл орамал, кітапқа құмар, бүгін
келді). Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарлары басыңқы сыңар-
ларымен қабыса, меңгеріле байланысады десек, олар синтак-
систік қызметі жағынан анықтауыштық, толықтауыштық, пы-
сықтауыштық қызметте жұмсалады. Мысалы: Сол сияқты Сейіт-
құлдың үйінде бір ай жатқан жігіт қарға адым жердегі Бархан-
ның баспанасына бас сұққан жоқ («Жұлдыз»). Оның үстінен
өтетін үлкен көпір қол созым жерде. Қас қарайған кезде үйге
кірісті (Б. Майлин).
Осы сөйлемдерде қарға адым жер, қол созым жер, қас қа-
райған кезде тұрақты тіркестері бар. Сөйлем мүшесі жағынан
қарға адым жердегі жұрнағы арқылы Бархан сөзінің анықта-
уышы, қол созым жерде тұрақты тіркесі сол сөйлемнің баяндауы-
шы жəне қас қарайған кезде пысықтауыш қызметінде жұмсалған.
Бұған қарағанда, тұрақты тіркестер сөйлемнің кез келген мүшесі
қызметінде жұмсалады. Сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала ала-
тын мұндай оралымдар сол тобымен сөз тіркесінің де бір мүшесі
қызметінде жұмсала алады демекпіз. Сонда ФБ сөйлемде сол то-
бымен жеке сөз таптарының қызметіне ұқсас дəрежеде болады.
Олар сол тобын жазбай, өзара түйдекті тіркес тобын құрайды. Сол
түйдекті тобымен сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық
байланысқа еніп, сөз тіркесінің байланысу формаларының барлы-
ғында да жұмсала береді. Жоғарыдағы қарға адым жер тұрақты
тіркесі Бархан сөзімен қабыса, қол созым жерде тұрақты тіркесі
көпір сөзімен қиыса, қас қарайған кезде тұрақты тіркесі кірісті
етістігімен қабыса байланысқан.
ФБ құрылымдық ерекшеліктеріне қарай əртүрлі топталады.
Н.Н. Амосова ФБ-ны ішкі құрылысына қарай топтауда сөйлем
мүшесі тұрғысынан да, сөз тіркесі тұрғысынан да екіжақты бірдей
қарастырады
[29,121-147]. В.П. Жуков «глагольные фразеологиз-
мы, наречные фра зеологизмы, именные и предикативно-именные
408
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
фразеологизмы» деп бірде сөз табы, бірде сөйлем мүшесі жағы-
нан топтаса [30,84], А.И. Молотков «есімді, етістікті, субъективті,
адвервиальды, етістікті-пропозициалды» деп сөз табы жағынан
топтайды [31,8]. Əрине, оларды ішкі ерекшелігіне қарай бұлай
топтау сөз тіркесі мен сөйлем мүшесі жағынан қарастыру үшін
ыңғайлы-ақ. Біздің байқауымызша, ФБ жұмсалу ерекшелігіне
қарай бірнеше нұсқада жəне жеке сөйлемдік түрде ғана қол-
данылады.
Достарыңызбен бөлісу: |