Картоп және көкөністер: шикі, асылған, бұқтырылған, пісірілген
көкөністер пайдаланылады; алдын ала жидітілгеннен кейінгі тағамдағы
басты пияз; тұщы ашытқан қырыққабат, пікен қызанақтар, жасыл бұршақ,
бақшалылар; майдалап туралған көк пияз және шикі басты пиязға салаттар
мен винегреттерге қоспа ретінде рұқсат беріледі.
Жармалар және макарон өнімдері: түрлі жармалардан, әсіресе, арпа
және қарақұмық жармасынан ботқалар, кептірілген жемістерден, сәбізден
палау; сәбіз және сүзбемен пудингтер; ірімшік, жұмыртқа қосылған
қарақұмық ботқасы, қайнатылған макарон өнімдері.
Жұмыртқалар: тек қандай да бір тағамдардың құрамында ғана, ал
сарыуызын тұтыну күніне 1 данадан ғана рұқсат етіледі. Жұмыртқа
ақуыздарынан буландырылған немесе пісірілген омлет жасайды.
Сүт және сүт өнімдері: табиғи, құрғақ, қойылтылған сүт, қышқыл сүтті
балғын сусындар (ацидофилин, айран, майлы айран), тұщы, майлы,
жартылай майлы, майсыз сүзбе және одан дайындалатын тағамдар –
пісірмелер, варениктер, буланған немесе пісірілген пудингтер; 6%
майлылықтағы қаймақ (тағамдарға қосуға), кілегей, сүт. Майлы сүзбе, тұзды,
майлы ірімшікке шектеу қойылады.
Майлар: табиғи түрдегі және тағамдағы сары май және тазартылған
өсімдік майы.
Балық: асылған майсыз үлес түріндегі, қайнатылғаннан кейін піскен;
сорпа құйылып ұйыған (көкөніс қайнатпасындағы желе); котлет массасынан
жасалған өнімдер – кнель, бұршақ ет, суфле, турама толтырылған балық.
Ет және құс еті: майсыз, өрескел жалғанбалы ұлпасыз қайнатылған
немесе қайнатылғаннан кейін пісірілген түрдегі сиыр еті, тауық еті, қоян еті,
күркетауық еті. Үлесті бөліктер және котлет массасынан өнімдер. Голубцы,
қайнатылған еттен палау, сүтті шұжықшалар рұқсат етіледі.
Тұздықтар: қаймақты, сүтті, жеміс-жидекті және көкөніс қайнат-
пасындағы. Ұн мен тамырсабақтарды аунатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |