Тұздықтар: қызанақ, сүтті, қаймақты – шектеулі түрде.
Жемістер, жидектер, тәтті тағамдар: қышқыл және қышқылтым-
тәтті жемістер мен жидектер табиғи және компот, желе, мусс түрінде
ксилитте немесе сорбитте не болмаса қант алмастырғышсыз.
Сусындар: шай, сүтпен шай, сүтсіз кофе және сүтті кофе, ксилитпен
немесе сорбитпен, томат шырыны, қышқыл сұрыптардан жеміс-жидекті
шырындар.
14.2.7. №9 диета
Жалпы сипаттама. Қант диабетінде көмірсу алмасуын қалыпқа келтіру
және май алмасудың бұзылуын ескерту үшін тағайындалады. Бұл диета
келесідегідей сипатқа ие:
жеңіл сіңірілетін көмірсулар едәуір, майлар және ет пен балықтың азотты
сығып алынған заттектері орынды шектеледі;
қант пен тәттілерге шектеу қойылады, тәтті тағамдар мен сусындарға
ксилит немесе сорбит пайдаланылады, не болмаса тағамдарды тәтті емес етіп
әзірлейді;
липотропты заттектер, дәрумендер (сүзбе, майсыз балық, теңіз өнімдері,
көкөністер, жемістер, бүтін дәндерден жармалар, ірі ұнтақталған ұннан
пісірілген нан) мөлшері ұлғаяды;
өнімді қайнату мен пісіру тиімдірек, қуыру (қайнатылғаннан кейін) мен
бұқтыру – сирегірек; ұн мен көкөністерді шала қуыру тиімсіздеу.
Құрамындағы қантты алу үшін сәбіз, шалқан және тарнаны алдын ала
туралған күйде қайнатып немесе сулайды.
Ыстық тағамдардың температурасы 75°С-тан жоғары, салқын тағам-
дардың температурасы 15°С-тан төмен болмауы тиіс.
Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды дайындаудың тәсілдері. Нан және ұн өнімдері: корта есеппен күніне 300 г-нан қарабидай, ақуызды-
бөлектелген, ақуызды-бидайлы 2-сұрыптан дайындалған нанға кеңес
беріледі. Майқоспасыз ұнды өнімдерді нан мөлшерін азайту арқылы
пайдалануға болады.
Салқын тағамдар: винегреттер, балғын көкөністерден салаттар, кәді
немесе көкөніс қоспаларынан икра дайындайды; докторлық және диеталық
шұжықтар, сорпа құйылып ұйыған балық, майсыз сиыр етінен істелген