5
1
ТАРАУ
ӘРТҮРЛІ ҮЛГІДЕГІ
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ҮДЕРІСТЕРІ
1.1.
Технологиялық үдерістердің түрлері
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық үдерісі –
өнімді өндіру, іске асыру және оны қолдануды ұйымдастырудағы операция-
лардың жиынтығы.
1.1-сур. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының толық
технологиялық үдерісінің сызбасы
6
1.2-сур. Дайындау кәсіпорнының технологиялық
үдерісінің сызбасы
Өндірістік-сауда қызметінің ерекшелігіне байланысты кәсіпорындарды
толық және қысқарған технологиялық үдерісті деп ажыратады. 1.1-суретте
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының толық технологиялық үдерісінің
сызбасы көрсетілген.
Толық даярлау, жабдықтау кәсіпорындарында шикізат пен дайындығы
жоғары деңгейдегі шала фабрикат өнімдері және орталықтандырылған
өндірістегі дайын салқындатылған өнімдер, технологиялық үдеріс
сызбасындағы кезеңдердің саны азайтылмайды, бірақ қойма орындары мен
дайындау цехтарының саны және сәйкесінше олардың ауданы кішірейтіледі.
Дайындау кәсіпорындарына таратушы асханалар, кафе, дәмханалар,
вагондардағы мейрамханалар жатады.
Дайындау кәсіпорнының технологиялық үдерісінің сызбасында өзіндік
ерекшелік бар (1.2-сурет). Олар – аспаздық өнімдер мен шала фабрикаттар
фабрикасы, аспаздық фабрикалар, асханалық фабрикалар, шала фабрикаттар
жасайтын мамандандырылған кәсіпорындар және т.б.
Таратушы асханалардың технологиялық үдерісінің ең қарапайым сызбасы
екі кезеңді қамтиды: өнімді тарату арқылы жүзеге асыру және оны арнайы
орында тұтынуды ұйымдастыру. Қосымша жайлардан асхана ыдыстарын
жуатын орындар қарастырылады.
|