Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



бет97/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

Жұмыртқа салаты. Жұмыртқаларды бітеу етіп пісіріп, тұздалған
қиярларды тазалайды. Жұмыртқа, қияр және басты пиязды майдалап
турайды. Дайын қышаны, майонезді қосып, араластырады.
Тәбет ашатын басытқы. Балқытылған ірімшікті үккіштен өткізіп,
үгілген сарымсақ және майонезбен дәмдейді.
Ірімшік (үлестермен). Дәстүрлі түрде тұтынушы ірімшіктің қандай да
бір түріне тапсырыс береді. Ірімшік тілімдерін басытқы тәрелкеге ақырындап
салады.
Салтанатты кештер үшін әдетте ірімшікті ассорти дайындайды.
Бақылау сұрақтары 
1.
Адам тамақтануындағы салқын тағамдардың маңызы қандай?
2.
Салқын тағамдарды дайындау үшін гастрономия өнімдерін қалай өңдейді?
3.
Балық гастрономия өнімдерінен басытқы әзірлеудің сұрыпталымы мен
технологиясы қандай?
4.
Балықтан жасалған күрделілігі жоғары салқын тағамдарды әзірлеудің
сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
5.
Гастрономиялық ет өнімдерінен басытқылар дайындаудың
сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
6.
Ет өнімдерінен жасалған күрделілігі жоғары салқын тағамдарды әзірлеудің
сұрыпталымы мен технологиясы қандай?
7.
Жұмыртқа мен ірімшіктен дайындалған салқын тағамдардың
сұрыпталымы мен технологиясы қандай?





110 
12
ТАРАУ
КҮРДЕЛІЛІГІ ЖОҒАРЫ ТӘТТІ 
ТАҒАМДАР МЕН СУСЫНДАРДЫ 
ДАЙЫНДАУДЫҢ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
12.1.
Тәтті тағамдарды әзірлеуде өнімдерді дайындау
Жаңғақтар. Фундук, грек жаңғағы, миндаль, пістені қабықтарынан
тазалап, кептіреді. Қауызын алып тастап, қуырып, ұсақтайды.
Карамельденген жаңғақтарды да әзірлеуге болады. Ол үшін қауызын
алып тастағаннан кейін оларды біркелкі бөліктерге кеседі. Табаға қант сеуіп,
кішкене су қосып (қантты дымқылдатады), орта қызуда ағаш күрекшемен
үздіксіз араластыра отырып, орта қызуда қыздырады. Қайнап жатқан
шәрбатқа дайындалған жаңғақтарды қосып, қоңыр түсті болғанша
қайнатады. Карамельденген жаңғақтарды шығарып, салқындатады да құрғақ
жерде сақатйды. Қолданар алдында оларды уатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет