Жалпы сипаттама. Бұл диета асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара
ауруы кезінде, асқазан сөлінің қалыпты және жоғары секрециясымен
созылмалы гастритте, сонымен қатар, асақазанға жасалған отадан кейін (№
1а және 1б диеталарын қолдану кезеңінен кейін). Диетаның емдік
тағайындалуы – асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығын
механикалық, химиялық және термалық тітіркендіргіштерді шектеу, асқа-
занның сөл бөлу және қозғалтқыш қызметін қалыптандыруды қамтамасыз
ету жолымен орынды есіркеу.
Механикалық есіркеу өсімдік жасұнығының мөлшері жоғары өнімдерге
шектеу қойып және шикі өсімдікті тағамдарды, қатқыл қуырылған
қабықшалар, пісірілген тағамдарды (қатқыл қабықшамен), қиын қорытыла-
тын өнімдерді және тағамдарды алып тастау жолымен іске асады. Тамақты,
негізінде, үгіп дайындайды.
Химиялық іріктеу өте қышқыл, ащы өнімдерді, дәмдеуіштерді, қуырыл-
ған тағамдарды, сығып алынған заттектерге бай сорпаларды алып тастауды
қамтамасыз етеді. Тамақ, негізінде, суда немесе буда қайнатылады.
Термалық іріктеу өте ыстық (65°С-тан жоғары) және өте салқын (15°С-
тан төмен) тағамдарды алып тастауды қамтамасыз етеді.
Калориялығы және химиялық құрамы бойынша диета толыққанды (14.1-
кестесі).
К е с т е 14.1. Жеке диеталардың тағамдық және энергетикалық құндылығы (орташа) Диетелар №
Тағамдық заттектер құрамы, г
Калориялығы,
ккал
Ақуыздар
Майлар
Көмірсулар
1
100
100
400…450
2 900...3100
2
90...100
90...100
400...500
2 900...3 000
5
85...100
80...100
400…450
2 900...3100
7
80
80...90
400…450
2 700...2900
8
100...110
80...90
150…200
1700...1900
9
100...110
75...80
300…320
2 400...2 500
10
80...90
70...75
350…400
2 400...2 700