145
Сорпаларды сары маймен, лимон қышқылымен дәмдеп, майдалап
туралған көктерді себеді.
Картоп және көкөністер: көкөністерді балғын, қайнатылған, пісірілген
түрде қолданады; картоп кеңінен қолданылады, сәбіздерден котлеттер,
бұқтырылған қызылша, асқабақ, кәділер, гүлді қырыққабат жасайды;
құрамында қымыздық қышқылы жоқ қияр мен басқа да көкөністер. Басты
пиязды шала қуыру алдында булайды.
Жармалар және макарон өнімдері: түрлі ботқалар, пісірмелер,
пудингтер, іррімшік, жұмыртқа қосылған қарақұмық ботқасы, котлеттер,
түрлі жармалардан домалатпалар дайындайды; кез келген дайындықтағы
макарон өнімдеріне рұқсат беріледі. Бұршақ тектестерден жасыл бұршаққа
жол беріледі.
Жұмыртқалар: күніне 1 данадан артық емес (шала асылған немесе
тағамдар құрамында)
Сүт және сүт өнімдері: қаймағы алынбаған, құрғақ, қойылтылған сүт,
сүтті қышқыл сусындар, сүзбе, қаймақ, кілегей. Бүйректерде кальций
тұзынан тастар түзілгенде шектеу қойылады.
Майлар: тұздалмаған сары май (ерітілген – шектеулі мөлшерде),
тазартылған өсімдік майын (зәйтүн, күнбағыс, жүгері майы) қолдануға кеңес
беріледі.
Балық: майсыз асылып, артынша қуырылған немесе пісірілген; котлет
массасынан жасалған тағамдар, турама толтырылған балық.
Достарыңызбен бөлісу: