141
қайнатылған жармалармен, вермишельмен, кеспемен, бұршақ етпен
көкөністі, саңырауқұлақты қайнатпаларда; езбе сорпалар, крем сорпалар;
көндігу қабілеттілігінде – борщ, щи, қызылша сорпасы.
Картоп және басқа көкөністер: салаттар, шырындар, қайнатпалар,
екінші тағамдарды дайындауда кеңінен пайдаланылады. Кәділерді,
қызылшаны, асқабақты, сәбізді, картопты қайнатылған, бұқтырылған және
пісірілген күйде тілімдермен, езбе, пісірме, пудинг түрінде дайындайды;
гүлді қырыққабатты қайнатылған күйде; піскен қызанақтар, майдалап
туралған көк, көндігу қабілеттілігінде – жасыл бұршақ рұқсат етіледі; ақбас
қырыққабатты сорпа, басқа көкөністермен үйлескен екінші тағамдарды
қайнатылған немесе пісірілген түрде әзірлеу үшін майдалап турайды.
Жармалар, макарон өнімдері: сүт қосылған судағы, сүйекті немесе етті
сорпалардағы ботқа, буда әбден пісірілген сұйық немесе жабысқақ ботқалар
немесе пісірілген пудингтер, буландырылған немесе қуырылған қатқыл
қабықсыз котлеттер; кеспе, жеміс не жидекті палау, ірімшік, жұмыртқа
қосылған қарақұмық ботқасы.
Жұмыртқалар: шала пісірілген, қайнатылған не қуырылған
(қабықшасыз); бітеу етіп пісірілген, майдалап туралған; буланған омлеттер,
жұмыртқа ақуызынан жасалған омлеттер.
Достарыңызбен бөлісу: