Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды дайындаудың тәсілдері



бет134/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды дайындаудың тәсілдері. 
Салқын тағамдар: балғын және ашытылған көкөністерден салаттар,
винегреттер, асылған ет, балық, балық емес су өнімдерінен жасалған
салаттар, сиыр етінен істелген сілікпе, сорпа құйылып ұйыған ет және балық.
Сорпалар: сорпаның бір үлесі – 250 г. Сорпаларды түрлі көкөністерден аз
мөлшердегі картоп немесе жарма қосу арқылы әзірлейді, щи, борщ, көк
сорпа, қызылша сорпасы. Аптасына бір-екі рет сұйық, майсыздандырылған
етті немесе балықты сорпалардағы көкөністермен, домбаймен әзірленген
сорпалар.
Картоп және басқа көкөністер: қырыққабаттың барлық түрлері,
кәділер, асқабақ, қызанақтар, қайнатылған не пісірілген шалқан;
көкөністердің бір бөлігі шикі күйде, ашытқан қырыққабат жуылғаннан кейін.
Көмірсулардың тәуліктік норма шегінде картоп, сәбіз, қызылша, тарна,
жасыл бұршақтан жасалған тағамдарға шектеу қойылады.
Жармалар, бұршақ тұқымдастар және макарон өнімдері: көкөніс
сорпаларына қоспа ретінде шамалап қолданады. Қарақұмық, бидай, арпа
жармаларынан анда-санда сол күні нанның қалыпты мөлшерін азайтып
шашыраңқы ботқалар әзірлейді
Жұмыртқалар: күніне 2 данадан асырмай, бітеу пісірілген, көкөніс
қосылған ақуызды омлет түрінде пайдаланады.
Сүт және сүт өнімдері: аз майлылықта болуы тиіс. Қаймақ тек
тағамдарды дәмдеу үшін қажет. Сүзбе – табиғи, сондай-ақ сырник, пудинг
түрінде. Ірімшіктің майсыз сұрыптары шектеулі түрде.
Майлар: көбіне өсімдік майы және сары май (ерітілген шектеулі түрде).





148 
Балық: майсыз, айрықша қайнатылған, сорпа құйылып ұйыған,
пісірілген, арасында – қуырылған.
Ет және құс еті: майсыз сиыр, бұзау, қоян, тауық, күркетауық еті ірі
және майда бөліктермен айрықша қайнатылған, сондай-ақ бұқтырылған,
пісірілген. Қайнатылғаннан кейін қуырылған ет, сиыр етінен қысқа шұжық,
диеталық шұжықша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет