147
сорбитті пайдаланады. Нанды көбіне қарабидай және ірілеу ұнтақталған
ұннан бидай, ақуызды-бидай және ақуызды-бөлектелген түрде қолданады.
Калориялықты азайту көбіне науқасқа ағза көтеруіне қиын болып келетін
үйреншікті ас мөлшерін азайтумен пара-пар келеді. Ол мөлшерді құру үшін
рационға жасұныққа бай өнімдер (көкөністер мен жемістер) немесе
жасұнықтың ерігіш эфирлері – метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлоза
және т.б. енгізеді. Бұл полисахаридтер сілікпе түзетін
қасиетке ие және
мысалға алатын болсақ, жемісті не жидекті кисельдерде крахмалды
алмастыра алады.
Бұл диетадағы маңызды ескеретін жәйт – 6 мәртелік тамақтану режимі.
Бұл қатты ашығу сезімінің пайда болуын ескертуге жол береді.
Сонымен
бірге тағамның көп бөлігі алғашқы жарты күндікте қабылданады, Оған қоса,
ақуызды және жеңіл тамақ берілетін күндерге кеңес беріледі.
Ақуызды күндерде рационға сүзбе, айран, сүт қосады; жеңіл тамақ
берілетін күндер алма, айран, алма-айран күндері болып санала алады.
Тағамдардың температурасы әдеттегідей.
Достарыңызбен бөлісу: