Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Тұздықтар: томат, сүтті, қаймақты (пиязбен не томатпен). Дәмдеуіштер және көктер



бет137/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

Тұздықтартомат, сүтті, қаймақты (пиязбен не томатпен).
Дәмдеуіштер және көктер: лавр жапырағы, ванилин, лимон қышқылы,
аскөк және ақжелкен көктері; даршын шектеулі түрде.
Жемістер, жидектер, тәтті тағамдар, тәттілер: қышқыл және
қышқылтым тәтті жемістер мен жидектер табиғи және қантсыз, ксилитпен
немесе сорбитпен компот, желе, мусс, аюбадам. Кәмпит, піспенан, ксилиттегі
немесе сорбиттегі бадамды тәтті нан рұқсат етіледі.





150 
Сусындар: шай, ксилит немесе сорбиттегі сүтті кофе; өнеркәсіп
өндірісінің томат шырыны, қышқылтым-тәтті жидектер мен жемістерден
қантсыз дайындалған шырындар, итмұрын қайнатпасы.
Шығарылады: майқоспалы және қатпарлы қамырлардан дайындалатын
өнімдер; сүрленген, майлы шұжықтар; сорпалар; ұнтақ жармасы, күріш
қосылған сүтті сорпалар; макарон өнімдері; ұнтақ жармасы, күріш ботқасы;
тәтті сүзбелі ақ ірімшік, кілегей, тұздалған ірімшіктер; баяу балқитын және
аспаздық майлар; майлы ет, құс еті, балық; майлы, ащы тағамдар және
тұздықтар; балғын және кептірілген тәтті жемістер, жидектер, бақшалылар;
қант, тосап, кәмпит, балмұздақ, бал; ұнды аспаздық өнімдер; жүзімді және
басқа да тәтті шырындар; қанттағы лимонад.
14.2.8.
11 диета

Жалпы сипаттамасы. Бұл диета туберкулезде тағайындалады. Оның
емдік мақсаты – жалпы тамақтану мен ағзаның әрекет қабілеттілігін көтеру,
оның ауруға қарсы тұруының артуына жағдай жасау.
Диетаны қолданудың негізгі принциптері:
ауру динамикасын есепке алғандағы тамақтанудың әртүрлілігі;
қатал тәртіптер мен шектеулерді тек қысқа мерзімге тағайындауға
болады;
ем алудың барлық сатыларында (стационарлық, шипажайлы, емханалық)
тамақтану сараланған болуы тиіс.
Аурудың барысы мен сатысына байланысты тағайындалатын диетаның
түрлі химиялық құрамы және калориялығымен (2600-ден 3600 ккалға дейін)
5 нұсқасы құрастырылды.
Бұл жақсартылған тамақтанудың ең алдымен рационды липотропты
заттектермен, кальций тұздарымен байыту үшін сүтті өнімдер есебінен мал
тектестердің ақуызының жоғарылатылған мөлшерімен диетасы.
Өнімдердің аспаздық өңделуі әдеттегідей, тәуліктік рационның массасы –
3 кг, бос сұйықтық мөлшері – 1,5 л. Тамақтану тәртібі күніне 4-5 рет.
Өнімдердің іріктелуі әртүрлі, бірақ піспенан – майқоспалы емес, құрғақ
бисквит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет