Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



бет84/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

Жаншылған котлет. Ромштекске ұқсас етіп береді. Тек сүйекке
папильотка кигізеді.
Шницель. Ромштекс секілді береді. Тек шницельді гарнирге салып,
каперсті және лимон цедрасы қосылған май құйып, үстіне лимон домалағын
қояды.
Бефстроганов. Етке тұз, бұрыш сеуіп, жақсылап қыздырылған табада 3-5
минут аралығында қуырады. Қызанақ қосылған шала қуырылған пияз қосып,
қаймақ тұздығын құяды. «Южный» тұздығымен дәмдеп, қайнатуға дейін
апарады. Пісірілген немесе қуырылған картоппен береді.
Егер жартылай фабрикат кесінді еттен емес, тұлыптың ұзақ жылумен
өңдеуді қажет ететін бөліктерінен кесілген болса, қайнатылғаннан кейін,
өнімді сулы жылытқышта ет толығымен жұмсарғанша бұқтырады.
Қуырма. Етті дайын болғанша қуырып, майдалап туралып қуырылған
пияз, қызанақ езбесі және «Оңтүстік» тұздығын қосып, қайнатады.
Қуырылған немесе пісірілген картоппен, макарондармен, шашыраңқы
ботқалармен, пісірілген үрме бұршақпен және басқа да гарнирлермен бірге
береді.
Кәуап. Бұл Күнгей Кавказ, Солтүстік Кавказ, Орталық Азия және басқа
да шығыс асханаларының дәстүрлі тағамы бүгінгі таңда барлық халықтарда





96 
танымал. Сонымен қатар, әрине, әр халықтың кәуап дайындау және беру
тәсілдері бар. Олардың тек кейбірін келтіріп кетейік.
Кавказша кәуап. Қой етінің дайындалған бөліктерін таяқшаларға
(іспаралар) тізіп, ағаш көмірде қуырады.
Шеңберлеп туралған басты пиязбен, қызанақтармен, көк пияз
байламдарымен, лимон бөліктерімен, кептірілген бөріқарақатпен береді.
Бөлек ткемали тұздығын береді.
Өзбекше кәуап. Таяқшаларға (іспаралар) алма-кезек маринадталған қой
етінің бөлігі мен құйрық майының бөлігін тізіп, ұн себеді. Ағаш көмірде
қуырады. 1 үлеске 3-5 данадан береді. Гарнирге туралған басты пияз және
ақжелкен көгі ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет