110
12
ТАРАУ
КҮРДЕЛІЛІГІ ЖОҒАРЫ ТӘТТІ
ТАҒАМДАР МЕН СУСЫНДАРДЫ
ДАЙЫНДАУДЫҢ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
12.1.
Тәтті тағамдарды әзірлеуде өнімдерді дайындау
Жаңғақтар. Фундук, грек жаңғағы, миндаль, пістені қабықтарынан
тазалап, кептіреді. Қауызын алып тастап, қуырып, ұсақтайды.
Карамельденген жаңғақтарды да әзірлеуге болады. Ол үшін қауызын
алып тастағаннан кейін оларды біркелкі бөліктерге кеседі. Табаға қант сеуіп,
кішкене су қосып (қантты дымқылдатады), орта қызуда ағаш күрекшемен
үздіксіз араластыра отырып, орта қызуда қыздырады. Қайнап жатқан
шәрбатқа дайындалған жаңғақтарды қосып, қоңыр түсті болғанша
қайнатады. Карамельденген жаңғақтарды шығарып, салқындатады да құрғақ
жерде сақатйды. Қолданар алдында оларды уатады.
Достарыңызбен бөлісу: