107
маринадты құяды. Бөлме температуасында салқындатып,
балық тұздықты
сіңіруі үшін тоңазытқыш шкафқа салады.
Берер алдында маринадпен балық бөлігін басытқы ыдысына салып,
ұсқатап туралған көк пияз себеді.
Балық ассортиі. Бұл тағамның құрамына балық өнімдерінің 3-4 түрі –
түйірсіз немесе түйірлі не
болмаса кета уылдырығы, тұздалған ақсерке
немесе албырт, шпрот не майшабақ, қайнатылған шоқыр кіреді (өнімдердің
жинағы өзгеруі мүмкін, көбіне оған балық емес өнімдерді қосады).
Өнімдерді тағамға әдемі етіп салады. Түйірлі не кета уылдырығын әдетте
себетшелерге салады; корнишондармен,
жаңа піскен қызанақтармен, жасыл
бұршақпен, туралған сілікпемен гарнирлейді; гарнирге салат дәмдеуіштерін
құяды; тағамды лимон тілімімен әрлейді.
11.5.
Ет, ет өнімдері және құс етінен әзірленген
тағамдар
11.5.1.
Ет гастрономиясынан дайындалған тағамдар
Үлестермен шұжық. Шұжық тілімдерін басытқы тәрелкесіне әдемілеп
салады. Бір қырына шикі не пісірілген көкөністерден гарнир қояды.
Пісірілген шұжыққа ақжелкек тұздығын немесе корнишон қосылған майонез
беруге болады.
Ветчина немесе шпик гарнирмен. Шұжыққа ұқсас етіп үлестермен
береді.
11.5.2.
Ет өнімдерінен дайындалған тағамдар
Ет ассортиі. Бұл тағамдардың нұсқалары алуан. Өнім жинағына үштен
кем емес, алтыдан аспайтын компоненттер кіруі керек.
Ол пісірілген сиыр еті
немесе
бұзау еті, тілдер, шошқаның ысталған еті, шұжықтар,
қуырылған
тауық немесе күркетауық, қуырылған шошқа еті және т.б. болуы мүмкін.
Жаңа піскен немесе пісірілген көкөністерден дайындалған гарнирлермен
береді. Көктермен әсемдейді. Ақжелкек тұздығы немесе корнишон қосылған
майонезді бөлек береді.
Достарыңызбен бөлісу: