115
12.2.4.
Кремдер
Кремдерді қою кілегейлерден (35% майлылықтағы) немесе 36%
майлылықтағы қаймақтан жұмыртқа, сүт, қант, жемісте не жидекті езбе және
желатин, сонымен қатар, түрлі дәмдік және хош иісті өнімдерді қосу арқылы
дайындайды. Салқындатылған кілегейді үлпілдек қою көбікке шайқап, түрлі
толтырғыштар мен дайындалған, қайнатылған желатин кіретін жұмыртқа-сүт
қоспасын қосады.
Жұмыртқа-сүт қоспасын дайындау үшін шикі жұмыртқаларды құмше-
кермен үгіп, қайнаған сүтпен біріктіріп, үздіксіз араластыра отырып, 70-
80°С-қа дейін қыздырады. Бұл қоспада дайындалған желатинді ерітіп,
сүзгілеп, 30-25°С-қа дейін салқындатып, сол немесе басқа толтырғышты –
ванилин, кофе тұнбасын, қантпен үгілген какао ұнтағын қосады.
Екінші тәсіл бойынша, ванилин немесе қантты какаоны шайқалған
кілегейге қосады. Әрі қарай үздіксіз араластыра отырып, жіңішке ағыспен
аздап суыған ерітілген желатинді қосады. Кофе кремі үшін желатинді қою
кофе тұнбасында ерітеді.
Крмеді бірден қалыптарға құйып, дірілдетеді. Берер алдында қалыпты
бірнеше секундқа жылы суға салып алып, кремді вазаға немесе десерт
тәрелкесіне салып, кофе не шоколад шәрбатын не болмаса жидекті тұздық
құяды.
Дәл осылай жаңғақты кремді, тосаптан жасалған кремді және т.б. дайын-
дайды.
Достарыңызбен бөлісу: