Тамыз 2023ж. Бірлестік жетекшісі



бет1/7
Дата02.09.2023
өлшемі302 Kb.
#105914
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КТЖ Қазақ әдебиеті 8-сынып 2023-2024ж дұрысы (1)




Бекітемін: ________________
Мектеп директоры Ө.Б.Құдайбергенов
« _____ » ___________2023ж

«Қаралды»
Хаттама № 1 «28 » тамыз 2023ж.
Бірлестік жетекшісі
__________________



Келісемін:_________________
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
« _____ » ___________2023ж





Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Сыныбы: 8 -сынып
Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Узбекова А.С.
Сағат саны: 102 сағат , аптасына 3 сағат

Баспасы: «Атамұра» 2018 жыл Авторлары: А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева, Л.К.Жұмекенова


«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29767 болып тіркелген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.




2023-2024 оқу жылы

Түсінік хат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының басты бағыты – білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, тілдік-эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне іргетас қалап, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызу. Білім алушыларды ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге, қазіргі заманғы әдебиетті бағалай білуге үйретеді. Бағдарламада әдебитеориялық ұғымдар, талдауға, бағалау мен салыстыруға негізделген адамзаттың мәңгілік сұрақтары, қазіргі заманғы дилеммалар, мәселелер қарастырылған.
3. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру, білім алушыларға жанрларды меңгерту.
4. Теориялық материалдар оқушының қазақ әдебиеті туралы ұғымдарын кеңейтуге, әдебиет туралы дүниетанымын қалыптастыруға және адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, мінездерді зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін өмірге бейім ұрпақ тәрбиелейді.
5. Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы білім алушылар:
1)қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
2)қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
3)түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
4)заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
7. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация,бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
8. «Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1)көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2)әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3)көркем шығармадағы образ;
4)шығарма үзінділерімен жұмыс.
9. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1)әдеби шығарманың композициясы;
2)автор бейнесі;
3)көркем шығарманың тілі;
4)шығармашылық жұмыс.
10. «Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1)тарихи және көркемдік құндылығы;
2)заманауилығы мен жаңашылдығы;
3)әдеби эссе;
4)әдеби сын.
17. 8-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілер, эпилог, прологтар, әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу, көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулер, көркем шығармалардан алған үзінділерді орынды қолдану;
2) анализ және интерпретация: композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау, автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісі, шығармадағы көркемдегіш құралдары: психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис қолданысы, автор стилі, шығармадан алған үзінділерді өңдеп креативті жазу;
3) бағалау және салыстыру: шығарманың тақырыбы мен идеясы, тарихи және көркемдік құндылығы, шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру, жаңашылдығы, шығарманың көркемдік-идеялық құндылығының гуманистік тұрғысы, әдеби эссе, шығармада жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
18. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр», Қорқыттың нақыл сөздері;
2) Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»;
3) Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары;
4) Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»;
5) Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа» өлеңдері;
6) Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны, «Жастарға» өлеңі;
7) М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы;
8) Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі;
9) Д. Исабеков «Әпке» драмасы;
10) М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы;
11) Т. Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі;
12) Ж. Сахиев «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» фантастикалық әңгімелері;
13) Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет