Тамшылары



Pdf көрінісі
бет80/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
Тағылым тамшылары 2

Әкеден артық балмұздақ
Жақын бір жолдасым 3-4 жасар баласын құшақ-
таған күйі емханаға әкелді. Баласының қызуы көтеріліп, 
не құсқанына дейін тәптіштеп ентіге жеткізуінен-ақ 
баласына деген әкелік махаббатының шексіз екендігін, 
баласы үшін терең уайымға салынғанын сезу қиын емес 
еді. Бір қарап шыққаннан кейін «Бір нәрсе жүрегіне 
тиіп қалған болар?» деп күдігімді айтқанымда: – 
Тоңазытқышта тұрған бір килоға жақын балмұздақтың 
шамамен бәрін жеп қойыпты. Біз оны кейіннен білдік, – 
деді. Мәселенің мән-жайы енді түсінікті болды. Алайда 
баласын қатты жақсы көретін әкені сабаға түсіру бала-
ны емдегеннен де қиынға соқты. Осы орайда баланың 
да әкесін қаншалықты жақсы көретіндігін білдіру әрі 


199
Таңдамалы әңгімелер
балаға ауыр тиген нәрсенің балмұздақ екенін байқату 
мақсатында: – Балақай, қане айта қойшы, әкеңді 
қаттырақ жақсы көресің бе әлде балмұздақты ма? – деп 
сұрағанымда, бала еш ойланбастан: – Балмұздақты, – 
деп жауап берген еді. 
Иә, бала небәрі 3-4-ақ жаста. Ол жақсы көрген 
нәрсесіне көзсіз құлай берілудің кейде зиянды бола-
тынын білмейтін. Сондай-ақ, балмұздақты емес өзіне 
ерекше қамқорлық көрсетіп, оның бар жағдайын жа-
сап отырған әкесін жақсы көру керектігін, өзінен 
ештеңесін аямайтын әкесінің балмұздақпен ешқашан 
салыстыруға келмейтін теңдессіз тұлға екендігін әлі 
ұғына қоймаған жаста еді. Тек қана балалық әнтек 
сезім шеңберінен аса алмаған күйде солай жауап бер-
ген еді. 
Ал біздер ше, үлкендер?! Көбінесе әлгі әлі 
ештеңенің байыбына бара қоймаған, ана сүті аузы-
нан кеппеген кішкене баланың кейпіне еніп, бізді 
шексіз нығметтерге бөлеп, ризық-несібемізді молынан 
үлестірген құдіреті күшті Ұлы Жаратушымызға шүкір 
етіп, сүйіспеншілікпен қарап, ерекше бір ықылас- 
пейілмен Соған бетбұрудың орнына Оның пәрменіндегі 
ойыншық іспетті дүние тіршілігін көбірек жақсы көріп 
жүрген жоқпыз ба? Зиянды екенін біле тұра бір тұтам 
дүние тіршілігіне бар ынта-шынтамызбен құлай беріле 
кірісетініміз соншалық, Ұлы Жаратқан алдындағы 
құлшылығымызды да қаперге ілмей жүрген жоқпыз 
ба?! 
Әй, бұл пендешілікті қойсайшы?! 


200
Тағылым тамшылары
«Байлық-алақандағы мұз, бақ-басқа қонған құс. 
Бірі-еріп кетер, бірі-ұшып кетер» деген даналар сөзі 
не деген мағыналы айтылған десеңізші?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет