Тамшылары


Баспадан 6 7 І БӨЛІМ



Pdf көрінісі
бет2/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Тағылым тамшылары 2

Баспадан


6


7
І БӨЛІМ 
пАЙҒАМБАРЛАР пАРАСАТЫ
Мәрттік
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)
бар арман-тілегі мен мақсат-мұраты – адамзат 
атаулыдан өзіне көрсетілген қызмет емес, керісінше 
өзінің адамзатқа тигізер жәрдемі мен қызметі бола-
тын. Сондықтан да болар, қолына не нәрсе түссе де, 
мұң-мұқтажға таратып беріп, өзі кимесе де өзгені 
киіндіріп, өзі ішпесе де өзгеге ішкізіп, қарамағындағы 
адамдардың сәл де болса қуанғанын көруді өзіне зор 
қуаныш, үлкен бақыт деп есептейтін. 
Бұл жолы да қолына келіп қалған дүниені зәру 
жұртқа таратып бермек ниетпен ел арасына шабарман-
дар жүгіртті. 
Мәдина көшелерімен жолға түскен шабарман-
дар: – Уа, халайық! – деп жар салысты, – Аллаһтың 
ардақты пайғамбары Мұхаммед мешіт алдында мұқтаж 
адамдарды күтуде. Күнкөріс тапшылығын тартқандар 
мен өте кедей көмекке зәру жандар өз үлестеріне ти-
ген көмекті алсын. Ешкім де бұл көмектен мақұрым 
қалмасын! 
Сәлден кейін-ақ мешіт алдына көп бейнет көріп, 
тұрмыстың қыжалатын тартқан, көмекке зәру жандар 
жиналды. Бірақ олар бұл жолы тым көңілді. Өйткені 
біріне тартсаң біріне жетпей, зар ғып келе жатқан 


8
Тағылым тамшылары
үйге керекті заттардың, ең болмаса, біршамасына қол 
жеткізу мүмкіндігі туып тұрған еді. 
Расында 
да, 
өздері 
ойлағандай 
болды. 
Пайғамбарымыз келген жұртты жалпылама бір шолып 
шығып, қолда бар затты бәріне бірдей ғып үлестіре 
бастады. Бұл іске іштей өзінің де қуанышты екендігін 
елге ерекше бір жылы жүзбен қарап, күлімсіреуімен 
аңғартты. 
Иә, ол қуанышты болатын. Өйткені, ол үшін 
өмірдегі ең үлкен қуаныш – басқалардың қажетіне жа-
рау, қиналғандарға қол ұшын беру, халыққа қалтқысыз 
қызмет ету. Ал мына сәт – сол бір тәтті қуанышқа ке-
нелген, халықтың игілігіне жарап, барынша қызмет 
көрсеткен, жарлы-жақыбайлардың мұң-мұқтажын 
елеп, шамасы жеткенше қол ұшын созған сондай бір 
қимас сәт. 
Ақыр соңында, қолындағы дүниелер де таусылды. 
Кедей-кепшіктердің де аяғы саябырсыды. Дәметіп кеп, 
дәнемеге қол жеткізе алмай қалған ешкім болған жоқ. 
Демек, ішкі есептің дұрыс шыққандығы. 
Бірақ сол мезет сонадай жерден өзіне қарай асыға 
ентігіп жүгіріп келе жатқан бір бәдәуи қартты көзі 
шалды. Қарсы алдына келіп, аз демін алғаннан кейін 
бәдәуи былай деп тіл қатты: – Сіз көмек таратып жа-
тыр дегенді естіп жүгіре жеткенімше үлгермегенімді 
қарашы?! Менің-ақ, әйтеуір, ісім өмірі өрге басып, жо-
лым болып көрген емес..
Әлгі кедей байғұс онсыз да тағдырдың өзін өмірі 
кисе киімге, ішсе асқа жарытпағаны аздай, енді бұдан 
да тіс татырмай қаққанына налығандай кейіпте бола-
тын. Айтуына қарағанда, керекті қыжалаты да біршама 


9
Пайғамбарлар парасаты
көрінеді. Тым құрыса, осы бір мүмкіндікті жіберіп 
алмайыншы деп, ести сала екі өкпесін қолына алып 
жүгіріп келген беті екен. Қолына ештеңе тимей, сан 
соғып қалғаны кедей жанына қатты батты. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әлгі байғұстан: 
– Зәру затың көп пе еді? – деп сұралғанда үміт ұшқыны 
қайта қылаң бергендей болды. 
Санай бастады... Расында да, көмекке қолы жет-
се, біразынан құтылып, көңілі бір жұбанып қалғандай 
екен. Айтқандарының бәрі де күнделікті тұрмыс үшін 
ауадай қажетті заттар болатын. Алайда, қамкөңіл 
Пайғамбарымыз аз ғана уақыт бұрын қолындағы бар 
дүниенің бәрін келген жұртқа бірін де қалдырмастан 
со күйі түгелімен таратып бергендіктен, дәл қазір 
қолында бір тиын да қалмаған еді. Енді не болмақ?!
Пайғамбарымыз іштей терең тебіреніп, қатты 
аяушылық білдіріп, пақыр бәдәуи жүзіне мейіріммен 
көз тастады. Сөйткенше болмай, күтпеген жерден оқыс 
шешім айтты: – Қамықпа, қажетті затыңның бәрін де 
аласың!
– Қалайша? – деп сұрады көзі шарасынан шыға 
таңғалған кедей байғұс. Пайғамбарымыз болса, бұл 
жолы әр сөзін нықтап, анық-анық айтты: – Қазір осы 
тұрған бойда қаланың ішіне бар. Қай жерден керекті 
затыңды көрсең, сатушысына “Мына затыңды мен 
алам, ал ақшасын Аллаһ елшісі Мұхаммедтің өзі 
төлейді. Қалағанымды бер!” дегейсің. 
Пайғамбарымыз беретін ақшасы болмаған кез-
де осылайша кедей-кепшіктердің мұң-мұқтажын 
өтеп беруді өз мойнына алатын. Тіпті ол үшін өзінің 
қарызданғандығын да елемейтін. Әйтеуір, ретін тауып 


10
Тағылым тамшылары
төлермін деген оймен оларға деген көмегін еш аяған 
емес. 
Адам баласына деген қызметті оның қашанда 
бірінші орынға қоятыны осыдан-ақ байқалатын еді. 
Әлгі бейбақ бұны ести сала, қуанышы қойнына 
сыймастан қала ішіндегі базарға бет алды. Бір жағынан, 
өзіне керекті алатын нәрселерін де ойша елестетіп бара 
жатқан күйде еді. 
Бұл жайдың куәсі болған Омар (р.а.) мұншалықты 
жанашырлық пен мейірбандықтың көрсетілгенін іштей 
аса құптамады. Ақыры, өзін іштей мазалаған ол ойын 
айтпай да тұра алмады: – Я, Расулаллаһ! Сіз шама-
шарқың жететін нәрсеге ғана жауапты емессіз бе?! 
Қолыңыздағы дүниенің бәрін жұртқа түгін қалдырмай 
таратып бердіңіз. Мейлі ғой, бар болса берерсіз, жоқ 
болса, өзіңізді белшеден қарызға батырып, біреуді 
жарылқаудың не керегі бар еді?! Бұл артықтау болды-
ау деймін! 
Пайғамбарымыздың бұл айтылғанды іштей 
жақамағандығы оның жүзіндегі күлімсіреудің 
байқалмағандығынан сезілді. Әйтпесе, ол дәл сол 
уақытқа дейін өте бір қуанышты күйде еді. Жүзінен 
жылылық пен күлімсіреудің табы ешқашан байқалмай 
қалған емес-ті.
Сөйткенше болмай қастарындағы тағы бір адам 
сөзге араласты: – Уа, Аллаһ тағаланың құрметті елшісі! 
Омарды тыңдап қайтесіз, сіз одан да қолдан келген-
ше жақсылық жасап, жұртқа беруіңізді тыймағайсыз, 
Ғарыштың Егесі сізді қараусыз қалдырмас!


11
Пайғамбарлар парасаты
Бұны естігенде, Пайғамбарымыздың жүзі қайта 
күлімсіреді, өйткені оған “Жомарт бол, жұртқа 
жақсылық жасағаннан жалықпа” дегені ұнаған-ды. 
Иә, жомарттық Пайғамбарымызға тән қасиет еді. 
Әсіресе, Рамазан айларында оның жомарттығы мен 
мәрттігінде тіпті шек болмайтын. 
Бір күні бір адам өрістегі ешкілерін санап жүрген 
Ардақты елшіге келіп бірнеше ешкі сұрағанда, ол 
бірнешеуін ғана емес сол жайылып жүрген ешкілердің 
барлығын да алдына салып берген еді. 
Бір қора ешкісін ауылға айдап келген әлгі кісі сон-
да өз қаумына былай деп жар салған екен:
– Уа, халайық! Бәрің де мұсылман болыңдар! 
Мұхаммедтің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жомарттығы сонша 
кедейленем деп те қорықпайды...
Аллаһтың ардақты елшісі кейде біреуден бір нәрсе 
сатып алып, оны қайта сол адамның өзіне сыйлайтын. 
Ал өзіне біреу сый жіберсе, дереу қасындағыларға 
сол сыйды таратып беретін. Ондай сый біраз уақыт 
қолында тұрып қалса реніш білдіретін. 
Пайғамбарымыздың жары Үммі Сәләмә (р.а.) бы-
лай дейді: – Бір күні Пайғамбарымыздың жүзінен бір 
торығуды сездім. Себебін сұрағанымда: 
«Кеше алған жеті динарды әлі ешкімге үлестіріп 
үлгермедім. Менде қалып қойыпты» деп мұңайған 
еді... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет