193
Таңдамалы әңгімелер
Немересінің қойған сұрағына еріксіз жымиған
қарт әуелі оның
арқасын сипап біраз отырды, сөйтті
де: – Олар мен үшін екі белгі, балам, – деді асықпай
жұмбақтаған күйі.
Бала әлі де түсіне қоймағандықтан: – Ненің белгісі,
ата? – деп қайта сұрады.
– Жақсылық пен жамандықтың белгісі, – деді қарт
немересіне ендеше ол жайды бір тәптіштеп түсіндіріп
қояйын деген кейіппен, – Тура мына сен көріп отырған
әлсін-әлсін өзара ырылдасқан иттер секілді адам бой-
ында жақсылық пен жамандық та ылғи бір – бірімен
айқас үстінде жүреді. Бұларға қараған сайын мен соны
еске аламын, сол үшін де оларды ылғи өзіммен бірге
ұстаймын...
Бала айқаста әйтеуір біреу жеңер болар деген ойын
жасыра алмастан балаға тән сұрағыш кейіп танытты: –
Ата, сонда бұлардың күресте қайсысы жеңеді?
Қарт жүзі қайта күлімсіреп: – Е-е,
балам-ай, –
депті сонда, – қайсысына көбірек болыссам, сөзсіз сол
жеңеді...
Бір іске тап болғанда кейде іштей көп ойланып
тұрып қалатынымыз бар. Сондайда адам жамандыққа
бастайтын нәпсіден гөрі жақсылыққа жетелейтін
ақылға жүгінгені жөн.
Күндер мен күнәлар
Бір кісі өз-өзін есепке тартыпты. Ол үшін бүкіл
өмірін жалпылама алпыс жыл деп алып,
сол алпыс
жыл ішінде қанша күн бар екенін есептегенде 21 900
күн шығыпты. Бұны көріп есі шыға безек қаққан әлгі
кісі өкіріп жылап қоя беріпті.
194
Тағылым тамшылары
– Күн сайын бір күнәдан
істесем осыншама көп
күнамен қай бетіммен Аллаһтың алдына барам?! – деп
жанын қояр жер таппай егілген ол сол мезет талып
қалыпты.
Есін жиғанда жаңағы нәрсе қайта есіне түсіп,
қайтадан талықсып кетіпті.
Маңайындағылар оятуға
тырысқанда оның өліп қалғанын бір-ақ біліпті.
Иә, біздің күніге қанша күнә істеп жатқанымызды
кім білсін? Соңымыз не болар екен? Аллаһ бәрімізді де
кешірсін!..
Достарыңызбен бөлісу: