Тамшылары



Pdf көрінісі
бет27/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84
Байланысты:
Тағылым тамшылары 2

Ибн Аббастың әңгімесі
Қыс. Аяз. Көзге түртсе көргісіз қараңғы түн. 
Жер бетінде қар жатпағанмен, еттен өткен ызғарлы 
суық сүйекке жеткендей. Халифа Омармен жүздесіп, 
әңгімелесіп қайтпақ оймен үйден шықтым. Айнала тым-
тырыс. Қала тұрғындары бұл уақытта ұйқыларының ең 
тәтті шағында жатқан кез. Көше де қыбыр еткен жан 
жоқ. 


69
Сахабалар сабағы
Жол ортасына жете бере, сонадай жерден 
қарауытқан адамға ұқсас біреуді көзім шалды. Кішкене 
жақындай түскенімде, оның адам екеніне анық көзім 
жетті. Берген сәлемімді қабыл алып, басын мен жаққа 
бұрғанда, еріксіз таңғалдым. Өйткені ол мен іздеп бара 
жатқан Омардың (р.а.) дәл өзі еді. Елдің бәрі шырт 
ұйқыда жатқан осынау түннің бір уағында ел билеген 
халифаның жападан-жалғыз көшеде не ғып жүргені, 
шынында да, таңғаларлық еді. Оның үстіне, қытымыр 
қыстың аязы болса мынау. Ақыры таңғалысымды 
жасыра алмай өзінен: – Түннің бір уағында көшеде 
жүргеніңіз не? – деп сұрадым. – Асығыс жұмысың жоқ 
болса, бірге жүр. Жол бойы себебін айтармын, – деді 
де Омар (р.а) маған жақындап, қолтығымнан демей 
берді. Мен онсыз да өзін іздеп келе жатқан жайымды 
айтып, “Қайта жақсы болды. Екеуара әңгімелесуді өзім 
де қалап келе жатыр едім” деп, ол айтқан ұсынысқа 
бірден келісе кеттім. 
Екеуміз бірге жолға шықтық. Себебін әлі 
айта қоймағандықтан ішім ішіме сыймай мен өз-
өзімнен жарылып кетердей боп келемін. Бір мезет 
шыдамымның таусылғаны сонша, тағы да “Түннің бір 
уағында жападан-жалғыз көшеде неғып жүргеніңізді 
айтсаңызшы енді?” деп сұрауға оқтала жаздап барып, 
өз-өзімді әрең сабырға шақырдым. 
Халифа Омар мұнымды түсінді. Бірақ әр нәрсенің 
басын бір шалған күйі түнде неғып жүргені жайында 
жақ ашпады. Бірге келе жатып, әр үйдің есігінің ал-
дына біршама тоқтаған ол тың тыңдап, іште не болып 
жатқанын білмекке құлақ түрумен болды. Көше бойы 
әр үйдің есігін тыңдап, іштен дауыс шыға ма, шықпай 


70
Тағылым тамшылары
ма деп құлақ қоюмен екеуміз қала көшелерінің бәрін 
аралап шықтық. Ешқандай тырс еткен дыбыс білінер 
емес. Бәрі де қалың ұйқы құшағында жатқан сияқты. 
Осынау үлкен қалада дәл қазір, осындай түннің бір 
уағында халифа Омар (р.а.) екеумізден басқа ояу жан, 
тыпыр еткен пенде жоқ секілді. 
Бірте-бірте Омардың (р.а.) неліктен түн жарымын-
да көшеге шыққанын түсінгендей болдым. Шамасы, 
қандай да бір қыжалатпен көз ілместен, Құдайға мұңын 
шағып отырған зарлысы бар ма екен, соны білейін деп 
шыққан шығыс болатын. Елдің итіне дейін тегіс мау-
жырап ұйқы құшағында жатқан қыстың бет қарыған 
осынау аязды түнінде Омардың бүкіл мұсылмандардың 
басшысы бола тұра ұйқысын қиып, көше кезіп шыққан 
себебі, расында да, сол еді. 
Қала ішіндегі бар үйді аралап, қала шетіне шықтық. 
Маңайда әр-әр жерде тұрған шашыраңқы үйлер ғана 
менмұндалайды. Жылаған-сықтаған жандар бар ма екен 
деп оларды да тыңдағаннан кейін кезек жол шетіндегі 
бір үйге тірелді. Алдыңғы үйлер секілді есігіне құлақ 
қойып, бұл үйді де тыңдадық. Бұл жолы іштен бір-екі 
баланың жылаған дауыстары естіліп жатты. 
Біраз құлақ түргеннен кейін есікті қағып, аманда-
са хазірет Омар (р.а.) ішке кіріп барды. Үй іші қалай 
болса солай шашылып жатыр екен. Жылай-жылай 
балалардың көздері де көнектей боп ісіп кетіпті. Қарт 
ана пеш үстіндегі қайнаған қазанды бір қолымен ара-
ластырып, бір жағынан тізесіне жығылған екі ба-
ланы жұбатумен әлек. Шешей қалжыраған күйіне 
қарамастан Омардың сәлемін алғандай жылы шырай 
танытты. Бірақ ол үйіне келген адамның ел басқарған 


71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет