Тамшылары



Pdf көрінісі
бет41/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
Байланысты:
Тағылым тамшылары 2

Зейнептің шеберханасы
Мүминдердің анасы Жахш қызы Зейнептің 
өміріне көз жіберсек, ондағы діндарлық, жомарттық 
қасиеттерімен қоса оның ерекше шеберлігінің куәсі 
боламыз. Хижреттің (Мәдинаға көштің) үшінші жылы 
хазірет Пайғамбармен отасқан Жахш қызы Зейнеп 
тері илеудің асқан шебері еді. Ол тері өңдеп, одан 
киім тігіп сатумен айналысатын. Кейбір риуаяттарда 
осы жұмыс үшін пайғамбар үйінде бір бөлме арнайы 
жабдықталып, шеберхана ретінде пайдаланылғандығы 
әрі пайғамбарымыздың әйелдерінен Үмму-Сәләманың 
да осы тері ісімен шұғылғандығы білінуде. Дәл осы 


105
Сахабалар сабағы
жерде мынандай бір көкейтесті сұрақтың ойға ора-
ла кетуі заңды. Ислам заңдары (фиқһ) бойынша әйел 
нәпақасы (күнкөрісі, табысы) күйеуіне тән. Әйел 
жұмыс істеп, ақша табуға міндетті емес. Олай болса, 
пайғамбар әйелдерінің жұмыс істеуі неліктен? Оның 
жауабы мынада: Жалпы ислам діні әйелді жұмыс 
істеуге мәжбүрлемейді. Бұл дегеніңіз «сен жұмыс 
істемеуге міндеттісің» деген сөз емес. Күйеуінің 
рұқсатымен ислами әдеп шеңберінен аспайтын шарт-
тармен әйелдің жұмыс істеп, ақша табуына ешқандай 
да кедергі жоқ. Зейнеп анамыз жұмыс істеуі күндік 
нәпақасын табу үшін емес, қайта кедей-кепшіктерге, 
жарлы-жақыбайларға қол ұшын беру, аш-жалаңаштарға 
қарасу, Аллаһ жолында өз әлінше осылай қызмет ету 
ниетінде болатын.
Ол жайлы Айша анамыз былай дейді: «Мен 
басқаларға 
жақсылық 
жасауда, 
қайыр-садақа 
үлестіруде, туысшылдық пен Аллаһқа жақындататын 
игі іс істеуде Зейнептей алдына жан салмайтын адам-
ды көрген емеспін».
Ибн Сағдтың риуаятынша: «Зейнеп дүниеден 
қайтқанда бар дүние мүлкін өзі көзі тірісінде садақа 
ғып таратып жібергендіктен артында бір тиын да 
қалмаған. Ол – кедейлер мен жетім-жесірлердің пана-
сы еді» дейді.
Жоғарыдағылардың бәрін талдай келгенде 
біріншіден, Исламдағы әйел қандай да бір қажеттілігі 
болмаса да, ол бос отырмауы керек. Ең жоқ дегенде 
табыс тауып, оны Аллаһ жолында жұмсағаны дұрыс. 
Екіншіден, әйелдің үйдегі тіршіліктеріне күйеуі 
кедергі жасамауы керек, қайта қолдан келгенше 


106
Тағылым тамшылары
мүмкіндік жасауға тиіс. Өйткені әлемнің мақтанышы 
Пайғамбарымыздың өзі де осылай істеген. Әйтпесе, 
Расулаллаһтың рұқсатынсыз Зейнеп анамыздың бұндай 
іске баруы мүмкін емес еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет