«Қазіргі адам өміріндегі өнердің рөлі»



Дата29.11.2022
өлшемі19,84 Kb.
#53516
Байланысты:
аза станны дамуы мен к ркеюіне мені лесім


«Қазіргі адам өміріндегі өнердің рөлі»
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада-кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында өнер адамның барша шығырмашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана болып табылады. Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың «искусство» деген терминінен аударылатын «poiesis» сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды », «сана» ұғымдарын да білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекетінің өнімі болып табылатын барлық нәрселер «poiesisia»- адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – « physis’y» қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әр түрлі формалардағы көркем шығармашылық нәтижелері , үдерістері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б ) болып табылады. Дәл осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып табылады және біз де оны осы мәнде қарастыра отырып, философия мен өнер арасындағы ұштастықтар мен айырмашылықтарды көрсетемін.
Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тәжірибесін тереңдету, кеңейту үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол-адам өмірқамының бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлылығында және көркемдік тәжірибесімен өзара әрекеттесе отырып, адам әрекеті мен санасының барлық құрылымында әсер етеді. Көркемдік шығармашылықта диалектикалық өзара әрекет барысында бейнелік ойлау құрылымын айқындайтын тұлға ұлт-адамзат сияқты әлеуметтік бастаулар қиылысады. Өнер тұлғалық формаға көркемдік идеяларды еге отырып, өз аудиториясына оқырмандарды, көрермендерді, тыңдармандарды тартады. Және осыдан көркемдік идеялардың инвариантты көпшілігі туындайды: бір ғана көркем идея әркім де әр түрлі қабылданады. Ғылымда идеяларды иеленудің деңгейі ғана әр түрлі. Өнерде болма иеленудің деңгейі де, мазмұны да әр түрлі: көркем шығармада берілген әлеуметтік-тарихи тәжірибені адам өзінің ғиндивидуалдық санасына көшіреді, нәтижесінде көтерілген мәселелер мен шындыққа деген оның тұлғалық қатынасы қалыптасады. Өнерде тек суреткер тұлғасы ғана талқыланбайды. Шығармада адамдардың жалпы бұқарасы үшін маңызды, қажетті, тұрақты, нәрселерді бейнелей отырып , суреткер оған формалық тұлға береді, яғни әлемді өзі арқылы ашады.Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу, мүсін, би, ән, графика, сәулет қолданбалы және декоративті өнер, цирк, көркем фотогафия, кино, теледидар. Өнердің түрлерге бөліну принципі-шындықтың эстетикалық байлығына сүйенетін, әлемді көркемдік игеру саласындағы адамның қоғамдық практикасы типтерінің алуан түрлілігі. Адамзаттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек әрекеті үдерісінде дамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін көзі, сұлулықпен шабыттану қабілеттері дамыды.
Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты –дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материалдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері, т.б. түрлері бар.Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия – біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім. Философия – адамзат мәдениетінің өзегі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет