18
Тағылым тамшылары
барған Пайғамбарымыз өткен-кеткеннен уақыт сұрап
досын күтіп тұрды. Өкінішке орай, досы көп кешікті.
Қас қарайғанша күтті, келмеді...
...Екі-үш күннен соң бір жұмыстармен базарға
соққан досы өзін уәделескен жерде әлі күтіп тұрған
Пайғамбарымызды
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көріп
қатты
таңғалды. Іштей әлдеқашан есінен тарс шығып кет-
кен кездесу есіне түсіп қатты ұялды. Шынында да,
ұмытып кеткен екен. Ал
Пайғамбарымыз болса оны
екі-үш күннен бері тапжылмастан сол орында күтіп
тұр еді. Досы өзінің қай іске болсын бей-жай қарайтын
салғырттығына бас шайқап қатты өкініш білдірді. Бір
жағы, ел айтып жүрген Пайғамбарымыздың
өз ісіне ба-
рынша жауапкершілікпен қарайтындығына осы жолы
анық көз жеткізген еді.
Өйткені жақындап келген досына Пайғамбарымыз
Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жай ғана: – Мені неге
күттірдің? Біраз шаруаларым аяқсыз қалды ғой, – де-
геннен басқа ештеңе айтпаған-ды...
«Уәде –
Құдай сөзі» демекші, рас, Пайғамбарымыз
қай істе де үмметіне өнеге бола білген.
Тас сараң
Жабир (р.а.) әңгімелеуде:
Пайғамбарымыз Расулаллаһқа бір кісі келіп:
– Я, Расулаллаһ! Пәлен деген көршім құрмасының
қоқыстарын менің аулама тастайды. Маған жамандық
жасауын тыяр емес, – деп мұңын шақты.
Пайғамбарымыз әлгінің көршісін шақырып алып:
– Көршіңнің ауласына тастап жүрген құрмаңның
қажетсіз ағаштарын маған сат, – деп сұрады.
19
Пайғамбарлар парасаты
Әлгі кісі: – Болмайды, – деп үзілді-кесілді
келіспеді.
– Онда маған сыйлашы, – деп өтінді.
Әлгі кісі тағы да:
– Болмайды, – деді.
– Онда маған беріп, орнына Жұмақтық қайтарымын
ал, – деп ең бір бағалы ұсыныс жасап еді, бұл жолы да
әлгі кісі сазарған қалпы:
– Болмайды, – деді.
Сонда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Сәлемдесуден қашатын
кісілерді қоспағанда
(бүгінге дейін) сенен өткен сараң адам көрмеппін, –
деген еді кейіп
1
..
Достарыңызбен бөлісу: