Тамшылары



Pdf көрінісі
бет6/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Тағылым тамшылары 2

Кедейдің кемеңгерлігі
Аллаһ тағаланың сүйікті құлы пайғамбарымыз 
Мұхаммедті 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір топ кісілер қаума-
лай отырысып, алқа-қотан әңгіме-дүкен құрып отыр-
ды. Бір уақытта үстіндегі киімі жұпынылау бір кедей 
мұсылман есіктен бас сұқты. Ислам әдебі бойынша 
қонақтардың үстінен түскен адам өзіне арнайы орын 
таңдап жатпастан табылған орынға отыра кетуі керек-
ті. Ол да соның ыңғайымен отырғандарды асығыстау 
көзімен бір шолып, бостау тұрған бір орынға жайғаса 
кетті. Алайда бір қызығы – ол тұс бай біреу отырған жер 
болатын. Кедей келіп қасына отырғанда, онымен қатар 
отыруға намыстанған әлгі бай қымбат шапанының 
етек-жеңін жиыңқырап ұстаған күйі аулағырақ барып 
басқа орынға отырды. Оның бұл қылығын жақтырмаған 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

1
Имам Ахмед пен Бәззар радиаллаһу анхумадан


20
Тағылым тамшылары
– Немене, кедейлігі жұғып кетеді деп қорықтың 
ба? – деді байға қарап. 
Ол:
– Жоқ,- деді. 
Пайғамбарымыз тағы да:
– Жоқ әлде ырысың ауып кетеді деп қорықтың ба? 
– деді. 
Ол болса:
– Я, Расулаллаһ, ондай да ойым болған жоқ, – деп 
ақталғансыды. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
:
– Онда неге аулағырақ барып отырдың? – 
деп сұрағанда, ол өзінің үлкен қателік жасағанын 
аңғарып:
Менен бір ағаттық кеткен екен. Оны мойындай-
мын. Осы қателігімді жуып-шаюды ниет етіп, бар 
байлығымның тең жартысын осы мұсылман бауырыма 
бағыштасам деймін. Сірә, кемсітті деп көңліне қатты 
алып қалған шығар. Мені кешірсін, – деп жаңағы кедей 
мұсылманнан кешірім сұрамақ болды. 
Алайда кедей мұсылман болса күтпеген жерден:
– Я, Расулаллаһ! Маған оның байлығы керек емес, 
– деп үзілді-кесілді қарсылық білдірді. 
Бұған отырғандардың бәрі таңғала неліктен 
екендігін сұрағанда, ол:
Өйткені мен де байлықтың буына мастанып
мына отырған бай секілді күндердің бір күні жағдайы 
өзімнен төмен мұсылман бір бауырымның көңліне 
кірбің түсіріп алам ба деп қорқамын, – деп, өзінің нағыз 


21
Пайғамбарлар парасаты
мұсылман екендігіне жұртты тәнті ете мағыналы жау-
ап қайырған екен
2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет