Танатарова А. Д. Қабылдаған: Баймахан С. Н


Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері



бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі14 Kb.
#47103
1   2   3
Байланысты:
Танатарова А. Д. Қабылдаған Баймахан С. Н-melimde.com

Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері.


Ұйымдық қарым-қатынас кәсіпорын қызметінің тиімділігіне едәуір ықпал етеді, сондықтан да, қандай кедергілер болатындығын, әрі мұндай алмасуды қалай жетілдіруге болатындығын білудің зор маңызы бар.
Кедергілердің бірі — хабардың бұрмалануы. Кәсіпорын ішінде мәліметтің бұрмалануы жеке адамдар арасында жөнді қарым-қатынас орнатылмаудан немесе басқарушының біреуі хабармен келіспегенде болуы мүмкін. Екінші бір себебі — мәліметтің екшелік сүзілуінен (фильтрациялануынан), былайша айтқанда мәліметтін. дұрыс сұрыпталмауынан оның мазмұны бұрмаланады. 
Келесі кедергі мәліметтің тым көп келуінен болады. Мұндайда басшы қажетті, қажетсіз мәліметтерді өңдеуте әуестенеді.
Кәсіпорынның тиімсіз құрылымы басшының қойылған міндетті жоспарлау және жүзеге асыру мүмкіндігін шектейді. 
Жоғарыда аталған кедергілерден басқасына жататындары — басқарма кадрларының құрамы, әрі оларды қабылдай білуі т.б.
Кәсіпорында мәлімет алмасуды жақсартуға болады, ол үшін кері байланыс жүйесі құрылуы, мәлімет тасқыны реттеліп отыруы, басқару әрекетінің белсенділігі арттырылуы, ұсыныс жинау жүйесі өрістетілуі, алынған мәліметтерді бастырып, ұйым ісінде пайдалануы, сондай-ақ мәлімет алу үшін казіргі технология жетістіктерін қолдануы тиіс. 

Коммуникацияның Вербалсыз қатынас кұралдары


Әлеуметтік психологияда «дене тілі», немесе вербалсыз қатынас деген болады. Психологтардын пікірінше, адамдар арасындағы әңгімеде мәліметтің 90%-дайы вербалсыз, яғни сөзбен емес, басқадай амалдармен беріледі.
Әңгімелеушінің маңызды мәліметтерінде бет және қол қимылдарымен қоса, дене қимылы да ерекше орын алады. 
Әңгіме-кеңес өткізушінің нақты жағдайдан тұтастай мағлұматы болуы тиіс. Бір жағдайда ұйым ішіндегі өзара сөйлесуі, екінші бір жағдайда сауда ісінде сөйлесу маңызды рөл атқаруы мұмкін. Кестеде осы тарапында кейбір мәліметтер келтірілген (Дж.Миллер және К.Борген).
Вербалсыз қарым-қатынастың ең табиғи амалы — көзқарас. Оның өзі көптеген жайді аңғартады. Егер әңгіме-дүкен кұруға машықтанған адамдар өзінің сезім күйін ыммен немесе дене қимылымен білдіретін болса, онда ол өзінің кез қимылына бақылау жасай алмайды. Оның көзі еріксізден біресе ұлғаяды, біресе кішірейеді, сол арқылы әңгімелесушіге өз пікірін білдіреді. 
Коммуникативті сапалар – бұл, іскерлі және басқа да ақпаратпен тиімді жұмыс істеу үшін қажетті, сонымен қатар, құнды ақпараттарды жинау мен сақтау біліктілігіне қойылатын талаптар. Әрекет коммуникация – бұл, формалды коммуникация сферасындағы кеңес беру, тексеру, экспертиза және аудит, шешімді жасаудағы қатысулар. «Байланыс» - ақпарат негізінде субъектілердің өзара әрекеттесуін білдіретін жиынтық термин. Ақпараттық процестер байланыстың түйіні құрайды деп санау қалыптасқан.
Байланыстық сапалар. Бұл іскерлік және басқа ақпаратпен тиімді жұмыс үшін қажетті субъектілердің сапасы, сондай-ақ олардың кәсіби білімдеріне және бағалы іскерлік пен басқа ақпаратты жинақтау және бөлу қасиеттеріне қойылатын талаптар. Ресми байланыстар саласында бұл сапалар талаптар ретінде лауазымды тұлғаның заңды мәртебесін анықтайтын құжаттарда бекітілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет