Таным әдісін іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм және идеализм



бет4/7
Дата08.12.2023
өлшемі35,89 Kb.
#135251
1   2   3   4   5   6   7
Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы. Негізгі еңбегі: «Этика».
Өзінің философиясында Спиноза пантеистік бағытты ұстанады. Табиғаттың өзі — Құдай, табиғат — мәңгі, шексіз, ал сана оның қасиеті.
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екенін қолдайды. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік қағидаларының табиғи сипатын ерекше атап көрсетеді. Бірақ, оның философиясында Құдай — табиғаттың өзі. Ол — субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ешнәрсе жоқ, адамдардың Құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғаты. Спиноза адамгершілік ережелерінің Құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз. Табиғат қана шын өмір сүреді деген тұжырым жасайды.
Спинозаның философиядағы маңызды үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойып, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне. Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты.
Спиноза этикасының өзекті мәселелері: 1. детерминизм (табиғаттағының бәрінің шарттылығы); 2. Бостандық пен қажеттілік арақатынасы.
Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!.»
Г. Лейбниц (1646-1716 жж.) – немістің математик-ғалымы, заңгер,
философ – Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл-ойы туралы жаңа тәжірибелер». Лейбниц философиядағы рационалистік бағытты жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі мәселелері: субстанция мен таным.
Лейбниц Декарт пен Спинозаның субстанция туралы теорияларын зерттей келіп, олардың жетілмегендігі туралы қорытындыға келді: Лейбниц
Декарттың дуализмін қабылдамады:
1) барлық субстанциялардың (өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажет етпейтін) жоғары субстанция – Құдайға және ол жаратқан өзара тәуелсіз субстанцияларға;
2) жаратылған субстанциялардың дәйекті және рухани (ойлайтын) болып бөлінуі.
Спинозаның барлық субстанциялары біреуге – Табиғат-Құдайға біріктіруі Декарттың дуализмін жойған жоқ, өйткені ол барлық модустарды екі топқа жіктеді – дәйекті және ойлаушы. Яғни, Декартта екі түрлі субстанция түрінде берілетін схема Спиноза философиясында бір субстанцияның модустарының көріністері түрінде беріледі.
Декарт пен Спиноза философиясына керісінше, Лейбниц монадалар туралы теория (субстанциялардың көптігі туралы) ұсынды. Лейбниц монадологиясының негізгі қағидалары:
1) бүкіл дүние көп санды субстанциядан құралған, субстанциялардың табиғаты дуалистік (Декарт пен Спинозада екіұдай) емес;
2) ол субстанциялар монадалар деп аталады (грек тілінен аударғанда «бір», «біреу»);
3) монада қарапайым, бөлінбейді, дәйекті емес, материалды-заттық құрылым емес;
4) монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс, әуестену, қабылдау, елестету;
5) мәні бойынша монада – өз жағдайын үздіксіз өзгертетін, біртұтас әрекет;
6) өзінің үздіксіздігіне байланысты монада өзін-өзі сезінеді;
7) монадалар абсолютті тұйық және бір-біріне тәуелсіз (Лейбниц пікірінше: бір нәрсе кіретін, бір нәрсе шығатын терезелері жоқ).
Барлық монадаларды Лейбниц 4 топқа жіктейді:
1) «жалаңаш монадалар» - неорганикалық табиғат монадалары (тастар, жер, пайдалы қазбалар);
2) жануарлар монадалары – түйсікке және жетілмеген өзіндік санаға ие;
3) адам жаны – түйсікке және санаға ие;
4) жоғарғы монада – Құдай.
Монада класы жоғары болған сайын оның пайымдылығы мен бостандық деңгейі де жоғары. [2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет