Омыртқа жотасының зақымдануы тірек- қимыл жүйесіндегі жарақаттардың ішінде 17 % құрайды. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Омыртқа жотасының мойын, кеуде, бел бөлімдерін және сегізкөз бен құйымшақты ажыратады.Омыртқаның жоғарғы мойын бөлімі өзінің анатомиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты краниовертебральды ауысу деп саналады. Омыртқа бағаны өзінің дамуы мен өсуі барысында вертикальды жүктемеге қарсы тұра алатын серіппелі жүйеге айналған мойындық және бел лордозымен және кеуде сегізкөз- құйымшақ кифозымен ерекшеленеді.
V. Орналасуына байланысты денесінің сынығы. денесінің жиекті сынығы сүйір өсіндісінің сынығы көлденең өсіндісінің сынығы доғалардың сынығы омыртқа аралық дисктердің зақвмдануы спондилолистез.
Асқынған және асқынбаған сынықтарды ажыратамыз. Асқынбаған сынықтар кезінде жұлын мен оның түбіршелерінің зақымдалмай , тек омыртқалар мен байланыстырушы аппараттың зақымдануы болады. Ал асқынған сынықтар кезінде неврологиялық бұзылыстар болады. Тұрақты зақымдану бір тірек құрылымын ғана зақымдайды. Оларға денесінің жиекті сынығы, тұйықтаушы пластина сынығы, омыртқа денесінің сына тәрізді компрессиясы жатады. Тұрақсыз зақымдану екі немесе одан да көп тірек құрылымының зақымдануымен ерекшеленеді. Бұл өте ауыр жарақаттар, осы кезде жұлын мен оның түбіршелерінің зақымдануы және омыртқалардың ығысуы мен басылуы болады. Тұрақсызға сынықтар және сынықты шығулар, омыртқаның сына тәрізді деформациясы, флексионды –ротациялы сынықтар жатады. «Атылған сынықтар » омыртқаның бүгу, жазу қимылын жасамаған кездегі осьтік жүктемеде пайда болады. Мұндай сынықтар тұрақты және тұрақсыз да болады.