Танымдық үрдістердің зерттеу әдістері Орындаған: Манап Қ



бет2/5
Дата21.09.2022
өлшемі0,95 Mb.
#39715
1   2   3   4   5
3. Сенсибилизациясезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артады.
4. Синестезия – тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Қосарланған түйсіктер. Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезеді.
5. Бірізді бейнелер – тітіркендіргіш әсерінің тоқталғандығына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің қалатын кездерін бірізді бейнелер деп атайды
Қабылдау
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен қүбы-лыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері түтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мүнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т. б. осындай қасиеттері бір мезгілде эсер етеді де, миымызда түтас зат бейнесі пайда болады.

Ерекшеліктері

  • Тұтастығы – қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
  • Иллюзия – түрлі себептерге байланысты өмір шындығының теріс, жаңсақ қабылдануы. Алдамшы көріністер көбінесе танымға жат, түсініп болмайтын бейнелер түрінде көрінеді.
  • Мағыналығы - қабылданған нысан тұтас, оның мəнi сөзбен берiледi, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрi - тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану жəне даралап тану болып бөлiнедi. Жалпылап тануда нəрселердiң жай-жапсары терең бiлiне бермейдi, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық əрi толық түрде өтедi. 
  • Таңдамалылығы - бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады
  • Апперцепцияқабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша.
  • Тұрақтылығы – біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет