Дауыстылардың ерін үндестігіорыс.гармония губных гласных — сөздің бастапкы буынындағы о, ө, у, уерін дауыстыларының әсерімен соңғы буындарындағы езулікы, і, е дауыстыларының еріндікке айналуы. Мысалы: путүн — тутін, өнөр — өнер. Қазақ тілінде бірінші буындағы ерін дауыстының әсері екінші буыннан аспайды, ал үшінші буында тіпті әлсіз, жоқтын касы: бурулыс — бурылыс, көлөңке — көленке. Ерін үндестігі жазуда еленбейді. Орыс тіліндегі әдебиеттерде лабиальный сингармонизм деп аталады.
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері: