Қамажай. Сөйтіп, бұл да өз жөнімен кетеді де...
Нәзила. Өз жөніне емес, үкіметтің тапсыруымен барады. Омар жалғыз
сіздікі ғана емес.
Қамажай. Иә, иә... солай... Бәлкім, сен де кететін шығарсың. Бәрің
де кетіңдер жанжаққа тарап, мен қалайын жападанжалғыз.
Нәзила. Жалғызсырамассыз. Құдай қаласа, Ақтау жақтан кішкене
немере ініңіз де кеп қалар. Әкеп тастайды ғой. Одан соң Омар да кешікпес.
Қамажай (күліп). Әй, тентегімай. Айтқаның келсін. Ол үшін Омар
жан әуелі үйленуі керек қой.
Нәзила. Ол жағынан қам жемеңіз. Кафедра меңгерушісі болудан
үйлену қиын деп пе едіңіз. Ол Алматыдан Астанаға біреу емес, екеу боп
барады.
Қамажай. Нәзилаау, сен студент емессің, мұғалім болдың, абайлап
сөйлемейсің бе?
Нәзила. Абайлағанда да, абайламағанда да солай.
Қамажай. Кім екенін білесің бе?
Нәзила. Кім екенін өзің ойлап тапшы.
Қамажай. Қайдан білейін. Осы күні қыз көп. Шошаңдаған біреу бол
маса жарар еді.
Нәзила. Жоқ, шошаңдаған емес. Өте сыпайы, ақылды, көрікті, сізді
туған әпкесіндей сыйлайды. Оның үстіне мен сияқты ағылшын тілінен
сабақ береді.
Қамажай. Не дейді, не дейді? Мыналарды жын ұрған шығар?!
Гауһар?!
Нәзила. Дәл таптыңыз!
Қамажай (теңселіп тұрып қалады). Не боп кеткен бұл? Бәрің...
бәрің, шеттеріңнен, залымсыңдар...
Нәзила. Ол екеуінің залымдығы жоқ. Залым – мына менмін. Екеуін
былай иіп әкеп (қолымен көрсетеді), тоқайластырдым да қойдым.
Қамажай. Ұят болдыау... Енді не амал бар?
Нәзила. Ұят ештеңесі жоқ, қайта алғыс айтсын. Бірінбірі жақсы
білетін адамдар қосылуы керек (пауза.) Жақында шақыру билеті де да
йын болады.
Қамажай. Осыдан екеуі көзіме көрінер ме екен?
Нәзила. Омар ұзақ уақыт тіл қата алмай жүріпті. Ақырында, отырған
сәкісінен ұшып тұрып: «Мен сізбен үлгілі отбасын құруға әрқашан да
йынмын!», – деп тоқетерін бірақ айтыпты.
(Екеуі қосыла күледі.) Қамажай. Ал, енді сенің ғана кетуің қалды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217