7-сынып. Дүниежүзі тарихы. (Алматы. «Мектеп баспасы 2018 Авторлары Н.Алдабек, К.Макашева Қ. Байзақова )
Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды? 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;
7.3.2.4 империалистік соғыстардың әлемдік саясаттың өзгеруіне ықпалын бағалау (Наполеон соғыстары мысалында);
Тапсырма 1 Даталармен жұмыс
Тапсырма 2 Тұлғаны таны НаполеонБонапарт (1769-1821) — француз революциясының соңында билікке келген француз әскери басшысы және саяси көшбасшысы. Ол 1804 жылы Франция императоры болды және көптеген реформаларды жүргізді. Олардың ішінде көптеген еуропалық елдерде бүгінгі күнге дейін азаматтық құқықтың негізі ретінде қолданылатын заңдар жиынтығы «Наполеон кодексін» құру болды. Керемет әскери қолбасшы ретінде ол Еуропадағы бірқатар соғыстарға қатысты
Тапсырма 3 Адасқан сөздер Наполеон кодекстері
Тапсырма 4 SWOT талдау Наполеондық соғыстар Күшті жақтары- Сыртқы саясаты буржуазия мүддесіне сай келді, Мақсаты-Францияның экономикалық, саяси үстемдігін орнатуды қамтамасыз ету
Әлсіз жақтары- Францияға қарсы 7 одақ құрылды.
Мүмкіндіктері-Наполеондық әскерлер Европада революциялық идеялардың таралуына , феодалдық тәртіптердің жойылуына, капиталистік қатынастардың дамуына мүмкіндік берді
Қауіп-қатері- Уақыт өте келе наполеондық соғыстар озық тәжірибелік мәнәін жоғалтты, жаулаушылық соғысқа айналды. Италия, Германия жапа шекті
Тапсырма 5 Напалеондық соғыстар
Уақыты
Шайқастар
Нәтижесі
1805 жыл
Трафальгар шайқасы
Ағылшын флоты француз-испан флотын талқандады
1805 желтоқсан
Аустерлиц түбіндегі шайқас
Австрия бейбіт бітімге келді
1806 ж
Пруссия-Франция соғысы
Пруссия жеңілісі
1806 ж
Бірнеше шайқастар
І Александр мен Наполеон бейбітшілік пен одақтастық туралы Тильзит бітім шарты
Тапсырма 6 Шығармашылықпен жұмыс Эссе « Қазіргі Франция» Оқушылар орындайды
Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2008 жылы 6,201 миллиард долларды құрады. Ал Қазақстан Францияға негізінен мұнай, металдар және металл құрылғыларын, химия өнімдерін, ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығарып келеді. Қазақстан болса, Франциядан электр және электрондық бұйымдар және оның жабдықтарын, медициналық дәрі-дәрмек, автокөлік, тамақ өнімдерін және құрылыс материалдарын алады. Осы тұста айта кетейік, Франция элиталық тауарлар ретінде шарап, теңіз өнімдері шикізаттарын, киім-кешектер, тағы басқа тұрмысқа қажетті бұйымдарды жеткізеді.