Тапсырма №1 Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, жазыңдар. Кісі аттары; Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл, атаулары; Ұйым, мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары; Жер, су аттары; Газет-журнал, кітап, ән, күй



бет5/5
Дата25.05.2023
өлшемі72,77 Kb.
#97075
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 сынып каз.docx 2

Тапсырма №3

Көп нүктенің орнына туынды етістіктерді қойып жаз,мақал-мәтелдерді орыс тіліне аудар.


1.Досы көппен ...,


Досы азбен ... .


... досыңа, ... басыңа.


Дос тұтқанды ... .


Керекті сөздер: қадірле, келер, сырлас, күлме, сыйлас.




Тапсырма №5

Берілген сөйлемдердің дұрыс аудармасын тап.


I.В одну дыру холодный ветер входит, в другую выходит.


Суық жел біресе кіреді, біресе шығады.


Ал маған жылу қалады.


Бір тесіктен суық жел кіріп, қайта шықты.


Сен қалай тоңбайсың?


Суық жел бір тесіктен кіріп, екіншісінен шығады.


II. Не продам. Я без своей шубы сразу замерзну.


Ішігіңізді маған сатыңызшы.


Сенің ішігіңде теріден гөрі тесік көп.


Ішігімді бере м ін әрі ақша қосамын.


Сатпаймын. Мен өз ішігімсіз бірден тонамын.


Тонбайсың. Орнына менің түлкі ішігімді ал.


Тапсырма №6


Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңдер.


Үлгі: негізгі түбір: туынды түбір: жұрнақ:


аял аялда -да


аз азай -ай


Аялда, азай, жасар, соққыла, ашыл, шуылда, тыныштал, отырғыз,жатпа, кеткен, білдір, көргіз, салдыр, тергіз, оқыт, ағарт, алдыр, жүірт, ақтарыл.


Тапсырма №7


Берілген есім сөздере жұрнақ жазып, етістікке айналдырып жазыңдар.


Үлгі: әшекейле, алаңдау,...


Әшекей, алаң, амал, ашу, әзіл, әсем, әсер,әрекет, аяқ, айшық, айқын, тамыр, әңгіме, сыр, адал, адым, аз, ажар, айбат,сан.

Үстеу

Тіліміздегі қимылдың, і-әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын,тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын,т.б сипаттарын білдіретін сөздер үстеу деп аталады.


Үстеулер мағынасына қарай 7 түрге бөлінеді:


Мезгіл үстеуі. Сұрақтары:қашан?, қашаннан? Мысалы:бүгін,ертең, таңертең, күні-түні, қыста, күзден бері, жазғытұрым т.б.


Мекен үстеуі. Сұрақтары қайда?қайдан? Мысалы:ілгері,жоғары,төмен,алды-арты,әрі-бері, т.б.


Сын-қимыл үстеуі. Сұрақтары:қалай?қайтіп?қалайша?кімше?Мысалы:ақырынжүрді, тез келді,бірден сөйледі,шалқасынан құлады,балаша мәз болды,емін-еркін отырды, бостан-босқа жүрді т.б.


Мөлшер үстеуі. Сұрақтары:қанша?қаншама?қаншалық?қаншалық? мысалы:сонша, онша,біраз,бірталай, неғұрлым т.б.


Күшейткіш үстеуі. Сұрақтары: қалай?қандай? мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т.б.


Мақсат үстеуі. Сұрақтары:қалай?не мақсатпен? Мысалы:әдейі, жорта, әдейлеп, қасақана т.б.


Себеп-салдар үстеуі. Сұрақтары:не себепті, неге?қалай?мысалы:босқа, амалсыздан, шарасыздан, текке, әншейін т.б.


Тапсырма №1


Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, үстеудің түрлерін анықтаңдар.


Әдейі айт...ым, аса кө...іл бөлу, тіпт..., көп, м...лдем білмейді, сонша жауд..., амалсыздан бақт...м.


Тапсырма №2


Мына сөздерді үстеумен тіркеп жазыңдар.


Үлгі: жай келді ( пришел просто)


Келді, демаламыз, мінезіміз, аулаймыз.


Тапсырма №3


Берілген мекен үстеулерін кірістіре отырып сөз тіркесін, сөйлемдер құрап жазыңдар.


Кейін. Алда. Бері. Жоғары. Ілгері. Төмен.


Тапсырма №4


Мәтінді оқып, күшейткіш үстеулерді табыңдар.


Содан бері қысқы жүні жетіліп, өңі ажарланып, қатты құлпырып қалған. 2. Осы кзде созыла шапқылаған тосушылардың барлығы да мүлдем шаршаған болатын. 3. Мұнда бүін аса үлкен әбігер бар.Абай мен оның барлық үй-іштері, іні-шәкірт, достары үшін ең қадірлі әбігер. 4. Тауық етінен жасаған бұл кеспе өте дәмді піскен екен.5. Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді. Сырт ажарында тіпті тірлік белгісі жоқ.


Тапсырма №5


Берілген үстеулерді қатыстырып, мәтін құраңдар.


Үлгі: мектеп оқушылары, жаздыүні егіс басына барып, ата-аналарына көмектеседі.


Жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні, ендігәрі, құсша, лезде, ақырын, әлссін-әлсін.


20


Тапсырма №6

Сөйлемдерді оқып, аударыңдар. Осы сөйлемдерді рет-ретімен қойып, мәтін құраңдар. Мәтінге ат қойыңдар.


Біз кешке жаяу қайттық.


Аспан таза, күн ашық болды.


Онда торғай, көкек, бұл-бұл жайылып жүр.


Қырда көп мал жайылып жүр.


Таудың етегінде терек, емен, қайың өсіп тұр.


Өзен жағасында көк шөп, үл өседі.


Біз сол жерде демалыс күні болдық.


Жаңбыр жаумады, күн ашық болды.


Тапсырма №7


Берліген үстеулерді мағыналық түрлеріне қарай бөліп жазыңдар.


Бүгін,былтыр, кейін, ақырын, әбден, әдейі, босқа, кешке, қыстыгүні, мұнда, артта, төмен, әрең-әрең, лезде, орасан, амалсыздан, соғұрлым, бірт-бірте,аса, текке, жорта, біраз, бірталай, неғұрлым, өте, тым, тіпті, әншейін, мүлдем, онша, емін-еркін.


Тапсырма №8


Өз мектебің туралы айтып бер.


21


Еліктеу сөздер.

Айналадағы(табиғаттағы) әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады.


Мысалы тырс(етті), сарт (етті), күмп (берді), гүрс (етті), жалт-жұлт, қалт-құлт, ыржың-ыржың, арбаң-арбаң, сарт-сұрт т.б.


Еліктеу сөздердің түрлері


Еліктеуіш сөздер. Мысалы: тырс етті, сарт етті, қыңқ етпеді, гүрс ете түсті, саңқ етті, топ ете түсті, қор ете қалды т.б.


Бейнелеуіш сөздер. Мысалы: жалт қарады, ербең етті, тыржың етті, маң-маң басты, қызараң-қызараң етті, жалт-жұлт етті т.б.


Тапсырма №1


Көп нүктенің орнына төмендегі еліктеуіш сөздердің тиістісін қойып, жазыңдар.


Үйдегі жұрттың бәрі ... боп тысқа қарай ақтарылды. Сол дауыспен аралас тасты жерде тарсылдатып шатқан көп аттың ... сатырлап қатты қағысып жатқан сойыл дауысы да естілгендей болды. Тысқа шыққан ер-азамат қарбаласып ... жүгіріп, қақтығып жүріп, сойыл қаруларын табысып алып, білі ілері, бірі кейін ... етіп аттарына мініп жатты.


Керекті сөздер: абыр-сабыр, шақыр-шұқыр, дабыр-дұбыр, сатыр-сұтыр.


Тапсырма №2


Берліген еліктеу сөздерді түрлеріне қарай бөліп жазыңдар.


Жалт-жұлт. Тарс-тұрс, салдыр-гүлдір,маң-маң, гүрс, ербең-ербең, қор ету,саңқ, қызараң-қызараң,ыржың-ыржың, топ етті, абыр-сабыр, қорбаң-қорбаң.


Тапсырма №3


Берілген еліктеу сөздерден сөз тіркесі мен сөйлем құрастыр.


Тырс етті, сарт етті, қыңқ етпеді, гүрс ете түсті, саңқ етті, топ ете түсті, қор ете қалды, жалт қарады, ербең етті, тыржың етті, маң-маң басты, қызараң-қызараң етті, жалт-жұлт етті.


Тапсырма №4


Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз.


Тыр... етті, с...рт етті, қ...ңқ етпеді, г...рс ете түсті, са...қ етті, то... ете түсті, ...ор ете қалды, жа...т қарады, ерб...ң етті, тырж...ң етті, ма...-маң басты, қыз...раң-қызараң етті, жал...-жұлт етті.


Тапсырма №5


Сурет бойынша еліктеу сөздерді қатыстырып, шағын мәтін құрастыр.


22

23


Шылау сөздер.


Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздерді шылау сөздер лейміз.


Шылау сөздер мағынасына қарай 3 түрге бөлінеді.Олар:


Жалғаулық шылаулар- мен,бен, пен, да, де,та, те, және, бірақ, алайда, дегенмен, біресе, бірде, кейде, не, немесе, себебі, өйткені, сондықтан.


Септеулік шылаулар - үшін, туралы, жөнінде, жайлы, арқылы, дейін, шейін, бері, кейін, бірге, қатар, қабат, сайын, тәрізді.


Демеулік шылаулар – ма, ме, ба,бе, па,пе, ақ,ау,ай,да, де, та,те, қой,ғой,ды, ді,ты, ті, ғана, қана, тек, түіл, тұрмақ.


Тапсырма №1


Көп нүктенің орына тиісті септеулік шылауларды қойып жазыңдар.


Латифа кітап оқу ... кітапханаға барды.2.Мен кітапханаға Латифамен ... бардым. 3. Кітапханадан ... үйге қайттық.4. Латифаны үйіне ... шығарып салдым. 5. Сабақтан ... театрға барамыз. 6. Күн ... кітап оқуды әдетке айналдырдым.


Тапсырма №2


Мақал-мәтелдерді дауыстап оқып, шылау сөздерді табыңдар.


Жаман да болса, көршіңді жамандама.


Жаманға сейіл де сейіл,


Серелдең де сейіл.


Қорқақ пен қорқақ қорықпай көрісер.


Тапсырма №3


Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылау сөздердің астын сыз. Оларды түрлеріне қарай ажырат.


Үйдің үлкені де, кішісі де – осы.2. Азамат болу үшін өмір сүрсек қой. 3.Қолына тек домбыра берсең болды, шырқайды да кетеді.4. Өтірік пе, шын ба?5. Бала «азаматсың ғой» дегенге мрейленіп қалды. 6. Ақындық пен әншілікті қатар алып жүру оңай емес. 7.Өмірден өз орнын тапқан-ды.


Тапсырма №4


Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына жақша ішіндегі шылау сөздердің аудармасын жаз.


Ол бүгін аңшы туралы ... (или) табиғат туралы мәтін оқыды. 2. Күйтабақта Құрманғазы ... (и) Тәттімбеттің күйлері жазылған. 3. Оқығанымның бәрін түсінемін ...(но) айта алмаймын.4. Қазақ тілін бұрын оқыған жоқпын, ...(потому что) Ресейде тұрғанмын.5. Өткен сабақта болған жоқпын, ...(поэтому) тапсырманы орындай алмадым.6. ... (если)айтқаны дұрыс болса, ешқашан қателеспейміз.7. Сен қазақтың белгілі әншілерін білесің ... (ли)?


24


Тапсырма №5

Сөйлемдерді аяқтап, жалғаулық шылауларды қызметіне назар аудар.


22 наурыз күні біз демаламыз, өйткені ... .


Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады, себебі ... .


Табиғат адамға бәрін береді, бірақ біз ... .


Менің табиғат ғажайыптары туралы көп білім келеді, сондықтан ... .


Біресе мәтін оқимын, біресе ... .


Қазақстанның солтүстік аймағы қыста суық болады, бірақ ... .


Тапсырма №6


Көп нүктенің орнына тиісті септеуліктерді қойып, жаттығуды көшіріп жаз. Сөйлемдерді орыс тіліне аударып, мазмұнын есіңе сақта.


Іле өзені Қапшағайдан ... Балқан көліне құяды. 2. Әміре Қашаубаев Париждегі концерттен ... Еуропаға белгілі болды.3. Мақал-мәтелдердің мазмұны ... мұғалім әңімелеп берді. 4. Құрманғазы өзінің күйлерін не ... шығарған. 5. Шешендік сөздерді оқығаннан ... әдебиетке қызығып жүрмін.6. Үш ай қыстан ... көктем болады.7. Отан ... отқа түс күймейсің.


Тапсырма №7


Берілген шылау сөздерді кестеге толтырып жаз.


Алайда, дегенмен, біресе, бірде, кейде, не, немесе, себебі, өйткені, сондықтан, үшін, қабат, сайын, та,те, қой,ғой,ды, ді,ты, ті, ғана, қана, тек, түіл, тұрмақ, мен,бен, пен, да, де,та, те, және, бірақ, туралы, жөнінде, жайлы, арқылы, дейін, шейін, бері, кейін, бірге, қатар , тәрізді, ма, ме, ба,бе, па,пе, ақ,ау,ай,да, де.


Жалғаулық шылау сөздер


Септеулік шылау сөздер


Демеулік шылау


сөздер


25

Тапсырма №8


Сурет бойынша әңгімелес.


26


Одағай

Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін немесе жан-жауарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп аталады.


Одағайдың түрлері


Одағай ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.


Көңіл-күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, режу, түңілу, өкіну, шошыну,назар аудару сияқты мәнді білдіреді.Олар: пәлі, ойпырмай, алақай, пай-пай, бәрекелді, түу, уһ,аһ,әй,еһе, әттең-ай,ой,қап, әттеген-ай т.б.


Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді. Олар: тәйт, тек,жә т.б.


Шақыру одағайлары мал, ит, құсты шақыру. Қуумен байланысты мәнді білдіреді. Олар: құрау-құрау, шөре-шөре, ауқау-ауқау, пұшайт-пұшайт, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, кә-кә, пырс т.б.


Тапсырма №1


Одағай сөздерді тап, астын сыз.


–Бәрекелді!


-Түу, сөз бар ма? Осы күнге дейін неге таппай жүрсің мені, қап!


2. – Мақара!Мынау нағыз масқара екен, шырағым.


- Иә,Сейіл, солай!


- УФ-ф! –деп күрсінді Кенжебек.


- Иә,иә! – деп шу етті оқушылар.


3.- Япыр-ау, осы сізге түсер олжа бар ма?


-Пәлі, пәлі, сөзіне!


-Бәрекелді, әбзелі сөз!


-Уа,сөз төресі осы да!.. –деп даурығып, мақтау айтқан Алшынбай.


Тапсырма №2


Берілген одағай сөздерді мағынасына қарай кестеге толтырып жаз.


пәлі, ойпырмай, алақай, пай-пай, бәрекелді, түу, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, кә-кә, пырс, тәйт, тек, құрау-құрау, шөре-шөре, ауқау-ауқау, пұшайт-пұшайт, жә, әттең-ай,ой,қап, әттеген-ай, пәлі, ойпырмай, алақай, пай-пай, бәрекелді, түу, уһ,аһ,әй,еһе, әттең-ай.


Көңіл-күй одағай сөздер


Шақыру одағай сөздер


Жекіру одағай сөздер


Тапсырма №3

Өлеңнен шақыру одағайларын тап. Төрт-түлік мал төлін қалай шақыратынын есіңе сақта.


27


Төлді қалай шақырады?

Қой баласы – қоңырым,


Ұя бұзбас момыным,


Шопан ата түлігі –


Қошақаным қайдасың?


Пұшайт,пұшайт!


Жүнін жұлса бақырған,


Ешкі атасын шақырған,


Өрісте өскен жануар –


Шөкетайым, қайдасың?


Шөре,шөре!


Жолға шықсам көлігім,


Жапанда жүрсем серігім,


Қамбар ата өсірген


Құла атым менің, қайдасың?


Құрау,құрау!


Тапсырма №4


Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті одағайларды жазыңдар.


А) ..., тісім ауырып тұр, қабылдай ма?


Ә) ...! Мына бөрік сізге керемет жарасып тұр.


Б) ...! Сонда қалай болды?


В) ...! Жарайсың, тура тиіздің ғой.


Г) ...! Достар түгел жиналыпты.


28


Тапсырма №5

Сөйлемдердің тыныс белгілерін қойыңдар.


Жарайсың балам өнеріңе қуанамыз.


Түу неғылған адамсың?


Тәйт жетер енді!


Алақай Астанадан ағам келді!


Пай-пай табиғат неткен сұлу!


Тапсырма №6


Берілген одағай сөздерден сөйллемдер құрастыр.


Пай-пай, уһ, ой, паһ, апыр-ай, алақай, әттеен-ай, жә, тек, тәйт, бәрекелді.


Тапсырма №7


Оқып шығып, одағайларды табыңдар, мәтінді орыс тіліне аудырыңдар. Одағайларды көшіріп жазыңдар.


Ой, әттеген-ай, айырылып қалдым-ау! Әй, анау кім? Әй, Маратпысың? Қап, үйдіңіші суып кетіпті! Паһ, неткен дауыс! Уф-ф! Қандай ыстық! Алақай! Біз киноға баратын болдық. Ойбай, аяғым ауырып кетті ғой!Ойпырмай, күннің суығын-ай! Қап, автобус кетіп қалды-ау!


Тапысрма №8


Суретке қарап, одағай сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.


29


30

Зат есім

1-нұсқа

1. Жалпы есімді табыңыз.


А) Балқаш. В) Сырдария. С) Бетпақдала. Д) Тау. Е) Жамбыл.


2. Туынды зат есімді көрсетіңіз.


А) Еңбекті. В) Еңбекші. С) Еңбекпен. Д) Еңбегің. Е)Еңбектен.


3. Туынды зат есім жасаушы қосымшаны көрсетіңіз.


А) Сөйлем. В) Қолға. С) Мектеп. Д) Әке. Е) Кеңесші.


4. Туынды зат есім жасаушы қосымшаны көрсетіңіз.


А)Септік жалғау В)Көптік жалғау. С)Жіктік жалғау. Д)Тәуелдік жалғау. Е)Жұрнақ.


5. Көптік жалғаулы зат есімді табыңыз.


А) Гүлдер. В) Өлең. С) Өтірік. Д) Шын. Е) Есік.


6. Синонимдік қатар құрайтын зат есімді табыңыз.


А) Суретші, сурет. В) Әдемі, сұлу. С)Жоғары, төмен. Д)Дәстүр, салт. Е)Ем,дәрі.


7. Туынды зат есімді табыңыз.


А) Дүкен. В) Жерде. С) Айна. Д) Жазушы. Е) Ән.


8. Керекті зат есімді табыңыз.


Мен дүкеннен жаңа ... сатып алдым.


А) Сабақ. В) Үй. С) Көйлек. Д) Дәптерде. Е) Қаламның.


9. Зат есімнің жалпы есім түрін табыңыз.


А) Алакөл маңы. В) Ердің анасы-елі. С) «Балдырған» журналы. Д) Қазақстан Республикасы. Е) Есіл өзені.


10. Киім тігумен айналысатын адамды белгілеңіз.


А) Тігінші. В) Ұста. С) Хатшы. Д) Басшы. Е) Мұғалім.


11. Туынды сөзді табыңыз.


А) Аң. В) Жұмыскер. С) Жол. Д) Оқ. Е) Ас.


12. Тәуелдік жалғаулы зат есімді табыңыз.


А) Басқа. В) Аяғым. С) Кеудеден. Д) Қолдың. Е) Көзді.


13. Негізгі зат есімді анықтаңыз.


А) Адам. В) Қойшы. С) Бұрғы. Д) Жақсылық. Е) Білім.


31


14. Дерексіз зат есімді табыңыз.

А)Тұңғыш президент. В)Атақты ғалым. С)Алғашқы махабат. Д)Алғашқы ұстаз. Е)Жақсы адам


15. Күрделі жалқы есімді табыңыз.


А) Астана. В) Жомарт. С) Тараз. Д) Абай. Е) Қартқожа.


16. Туынды сөзді табыңыз.


А) Оқушы. В) Қол. С) Ана. Д) Ас. Е) Аға.


17.Кім? деген сұрақ қай сөзге қойылатынын табыңыз.


А) Үй. В) Алма. С) Бала. Д) Қоян. Е) Гүл.


18. Түбір сөзді табыңыз.


А) Бұрғы. В) Ойыншық. С) Ауыл. Д) Атадан. Е) Егін.


19. Жер-су аттарына қатысты жалқы есімді табыңыз.


А) Төле би. В) Асанқайғы. С) «Ботагөз» Д) Ақтөбе. Е) «Астана хабары»


20. Заттық ұғымды білдіретін сөз табын табыңыз.


А) Сан есім. В) Есімдік. С) Зат есім. Д) Сын есім. Етістік.


21. Зат есімді табыңыз.


А) Екеу. В) Тарихи. С) Қызық. Д) Кең. Е) Қолөнер.


22. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.


А) Шөп. В) Тұз. С)Құс. Д) Басшы. Е) Үй.


23. Түбір сөзді табыңыз.


А) Кісі. В) Апам. С) Дастарханға. Д) Бауырының. Е) Үйде.


24. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.


А) Ағаң. В) Жұмысшы. С) Жұмыста. Д) Жұмыстар. Е) Кімсің.


25. Табиғат тақырыбына сәйкес сөзді табыңыз.


А) Оқушы. В) Бұтақ. С) Сабақ. Д) Мектеп. Е) Бала.


32


2-нұсқа

1. Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы есімді көрсетіңіз.


А) Абай, Балбырауын. В) Іле, Лепсі. С) Амангелді,Ақбота. Д) Қарағанды, Жетісу. Е) Балқаш, Зайсан.


2. Негізгі зат есімді табыңыз.


А) Егін. В) Балықшы. С) Әке. Д) Кітапхана. Е) Бұрғы.


3. Шығыс септігіндегі зат есімді табыңыз.


А) Сабақтар. В) Табысқа. С) Дәрігерден. Д) Гүлді. Е) Оқушының.


4.Түбір сөздер қатарын табыңыз.


А) Күйші, биші. В) Қалқатай, шырағым. С) Іні, аға, көке. Д)Әнші, суретші. Е)Анашым, әкетай.


5. Асыл тастармен жұмыс істейтін адамды белгілеңіз.


А) Ұста В) Зергер С) Дәрігер Д) Мүсінші Е) Ұстаз


6. Ілік септігіндегі зат есімді табыңыз.


А) Түлкі. В) Радиодан. С) Иттер. Д) Терезенің. Е) Ағашқа.


7. Әкеңнің шешесі сізге кім болатынын анықтаңыз.


А) Әпке. В) Тәте. С) Туыс. Д) Нағашы әже. Е) Әже.


8. Жануарлардың ұйқыға кететін мезгілін көрсетіңіз.


А) Күз. В) Көктем. С) Жаз. Д) Қыркүйек. Е) Қыс.


9. Үй ішіне қатысты сөздерді табыңыз.


А) Қабырға, төбе, есік В) Тұлпар, күн сәулесі С) Дәптер, кітап, сызғыш Д) Емен, қайың, шырша Е) Бөлме, қабат, терезе


10. Қыстың өзіне тән белгісін атаңыз.


А) Жауын. В) Жел. С) Шөп. Д) Жаңбыр. Е) Қар.


11. Анаңның анасы сізге кім болатынын анықтаңыз.


А) Тәте В) Апа С) Әке Д) Нағашы әже Әпке


12. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.


А) Көл. В) Құс. С) Көлшік. Д) Төсек. Е) Қой.


13. Жаз айын белгілеңіз.


А) Маусым В) Ақпан С) Қыркүйек Д) Қазан Е) Мамыр


33


14. Қай түбір сөзге қосымша дұрыс жалғанғанын көрсетіңіз.

А) Күйшы. В) Қобызші. С) Домбырагер. Д) Биші. Е) Сауынші.


15. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.


А) Дәптерлер. В) Сыныбым. С) Оқулық. Д) Жүр. Е) Сен.


16. Отбасы тақырыбына жатпайтын сөздер.


А) Әке. В) Апа. С) Қол. Д) Қарындас. Е) Шеше.


17. Түбір сөзді табыңыз.


А) Асхана. В) Түн. С) Қалада. Д) Көрсеткіш. Е) Түндік.


18. Қыс айларын анықтаңыз.


А) Қаңтар, ақпан. В) Маусым, шілде. С) Қазан, тамыз. Д) Наурыз, сәуір. Е) Мамыр, қыркүйек.


19. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.


А) Таулар. В) Доп. С) Ала-құла. Д) Аурухана. Е) Қара.


20. Түбірлес сөздерді табыңыз.


А) Тал, қамқор. В) Құлыншақ, бота. С) Жұмыс, жұмыскер. Д) Зат, доп. Е) Қалам, бақша.


21. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.


А) Үйдің. В) Көшеге. С) Даңғылдан. Д) Кітапхана. Е) Салтанатпен.


22. Киіз үй сөз тіркесіне қойылатын сұрақты табыңыз.


А) Қашан? В) Қайда? С) Неге? Д) Ненің? Е) Не?


23. Түбір сөзді табыңыз.


А) Кәмпиттер. В) Бауырының. С) Ақылың. Д) Дастарқанға. Е) Ақыл.


24. Түбірлес сөздерді табыңыз.


А) Жаз, орман. В) Орман, арман. С) Доп, ойыншық. Д) Түн, түндік. Е) Ақ, аға.


25. Мектепке қатысты сөздерді табыңыз.


А) кең, таза, суретші В) сынып, қабат, жарық С) әдемі, сұлу, көрікті


Д) шебер, тігінші, қоғам Е) көше, даңғыл, шағын аудан


34


Сын есім

1-нұсқа

1. Заттың дәмін білдіретін сөзді атаңыз.

А) Алыс В) Ақылды С) Үлкен Д) Қара Е) Тәтті


2. Сын есімді табыңыз.


А) Доп. В) Аспан. С) Қарлығаш. Д) Көрпе. Е) Қызыл.


3. Сын есім болмайтын сөзді табыңыз.


А) Көз. В) Ұзын. С) Кең. Д) Ақымақ. Е) Көк.


4.Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз.


А) Кішкене төбешік. В) Малды ауыл. С) Биіктеу адам. Д) Сыпайы бала. Е) Баспахана үйі.


5. Күрделі сын есімді табыңыз.


А) Қызыл ала. В) Көкшіл. С) Қара. Д) Қызылдау. Е) Әдемі.


6. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.


А) Ынталы. В) Киелі. С) Тамаша. Д) Білімді. Е) Атақты.


7. Арман сөзіне тіркес бола алатын сын есімді көрсетіңіз.


А) Биік. В) Көк. С) Таза. Д) Ширақ. Е) Ашық.


8. Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз.


А) Заттың атын В) Заттың іс-қимылының мекенін С) Заттың іс-қимылының мезгілін Д) Заттың қимылын Е) Заттың түр-түсін


9. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.


А) Пырақ. В) Алтын. С) Жаңбырлы. Д) Қос. Е) Бейне.


10.Туынды сын есімді табыңыз.


А) Тауың. В) Таумын. С) Таулы. Д) Тауға. Е) Таулар.


11. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.


А) Семіз өзен. В) Тәртіпті ой. С) Жуас кітап. Д) Әдеби тіл. Е) Тәтті ауыл.


12. Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.


А) Адамды қуанту. В) Адамның өмірі. С) Алты адам. Д) Адал адам. Е) Адам үшін.


13. Күрделі сын есімді табыңыз.


А) Көк. В) Сары ала. С) Қызық. Д) Жасыл. Е) Сұлу.


35


14. Қатаң дауыссыз дыбыстан тұратын сын есімді көрсетіңіз.

А) Үлкен. В) Әдемі. С) Жабайы. Д) Қысқыш. Е) Дәмді.


15. Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді табыңыз.


А) Рәміз. В) Тағдыр. С) Арман. Д) Мерекелік. Е) Дастарқан.


16. Сын есімді табыңыз.


А) Қайық. В) Бұрын. С) Ырық. Д) Бұйрық. Е) Жарық.


17. Күрделі сын есімді табыңыз.


А) Таза. В) Тұнық. С) Шыдамды. Д) Ұзақ. Е) Орта бойлы.


18. Сын есімді табыңыз.


А) Келді. В) Тәтті. С) Айтты. Д) Көшті. Е) Көкті.


19. Досыңның мінезіне сәйкес сөзді табыңыз.


А) Түзу. В) Жуан. С) Жіңішке. Д) Биік. Е) Мейірімді.


20. Негізгі сын есімді табыңыз.


А) Ақылды. В) Жарық. С) Жібектей. Д) Салмақты. Е) Судай.


21. Туынды сын есімді табыңыз.


А) Терең. В) Қызыл. С) Қызық. Д) Таулы. Е) Әдемі.


22. Күрделі сын есімді көрсетіңіз.


А) Қызыл қоңыр. В) Қаралау. С) Ақшылтым. Д) Көгілдір. Е) Аппақ.


23. Әлияның бойы қандай екенін белгілеңіз.


А) Қоңыр. В) Ақшыл. С) Жалғыз. Д) Сарғылт. Е) Ұзын.


24. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары арқылы қай сөз табы жасалатынын көрсетіңіз.


А) Есімдік. В) Етістік. С) Сан есім. Д) Зат есім. Е) Сын есім.


25. «Арық ...» сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз.


А) Қалам. В) Аспан. С) Ағаш. Д) Қой. Е) Төсек.


36


2-нұсқа

1.Күрделі сын есімді табыңыз.


А) Жақсырақ. В) Қызғылт. С) Көгілдір. Д) Биіктеу. Е) Тұп-тұнық..


2. Заттың түсін білдіретін сын есімді көрсетіңіз.


А) Зейінді, ынталы. В) Жас, кәрі. С) Қара, көк. Д) Үлкен, биік . Е) Жақсы, ақылды.


3. Сын есімді табыңыз.


А) Жаңбырлы. В) Дәптер. С) Терезе. Д) Кілем. Е) Орындық


4. Зат есімнен жасалған сын есімді көрсетіңіз.


А) Адамның мінезі. В) Ұзын ағаш. С) Биіктеу адам. Д) Таулы жер. Е) Кішкене төбешік.


5. Адамның шашы қандай болатынын көрсетіңіз.


А) Үлкен. В) Арық. С) Биік. Д) Қысқа. Е) Қатал.


6. Сын есімді табыңыз.


А) Естігенді. В) Әйелді. С) Дәптерді. Д) Кеткенді. Е) Дәмді.


7. Сын есім қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.


Еркін- сабағын жақсы оқитын бала.


А) Бастауыш. В) Пысықтауыш. С) Анықтауыш. Д) Баяндауыш. Е) Толықтауыш.


8. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.


А) Анау бала. В) Сұлу әйел. С) Алты адам. Д) Бес қыз. Е) Менің атам.


9. Қыста ауа райы қандай болатынын табыңыз.


А) Ыстық. В) Жылы. С) Қарлы. Д) Жаңбырлы. Е) Жауынды.


10. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.


Айдынның көзі қара, бойы ұзын, мінезі ...


А) Жұмсақ. В) Кіші. С) Көк. Д) Ұзын. Е) Қысқа.


11. Күрделі сын есімді табыңыз.


А) Әп-әдемі. В) Кемдеу. С) Аласалау. Д) Сарғылт. Е) Көкшіл.


12. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз.


А) Кімнің? ненің? В) Қандай? қай? С) Қанша? неше? Д) Қайда? қалай? Е) Не істеді? қайтты?


13. Сын есімді табыңыз.


А) Бөлме. В) Төсек. С) Кілем. Д) Жайлы. Е) Төсеніш.


37


14 Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.

А) Менің апам. В) Алты ұл. С) Сұлу жігіт. Д) Жеті ата. Е) Анау бала.


15. Толықтырыңыз: «Менің отбасым ... тұрады»


А) Бауырмал. В) Тату-тәтті. С) Үлкен. Д) Ақылды. Е) Дәстүр.


16. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді табыңыз.


А) Жылдам. В) Ұлттық. С) Шешім. Д) Ойынды. Е) Күндер.


17. Тәуелденген сын есімді табыңыз.


А) Айтарың бар ма? В) Сенің балаң. С) Ешкімің жоқ. Д) Жақсың қайсы? Е) Біреуің кел.


18. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінетінін анықтаңыз.


А) 2 В) 6 С) 4 Д) 5 Е) 3


19. Сын есімнің салыстырмалы шырайын анықтаңыз.


А) Ауылдық. В) Ауыспалы. С) Әдемілеу. Д) Күзгі. Е) Тәжірибесіз.


20. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімді табыңыз.


А) Жасыл, қып-қызыл. В) Ал қызыл, сұрша. С) Көк, қызыл. Д) Өзекті, ұстамды.


Е) Жабық, ағарып.


21. Күшейткіш буын арқылы жасалған күшейтпелі шырайды табыңыз.


А) Өте әдемі. В) Ең әдемі. С) Тым әдемі. Д) Әп-әдемі. Е) Аса әдемі.


22. Сын есімді табыңыз.


А) Кесу. В) Турау. С) Майлы. Д) Шырын. Е) Оқу.


23. Туынды сын есімді табыңыз.


А) Бөлме. В) Төсек. С) Кілем. Д) Таулы. Е) Төсеніш.


24. «Қой аузынан шөп алмас» фразиологизмі қандай мінезді білдіретінін табыңыз.


А) Қатал. В) Момын. С) Тентек. Д) Сараң. Е) Жалқау.


25. Сын есімді табыңыз.


А) Ана. В) Төмен. С) Мен. Д) Қара. Е) Аурухана.


38


Сан есім

1-нұсқа

1. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.

Таңертең сағат жетіде тұрамын.


А) Ілік септік. В) Барыс септік. С) Көмектес септік. Д) Жатыс септік. Е) Атау септік.


2. «2» санынан жинақтық сан есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.


А) –дан. В) –тен. С) –нші. Д) –еу. Е) –ні.


3. Бөлшектік сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.


А) Не істеді? В) Кімнің? С) Қай? Д) Кім? Е) Қанша?


4. Күрделі сан есімді табыңыз.


А) Бесінші. В) Екі. С) Алты. Д) Үш жүз жетпіс. Е) Төртеу.


5. Соңғы дыбысы дауысты жіңішке түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.


А) –нші. В)-нші, -інші. С) –ншы. Д) –інші. Е) –ншы, -ыншы.


6. Күрделі реттік сан есімді табыңыз.


А) Он-он бес. В) Екі бүтін оннан үш. С) Он бір. Д) Он бірінші. Е) Отыз тоғыздан.


7. Тиісті сан есімді қойыңыз.


Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.


А) Екі бүтін үш ондық. В) Екінші. С) Екі-екіден. Д) Екі. Е) Екеу.


8. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.


А) Отыз бесінші. В) Екі кітап. С) Жүз алты. Д) Жиырма. Е) Оннан төрт.


9. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.


А) Екіде. В) Екіден. С) Екіні. Д) Екімен. Е) Екінің.


10. Соңғы дыбысы дауыссыз жуан түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.


А) –ншы, -нші. В) –нші, -ыншы. С) –інші, -нші. Д) –ыншы, -ншы. Е) –ыншы.


11. Сан есімге керекті тыныс белгісін анықтаңыз.


Атам 70 тен асты.


А) Нүкте. В) Қос нүкте. С) Дефис. Д) Жақша. Е) Үтір.


12. Құрамында үнді дауыссыз дыбысы бар сан есімді табыңыз.


А) Жеті. В) Он. С) Отыз тоғыз. Д) Жүз бес. Е) Сегіз.


39


13. Қайсысы реттік сан есім екенін белгілеңіз.

А) Екіден. В) Мың. С) Он. Д) Тоғызыншы. Е) Біреу.


14. Реттік сан есім қосымшасын табыңыз.


А) –ау, -еу В) –ау, -тан С) –еу, -інші Д) –ау, -ыншы Е) –інші, -ыншы


15. Сан есімді белгілеңіз.


А) Тиісті. В) Қызыл. С) Елу бір. Д) Ішті. Е) Өрік.


16. Реттік сан есімнің сұрақтарын табыңыз.


А)Қандай? Қай? В)Неше?Қанша? С)Нешінші? Қаншасыншы? Д)Нешеден? Қаншадан? Е)Нешеу?


17. Күрделі сан есімді табыңыз.


А) Үшеу. В) Екінші. С) Сегіз. Д) Он екі. Е) Бес.


18. Дара сан есімді көрсетіңіз.


А) Екі жүз сегіз. В) Жиырма. С) Он төрт. Д) Жиырма бес. Е) Бестен үш.


19 Білім күні нешінші айда екенін көрсетіңіз.


А) Сегізінші. В) Жетінші. С) Он бірінші. Д) Тоғызыншы. Е) Оныншы.


20. «Он бес» сөзі қандай сан есім екенін белгілеңіз.


А) Дара. В) Толық. С) Күрделі. Д) Жай. Е) Көптік.


21. Бір жылда неше мезгіл бар екенін белгілеңіз.


А) Бір. В) Төрт. С) Он тоғыз. Д) Үш. Е) Алты.


22. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз.


А) Күміс қасық. В) Алтын сағат. С) Ағаш күрек. Д) Екі жолдас. Е) Жібек жолы.


23. Бір айда неше апта барын табыңыз.


А) екі В) алты С) бес Д) үш Е) төрт


24. Жинақтық сан есімді белгілеңіз.


А) Жетеу. В) Белбеу. С) Белгілеу. Д) Істеу. Е) Нешеу.


25. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.


А) Екі. В) Жеті. С) Тоғыз. Д) Жиырма бір. Е) Бес.


40


2-нұсқа.

1. Реттік сан есімді атаңыз.


А) Жетеу. В) Үш-үштен. С) Тоғызыншы. Д) Төрт. Е) Он екі.


2. Бірінші қоңырау қашан соғылатынын белгілеңіз.


А) 5 қыркүйекте В) 23 қарашада С) 1 қыркүйекте Д) 25 қазанда Е) 22 қыркүйекте


3. Бір тәулікте неше сағат барын белгілеңіз.


А) 26 В) 23 С) 18 Д) 24 Е) 35


4. «1989-ый» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.


А) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы. В) Бір мың тоғызыншы жүз сексен тоғыз.


С) Бір мыңыншы тоғыз жүз сексен тоғызыншы. Д) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыз.


Е) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыздай.


5. Дұрыс жауапты белгілеңіз: Биыл нешінші сыныпта оқисың?


А) Тоғызыншы В) Сегізінші С) Он бірінші Д) Жетінші Е) Оныншы


6. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.


А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді. В) Заттың реттік санын білдіреді. С) Заттың санын топтап көрсетеді. Д) Заттың дәл нақты санын білдіреді. Е) Заттың санын жинақтап көрсетеді.


7. Болжалдық сан есімді табыңыз.


А) Бес-бестен. В) Беске таман. С) Бесінші орын. Д) Бес адам. Е) Сағат бесте.


8. Бөлшектік сан есімді атаңыз.


А) Жеті. В) Үштен бір. С) Біреу. Д) Төрт. Е) Бесінші.


9. Жинақтың сан есімді табыңыз.


А) Төрттен бір. В) Бір. С) Жетеу. Д) Үшінші. Е) Сегіз.


10. Реттік сан есімді көрсетіңіз.


А) Он-оннан. В) Оннан. С) Он екі. Д) Оныншы. Е) Ондаған.


11. Сан есімнің сұрақтарын табыңыз.


А) Кім? Не? Кімдер? Нелер? В) Не істеді? Не қылды? С) Қанша? Неше? Нешінші? Д) Қалай? Неге? Е) Қайтіп? Неістеп отыр?


12.Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.


А) Қырықыншы. В) Елу мың. С) Жеті жүз. Д) Біреу. Е) Жетіден бес.


41


13. Күрделі сан есімді табыңыз.

А) Жетпіс тоғыз. В) Алтау. С) Жүздеген. Д) Қырықыншы. Е) Мың.


14. Реттік сан есімді табыңыз.


А) Бесеу. В) Жетінші. С) Он бестен. Д) Он жеті. Е) Сегіз.


15. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.


А) Тоғыз жүз. В) Бір жарым. С) Екі жүз елу. Д) Он мың. Е) Алтыншы.


16. Дара сан есімді анықтаңыз.


А) Он бес. В) Жетпіс бес. С) Бес-алты. Д) Жиырма. Е) Бір жүз отыз.


17. Болжалдық сан есімді табыңыз.


А) Жүз бір. В) Жүзден. С) Жүзінші. Д) Жүздей. Е) Жүз.


18.Реттік сан есімі бар мақалды көрсетіңіз.


А) Еңбек адамның екінші анасы. В) Қырықтың бірі қыдыр. С) Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан. Д) Жеті рет піш, бір рет кес. Е) Мың қосшыға бір басшы.


19. Жинақтық сан есімді анықтаңыз.


А) Он бес. В) Бестік. С) Төрт. Д) Үшеу. Е) Үштен екі.


20. Есептік сан есімді табыңыз.


А) Жетпісінші. В) Жетіден үш. С) Жетпістей. Д) Жетеу. Е) Жетпіс.


21. Сан есімнің мағыналық топтарын көрсетіңіз.


А)Негізгі,туынды. В)Есептік,реттік. С)Сапалық ,қатыстық . Д)Жалпы,жалқы. Е)Жіктеу, сілтеу.


22. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.


А) Екінің. В) Екімен. С) Екіден. Д) Екіні. Е) Екіде.


23. Болжалдық сан есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз.


А) –ыншы, -інші. В) қосымшасыз. С) –ау, -еу. Д) –дай, -дей. Е) –дан, -ден.


24. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.


А) Екінші. В) Төртеу. С) Он-оннан. Д) Жетпіс бес. Е) Жиырма екінші.


25. Топтау сан есімді көрсетіңіз.


А) Әркім. В) Туып-өскен. С) Әйгілі. Д) Үш-үштен. Е) Бәйтерек.


42


Есімдік

1-нұсқа

1. Төмендегі сөзге тіркес бола алатын жіктеу есімдігін көрсетіңіз.

...бармадық.


А) Оған. В) Театрға. С) Мектепке. Д) Үйге. Е) Қалаға.


2. Сұрау есімдігінің көпше түрін көрсетіңіз.


А) Мыналар. В) Қандайларға. С) Біреулерге. Д) Оларды. Е) Солардан.


3. Есімдіктің түрін көрсетіңіз.


А) Қатыстық. В) Сұрау. С) Көсемше. Д) Есімше. Е) Жинақтық.


4. Тиісті есімдікті қойыңыз: ...сабақ оқыдым.


А) Олар В) Ол С) Мен Д) Біреу Е) Кім?


5. Сұрау мақсатында есімдіктің қай түрі қолданылатынын көрсетіңіз.


А) Сұрау. В) Болымсыздық. С) Жалпылау. Д) Өздік. Е) Сілтеу.


6. Барыс септігінде тұрған өздік есімдігін табыңыз.


А) Кімге. В) Оған. С) Өзіңе. Д) Бүкілінің. Е) Емханаға.


7. Өздік есімдігі бар тіркесті табыңыз.


А) Бұл ел. В) Өз елім. С) Ел мен жер. Д) Менің елім. Е) Ел іші.


8. Есімдікпен толықтырыңыз: ... кісі менің әкем.


А) Күллі. В) Бұл. С) Қалай. Д) Өзі. Е) Сіз.


9. Жатыс септігінде тұрған жіктеу есімдігін табыңыз.


А) Ол. В) Оны. С) Онан. Д) Онда. Е) Оған.


10. I жақта қолданылатын жіктеу есімдігін көрсетіңіз.


А) Мен, сендер. В) Сен, біз. С) Мен, біз. Д) Сіз, сендер. Е) Ол, олар.


11.Сілтеу есімдігін табыңыз.


А) Қайсы. В) Саған. С) Бүкіл. Д) Әркім. Е) Анау.


12. Есімдігі бар тіркесті көрсетіңіз.


А) Кітап оқу. В) Тамақ іштім. С) Үйге келдім. Д) Өз үйім. Е) Доп ойнадым.


43


13. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.

А) Менде кел. В) Мен кел. С) Маған кел. Д) Менің кел. Е) Мені кел.


14. Жіктеу есімдігін табыңыз.


А) Өзім. В) Сен. С) Бұл. Д) Біреу. Е) Бәрі.


15. Еш сөзі арқылы жасалатын есімдіктің түрін табыңыз.


А) Болымсыздық. В) Жалпылау. С) Сілтеу. Д) Сұрау. Е) Жіктеу.


16. Тәуелденіп келген болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.


А) Осы. В) Туың. С) Ешкімім. Д) Бәрі. Е) Көзім.


17. Сұрау есімдігін табыңыз.


А) Бұл. В) Ол. С) Біз. Д) Бәрі. Е) Кім.


18. Сұрау есімдігінің соңғы қосымшасы қандай?


Қонақты сағат нешеге шақырдың?


А) Көптік жалғау. В) Жұрнақ . С) Септік жалғау. Д) Тәуелдік жалғау. Е) Жіктік жалғау.


19. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.


А) Қашан, қалай. В) Міне, әне. С) Бәрі, бүтін. Д) Біздер, сіздер. Е) Біреу, кейбіреу.


20. Ілік септік тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.


А) Нешеуінің? В) Қайсын? С) Кімсіздер? Д) Неңіз? Е) Кіміңіз?


21. Бастауыш қай сөз табынан екенін табыңыз.


Жиналыста ешкім сөйлемеді.


А) Есімдік. В) Етістік. С) Зат есім. Д) Сын есім. Е) Үстеу.


22. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.


А) Әрне, қайбір. В) Ешкім, ешқайсысы. С) Бірдеме, біреу. Д) Өзің, өздері. Е) Түгел, тегіс.


23. Белгісіздік есімдіктерді анықтаңыз.


А) Олар, бұлар. В) Менен, одан. С) Ешқашан, ешқайда. Д) Мен, сен. Е) Кейбіреуге, біреудің.


24. Жіктеу есімдіктер қатарын табыңыз.


А) Олар, сіздер. В) Бұл, сол. С) Бәрі, күллі. Д) Біреу, әркім. Е) Ешкім, еш адам.


25. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.


Нағыз теңіз романтикасы деген осы.


А) Зат есім. В) Одағай. С) Есімдік. Д) Үстеу. Е) Етістік.


44


2-нұсқа

1. Мақалдың ішінен есімдікті белгілеңіз.


Қонағым, өз үйіңді де ойлап отыр.


А) Үйіңді В) Өз С) Қонағым Д) Ойлап отыр Е) Де


2. Жіктеу есімдігін табыңыз.


А) Оны. В) Соны. С) Кімде. Д) Өзім. Е) Біреу.


3. Есімдік пен зат есім тіркесін табыңыз.


А) Өткен ғасыр. В) Осы кітап. С) Жаңа жыл. Д) Төрт дәптер. Е) Биік тау.


4. Сұрау есімдігін көрсетіңіз.


А) Өзім, өзің, өзі. В) Біз, сіз, ол. С) Қандай? қанша? неше? Д) Біреу, кейбіреу, әркім.


Е) Анау, мынау, осынау.


5. Мен, сен, ол, біз, сіз есімдіктерінің түрін белгілеңіз.


А) Сілтеу. В) Жіктеу. С) Сұрау. Д) Өздік. Е) Болымсыздық.


6. Болымсыздық есімдіктерін көрсетіңіз.


А) Барлық, бәрі. В) Әркім, әрқайсысы. С) Сіздер, олар. Д) Сол, бұл. Е) Ешқайда, ешкім.


7. Тиісті сөзді табыңыз: Дүкен ... ашылады?


А) Ештеңе. В) Өзі. С) Әрбір. Д) Қандай. Е) Қашан.


8. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.


А) Барша, түгел. В) Өзім, өздері. С) Ешбір, ешкім. Д) Қайсы, қай. Е) Сол, бұл.


9. Өздік есімдігін белгілеңіз.


Өз елім – менің өлең төсегім.


А) Төсегім. В) Елім. С) Менің. Д) Өз. Е) Өлең.


10. Сілтеу есімдіктерін көрсетіңіз.


А) Кім, не. В) Ешкім, ештене. С) Ешқашан, ешбір. Д) Олар, сендер. Е) Анау,мынау.


11. Белгісіздік есімдіктерді көрсетіңіз.


А) Сені, сендерге. В) Өзі, өздері. С) Әлдекім, әлдене. Д) Оларды, мені. Е) Кімге, неге.


12. Мына сөздердің ішінен болымсыздық есімдігін табыңыз.


А) Әлдене, әлдекім. В) Сол, ол. С) Анау, мынау. Д) Күллі, бүкіл. Е) Дәнеңе, дәнеме.


45


13. Табыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.

А) Бұны. В) Бұлар. С) Бұнысы. Д) Бұнымен. Е) Бұдан.


14.Жалпылау есімдігін табыңыз.


А) Бүкіл. В) Кей шақта. С) Неге. Д) Әрқашан. Е) Дәнеңе.


15. Жіктеу есімдігін табыңыз.


А) Емен. В) Неше. С) Өзі. Д) Ел. Е) Мен.


16. Өздік есімдігін табыңыз.


А) Өркендету. В) Көрсеткіз. С) Мүлдем. Д) Өздеріңіз. Е) Көңілсіз.


17. «Ешқандай, ешқайдан» сөздеріне тән қатарды белгілеңіз.


А) Болымсыз етістік. В) Белгісіздік есімдігі. С) Өздік етіс. Д) Үстеу. Е) Болымсыздық есімдігі.


18. Есімдікті табыңыз.


А) Сонау, мына. В) Белсенді. С) Әрине, мүмкін. Д) Бәрекелді, пәлі. Е) Қызыл, көк.


19. Барыс септік жалғауында тұрған өздік есімдігін табыңыз.


А) Өзіңе. В) Өзі. С) Өзіңде. Д) Өзіміз. Е) Өзіңмен.


20. Белгісіздік есімдігін табыңыз.


А) Бәріміз. В) Біреу. С) Күллі. Д) Бәрі. Е) Барша.


21. «Анау» сөзі қай сөз табы екенін белгілеңіз.


А) Есімдік. В) Етістік. С) Үстеу. Д) Сын есім. Е) Зат есім.


22. Барыс септік жалғаулы сұрау есімдігін көрсетіңіз.


А) Неде? В) Немен? С) Неге? Д) Нелер? Е) Нені?


23. Көп нүктенің орнына лайықты сөзді көрсетіңіз.


... көріп қайттым.


А) Өзге. В) Маратқа. С) Маған. Д) Өзінде. Е) Өзін.


24. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.


А) Жалпы. В) Айнала. С) Бауыр. Д) Бұлар. Е) Бұдан.


25. Сұрау есімдігінің І жақта жіктелген түрін көрсетіңіз.


А) Кімбіз? В) Қаншасы? С) Кімде? Д) Кімі? Е) Қалай?


46


Етістік.

1-нұсқа

1. Күрделі етістікті табыңыз.

А) Айтуды. В) Бастады. С) Барды. Д) Береді. Е) Ойланып қалды.


2. Болымсыз етістікті табыңыз.


А) Алмады. В) Қызғанды. С) Жылады. Д) Күлді. Е) Жуынды.


3. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.


А) Келіп қалдым. В) Тыңдап отыр. С) Шыдамайды. Д) Келген жоқ. Е) Ұнамайды.


4. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті белгілеңіз.


А) Билейді. В) Биледі. С) Биле. Д) Билеу. Е) Билеген.


5. Тұйық етістікті анықтаңыз.


А) Ұнау. В) Айтыс. С) Жу. Д) Көрсет. Е) Қу.


6. Бірыңғай болымсыз етістіктер қатарын көрсетіңіз.


А) Қашты, жазба, ойна. В) Бергенбіз, ойнасам, тістеме. С) Келіпті, тыңда, оқысын. Д) Отырма, сөйлес, біл. Е) Барған жоқ, келме, қайтатын емес.


7. Болымды етістікті табыңыз.


А) Ұшпады. В) Көрсетпеді. С) Жумады. Д) Әкелмеді. Е) Сүртті.


8. Негізгі етістікті табыңыз.


А) Көр. В) Берер. С) Ашуланды. Д) Салынды. Е) Әперді.


9. Өткен шақтағы етістікті табыңыз.


А) Ақша. В) Көрмеу. С) Ақшыл. Д) Келе жатыр. Е) Бітірді.


10. Түбір етістікті табыңыз.


А) Келгелі. В) Келіп. С) Кел. Д) Келіпті. Е) Келу.


11. Қалау райды табыңыз.


А) Менікі емес. В) Бара жатыр. С) Көргім келеді. Д) Көрдім. Е) Кездесетін болдық.


12. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.


А) Қарармын. В) Келмекші. С) Естіген болатын. Д) Бара жатыр. Е) Ұғыпты.


47


13.Көсемшенің жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз.

Түнде тұрып, түн ұйқынды төрт бөлдің,


Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің.


А) Ұйықтасын, тыныш. В) Ұйқынды, түнде. С) Күлдің, бөлдің. Д) Тұрып, сөйлеп. Е) Бөлдің, аз.


14. Шартты райдағы етістікті табыңыз.


А) Отырмас. В) Әңгімеледі. С) Барғай. Д) Кетіңдер. Е) Бармаса.


15.Ауыспалы нақ осы шақты белгілеңіз.


А) Жүр. В) Жазады. С) Жазды. Д) Отыр. Е) Жатыр.


16. Көсемшелі етістікті табыңыз.


А) Жазды. В) Келіп еді. С) Ойнау. Д) Ойланды. Е) Сөйледі.


17. III жақта тұрған сөзді табыңыз.


А) Алды. В) Алдым. С) Алдың. Д) Алдыңыз. Е) Алдық.


18. Қай сөйлемде «ма» болымсыз етістіктің жұрнағы ретінде бірге жазылатынын белгілеңіз.


А) Бала(ма) айт. В) Бұл да бір амал(ма). С) Сен ойла(ма). Д) Балдай тәтті ал(ма). Е) Ол жақсы бала(ма).


19. Қосымшасыз тұрған түбір сөзді көрсетіңіз.


А) Тон. В) Көріңдер. С) Отырғыз. Д) Жарату. Е) Сыйғыз.


20. Асты сызылған сөзге қойылатын сұрақты табыңыз.


Өз отбасымыз ұлттық дәстүрлерді сақтаймыз.


А) Қайтті? В) Қандай? С) Не істейміз? Д) Қалай? Е) Кім?


21. Етістіктің жедел өткен шағын табыңыз.


А) Жеткізер. В) Жеткізген. С) Жеткізді. Д) Жеткізеді. Е) Жеткізетін.


22. Болымсыз етістік жұрнағын белгілеңіз.


А) –дау. В) –ырақ. С) –рек. Д) –па. Е) –леу.


23. Сынып кезекшісінің атқаратын қызметін анықтаңыз.


А) Бала оқытады. В) Телевизор көреді. С) Тақта сүртеді. Д) Гүл тереді. Е) Тамақ ішеді.


24. Қимылды білдіретін сөзді анықтаңыз.


А) Тыңда. В) Түнде. С) Жоғары. Д) Дауыс. Е) Күндіз.


25.Күрделі етістікті табыңыз.


А) Отырмын. В) Отырсыңдар. С) Қыдырамыз. Д) Жазып отырмын. Е) Жуынамыз.


48


2-нұсқа

1. Күрделі етістікті табыңыз.


А) Жаз бойы. В) Ақ үй. С) Барып кел. Д) Көріпкел. Е) Алтыбақан.


2. Болымды етістікті табыңыз.


А) Күлмеді. В) Жуынбады. С) Қуанбады. Д) Алды. Е) Жыламады.


3. Негізгі етістікті табыңыз.


А) Барған. В) Айтар. С) Келмек. Д) Келер. Е) Кел.


4. Осы шақтағы етістікті табыңыз.


А) Айтып кетті. В) Әкеле жатыр. С) Келді. Д) Сұрайды. Е) Барып келді.


5. Көсемшенің жұрнағын табыңыз.


А) –ар, -ер, -р. В) –мақ, -мек. С) –а, -е, -й. Д) –ған, -ген. Е) –атын, -етін, -итын.


6. Қалау райлы етістікті табыңыз.


А) Еңбек етсем. В) Амандасайын. С) Айтқысы келген. Д) Тынығыңыз. Е) Жүдеп қалыпты.


7. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгілеңіз.


Асық..., қи..., жағалас..., ұмыт...


А) –па,-ма,-па,-па В) –ба,-бе,-ма,-па С) –бе,-па,-ме,-ма Д) –ма,-па,-пе,-ме Е) –па,-ма,-па,-ме


8. Көсемшені белгіле.


А) Кет. В) Кеткелі. С) Кетпек. Д) Кеткен. Е) Кетеді.


9. Түбір сөзді табыңыз.


А) Қоныстан. В) Қондыру. С) Қону. Д) Қон. Е) Қоныстану.


10. Тұйық етістікті көрсетіңіз.


А) Қуу. В) Жабық. С) Күл. Д) Түне. Е) Кірген.


11. Болымсыз етістікті табыңыз.


А) Жаз. В) Жүзеді. С) Ашады. Д) Жазба. Е) Оқыды.


12. Шартты рай етістігін анықтаңыз.


А) Айтып келдім. В) Тыңдаса болды. С) Барғым келеді. Д) Біліп отырмыз. Е) Ойнап кел.


13. Тұйық етістікті көрсетіңіз.


А) Жуу. В) Ашық. С) Күндерде. Д) Жақсы. Е) Кірген.


49


14. Күрделі етістікті табыңыз.

А) Жүгірме. В) Ойнады. С) Жаздыртты. Д) Жүре бер. Е) Қуанды.


15. Өткен шақтағы етістікті табыңыз.


А) Отырармын. В) Отырдым. С) Отырмассың. Д) Отырмын. Е) Отырарсың.


16. Күрделі нақ осы шақ бар сөйлемді анықтаңыз.


А) Биыл көктем кеш келді. В) Қар еріп жатыр. С) Өзендерде мұз еріді. Д) Өзен, көлдерден сең кетті. Е) Бүгін ауа – райы жақсы болды.


17. Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті табыңыз.


А) Келдім. В) Алдың. С) Отырмын. Д) Келемін. Е) Жүрді.


18. Екінші жақтың көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз.


А) Жатырсың. В) Жатырсыз. С) Жатырмыз. Д) Жатырсыңдар. Е) Жатырмын.


19. Күрделі етістікті табыңыз.


А) Оқыды. В) Оқып отыр. С) Жазады. Д) Оқиды. Е) Жазбайды.


20. Шартты райлы етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.


А) –ды, -ді. В) –ғы, -гі. С) –са, -се. Д) –ын, -ін, -н. Е) –а, -е, -й.


21. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз.


А) Елпілде. В) Бағала. С) Қалашыл. Д) Тақ . Е) Есім.


22. Негізгі етістікті көрсетіңіз.


А) Отырғыз. В) Аула. С) Үйренуші. Д) Шығар. Е) Ал.


23. Тұйық етістік жұрнағын табыңыз.


А) –ып. В) –й. С) –а. Д) –у. Е) –е.


24. Етістіктің шағы қанша түрге бөлінетінін белгілеңіз.


А) 3. В) 9. С) 2. Д) 8. Е) 7.


25. Туынды етістікті көрсетіңіз.


А) Көреген, сүзеген. В) Жая, қоя. С) Жала, тала. Д) Ойна, ойла. Е) Ойшыл, ойыншыл.


50


Одағай

1-нұсқа.

1.Көңіл-күй одағайын табыңыз.

А) Тәйт. В) Құрау-құрау. С) Айт. Д) Шай-шай. Е) Алақай.


2. Одағай сөзді табыңыз.


А) Паһ-паһ. В) Талапты. С) Ұлдың. Д) Мырс. Е) Жеңіс.


3. Одағайды табыңыз.


А) Дүрс-дүрс В) Ойбай С) Мырс Д) Жорта Е) Ғой


4. Одағай сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгісін табыңыз.


А) Дефис В) Үтір, леп белгісі С) Нүкте Д) Сызықша Е) Нүктелі-үтір


5. Одағай қатысқан сөйлемді табыңыз.


А) Қап, автобус кетіп қалды-ау. В) Көрсетпе! Тый көзіңнің жасын! С) Аспанды бұлт басқан. Д) Далада жаңбыр жауып тұр. Е) Гүрс-гүрс еткен мылтықтың дауысы естілді.


6. Көңіл – күй одағайын табыңыз.


А) Моһ-моһ, жануар! В) Паһ, неткен дауыс! С) Ауқау-ауқау! Д) Құрау-құрау, тұлпарым!


Е) Кә-кә, келе ғой.


7. Үтір мен леп белгісінің қойылу себебін белгілеңіз. Ойпырмай, күннің суығын-ай!


А) Еліктеуіш сөз В) Қыстырма сөз С) Одағай сөз Д) Оқшау сөз Е) Қаратпа сөз


8. Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.


А)Желтоқсанда екінші тоқсан аяқталады. В)Арман, сен үйіңе бара ғой. С)Амал қанша,ақырын күту керек. Д) Әттең, қазір жанымда ағам болғанда ғой. Е) Балам, арыңды жасыңнан сақта.


9. Одағайға байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.


А) Уа, шіркін, ән деп осыны айт! В) Сыналар, ей жігіттер, келді кезің. С) Жүрегім, ойбай соқпа енді...


Д) Япырау әттеген-ай, атын сұрамаппын ғой. Е) Өй Жиренше, жаңағы осы Қодар кім?


10. Дефис қойылуы тиіс одағай сөзді табыңыз.


А) Тәйт. В) Ойбай пәлі. С) Пәлі ойбай. Д) Әттең. Е) Ойбай ай.


11. Одағай мағынасына қарай қандай түрге бөлінеді.


А) Жандану, бейнелеуіш. В) Дара, күрделі. С) Шақыру, күрделі. Д) Көңіл-күй, шақыру, жекіру, таңдану. Е) Еліктеуіш, бейнелеуіш.


51


12. Берілген сөйлемге тиісті одағайды көрсетіңіз.

... ! Достар түгел жиналыпты.


А) Қап. В) Бәрекелді. С) Жә. Д) Әттеген-ай. Е) Әй.


13. Негізгі одағайды табыңыз.


А) Кә-кә. В) Бәрекелді. С) Әттеген-ай. Д) Ой, е. Е) Япырым-ай.


14.Одағайды табыңыз.


А) Бай-бай, Нұржан-ай, тілің қандай ащы! В) Ол әуелі сылқ-сылқ күлді. С) Мағаш, Кәкітай асығыс аттанды. Д) Дұрыс, ұмытпаған екенсің. Е) Қайдан шықтың сен?


15. Жекіру одағайын көрсетіңіз.


А) Жә. В) Кә-кә. С) Уһ. Д) Пай-пай. Е) Шөк.


16. Тұлғасына қарай одағай түрін анықтаңыз: Мәссаған.


А) Қос сөз. В) Біріккен сөз. С) Дара одағай. Д) Негізгі одағай. Е) Туынды одағай.


17. Шақыру одағайын табыңыз.


А) Қап. В) Опырым-ай. С) Пәлі. Д) Шөре-шөре. Е) Бәрекелді.


18. Одағай сөздердің қатарын табыңыз.


А) Сірә, жалпы айтқанда. В) Менің ойымша, біріншіден. С) Қарағым-ау, Мұратжан, әкешім.


Д) Бәрекелді, мәссаған, япырмай. Е) Шынымды айтсам, байқауымша.


19. Одағай сөзді табыңыз.


А) Ахмет, Ержанды шақыршы. В) Күлкінің иесі ақ сары қыз екен. С) Жарайды, тазалығыңа сендім. Д) Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын. Е) Шөге ғой, түйем, шөк-шөк.


20. Көңіл-күй одағайын табыңыз.


А) Құру-құру. В) Тек. С) Жә. Д) Әттең. Е) Тәйт.


21.Одағайдың білдіретін мағынасын анықтаңыз.


Әттең, бүгін кешікпей келгеніңде үлгіретін едің!


А) Бұйыру. В) Жекіру. С) Таңдану. Д) Шаттану. Е) Өкіну.


22. Өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайтын сөзді табыңыз.


А) Одағай. В) Сын есім. С) Үстеу. Д) Зат есім. Е) Еліктеуіш сөз.


23. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.


А)Әрине, бүгінгі жастарға білім керек-ақ! В)Абылғазы, қайдан келдің? С)Білімді адамды алған жөн. Д)Біздің халық , оның айтуынша, ақын халық екен. Е)Шіркін, қазақтың келіндері-ай


52


24. Таңдану одағайын көрсетіңіз.

А) Апырай. В) Әттеген-ай. С) Уһ. Д) Қап. Е) Кәні.


25. Шақыру одағайы қатысқан сөйлемді табыңыз.


А)Тұрсам, о, тоба-ай, айнала көк шалғын! В)Шынында бұл-ойланатын жұмыс. С)Балам, жүзін сынық қой. Д) Әжем сиырды «ахау-ахау» деп шақырады. Е) Шіркін, мен ұшқыш болсам!


Шылау.

1- нұсқа

1.Үшін, туралы, жайлы шылаулары қай септіктен кейін келетінін көрсетіңіз.


А) Жатыс. В) Барыс. С) Табыс. Д) Ілік. Е) Атау.


2. Септеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.


А) Сенің Астанаға барғың келе ме? В) Жазда Астанаға және Алматыға бардық. С) Ол Астанаға барған емес. Д) Асан мен Үсен Астанада болып қайтты. Е) Ол Астанаға дейін пойызбен барады.


3. Сұраулық демеуліктерді көрсетіңіз.


А) Түгіл, емес. В) –Ақ, -ау. С) Қатар, бірге. Д) Кім, не. Е) Ма, ме, ба, бе, па, пе.


4. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз.


Маған өнер адамдары ... кітаптар ұнайды.


А) Сияқты. В) Туралы. С) Үшін. Д) Ғана. Е) Бірге.


5. Сен де бір кірпіш дүниеге.


Сөйлемде «де» не болатынын анықтаңыз.


А) Демеулік шылау. В) Септеулік шылау. С) Үстеу. Д) Жалғаулық шылау. Е) Көмекші есім.


6. Жалғаулық шылауларды көрсетіңіз.


А) Қана, ғана. В) Шейін, дейін. С) Ма, ме, ба, бе. Д) Үшін, бірге. Е) Да, де, та, те.


7. Сұраулық шылауды табыңыз.


А) Сонда. В) Ма, ме. С) Шейін. Д) Гөрі. Е) Әйтпесе.


8. Септеулік шылауды белгілеңіз.


А) Досым туралы жақсы хабар естідім. В) Кеше ғана ол ауылдан келді. С) Өмірден өз орнын тапқан-ды. Д) Қоңырау соғылды, бірақ сабақ басталған жоқ. Е) Ағам және оның қызы алыс жолға аттанды.


9.Септеулік шылауды табыңыз.


А) Қой. В) Мыс. С) Соң. Д) Ба. Е) Ақ.


53


10. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз. Отан ... от кешкендер.

А) Үшін. В) Бұрын. С) Секілді. Д) Туралы. Е) Ғана.


11. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.


Я, яки, не, немесе.


А) Талғаулықты В) Қарсылықты С) Іліктес Д) Ынғайластық Е) Себеп-салдар


12. Қарсылық мәндегі жалғаулық шылауды көрсетіңіз.


А) Және, немесе. В) Сондықтан, алайда. С) Бірақ, себебі. Д) Себебі, сондықтан. Е) Бірақ, алайда.


13. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.


А) Е, жақсы болыпты. В) Қарағым-ай, бұл өмір осындай болады екен. С) Мына кісі неткен білімді. Д) Пайда ойлама, ар ойла. Е) Даналық халық сөзінде екен.


14. Септеулік шылауы бар сөз тіркесін көрсетіңіз.


А) Жол арқылы В) Астана туралы С) Айтты ма? Д) Қала түгіл Е) Бірде дұрыс


15. Жұмбақ құрамындағы қай сөз шылау екенін көрсетіңіз.


Таңертең бар, кешке жоқ,


Кеш түгілі, түсте жоқ.


Мен әдемі моншақпын,


Ірі емеспін ұсақпын.


А) түгілі. В) емеспін. С) кеш. Д) мен. Е) жоқ.


16. Синоним болып тұрған шылауды табыңыз.


А) Себебі, секілді. В) Сондықтан, сол себепті. С)Және, бірақ. Д) Көрікті, көңілді. Е) Қала,шаһар


17. Септеулік шылауды белгілеңіз.


А) Біз табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек. В) Жаңбыр жауса, жер көгерер. С) Менің әпкем тілмаш болғысы келеді. Д) Сабақтан соң біз театрға бардық. Е) Япырмау, неткен ғажап күй!


18. Сөйлемді септеулік шылаумен толықтырыңыз.


Саяхатқа оқушылармен ... мұғалім шықты.


А) Арқылы. В) Кейін. С) Дейін. Д) Туралы. Е) Бірге.


19.Демеулік шылауды табыңыз.


А) Гөрі. В) Сонда. С) Ма, ме. Д) Әйтпесе. Е) Шейін.


54


20. Нақтылық мәндегі шылауды көрсетіңіз.

А) Күйтабақта Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлері жағылған. В) Өмірден орын тапқан-ды.


С) Қолына тек добыра берсең болады. Д) Ол бүгін аңшы туралы мәтін оқыды.


Е) Қазақтың ақын қыздарының ішінде Ұлбике ақынның алатын орны ерекше.


21. Септеулік шылауды көрсетіңіз.


А) Біресе мәтін оқимын, біресе жазу жазамын. В) Үйден төрт жасар бала жүгіріп шықты.


С) «Жиренше, үйінде ұлың бар ма?»-деді ол. Д) Іле өзені Қапшағайдан кейін Балқашқа құяды.


Е) Үлкені де-осы, кішісі де –осы,-деді.


22. Ма, ме, ба, бе, па, пе демеулік шылаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.


А) Нақтылық. В) Сұраулық. С) Күшейткіш. Д) Болымсыздық. Е) Шектік.


23. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.


Себебі, өйткені, сол себепті.


А) Талғаулықты В) Іліктес С) Қарсылықты Д) Себеп-салдар Е) Ынғайластық


24. Демеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.


А) Сол жақта орталық почтаны көресіз. В) Енді таба аласыз ба? С) Абылай хан даңғылымен тура жүре беріңіз. Д) Бұрыштағы үлкен бес қабатты үй. Е) Бір көше көтеріл және оңға бұрыл.


25. Септеулік шылауды табыңыз.


А) Үшін В) Егер С) Және Д) Мен Е) Өйткені


55


2-нұсқа.

1.Сұраулық шылауды көрсетіңіз.


А) Ғана, тек. В) Кейін, шейін. С) Қарай, таман. Д) Ма, ме. Е) Туралы, үшін.


2. Сөйлемде берілген шылаудың түрін көрсетіңіз.


Кітапта Жанкелдіқызы Ұлбике мен Көшерұлы Күдерінің айтыстарына орын берілген.


А) Демеулік. В) Талғаулық. С) Септеулік. Д) Жалғаулық. Е) Шарттық.


3. Септеулік шылауды анықтаңыз.


А) мен. В) кейін. С) –шы. Д) –мыс. Е) –ма.


4. Көмектес септігіне қатысты септеулік шылауды анықтаңыз.


А) Бірге. В) Шейін. С) Соң. Д) Үшін. Е) Кейін.


5. Берілген сөйлемдегі септеулік шылауды табыңыз: Мен кітаптан той туралы оқыдым.


А) Мен. В) Кітаптан. С) Той. Д) Туралы. Е) Оқыдым.


6. Қажетті септеулікті көрсетіңіз. Үш ай қыстан ... көктем келеді.


А) Жайлы. В) Соң. С) Үшін. Д) Бірге. Е) Арқылы.


7. Көңіл-күй демеулікті анықтаңыз.


А) пен, бен. В) әлде, не. С) басқа, өзге. Д) –міс, -мыс. Е) ма, ме.


8. «Бірақ» жалғаулығының түрін анықтаңыз.


А) Ыңғайлас. В) Талғаулы. С) Қарсылықты. Д) Себеп-салдар. Е) Кезектес.


9. Берілген сөйлемді шылаумен толықтырыңыз.


Қыста ... күзде күн суық болады.


А) Бірақ.. В) Және. С) Арқылы. Д) Әйтпесе. Е) Мен.


10. «Дейін, шейін, кейін» шылауларының түрін ажыратыңыз.


А) Демеулік шылаулар. В) Септеулік шылаулар. С) Жалғаулық шылаулар. Д) Одағай сөздер.


Е) Қыстырма сөздер.


11. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.


Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден- ... белгілі.


А) –ді. В) –мыс. С) –ақ . Д) –ай. Е) –ау.


56


12. Ыңғаластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

А) От(пен) ойнама! В) Машина(мен) келген еді. С) Марат (пен) Қанат келді. Д) Марат(пенен)


сөйлесті. Е) Марат(пен) барып кел.


13. Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.


А) Орманға таман. В) Мал мен бас. С) Мектепке қарай. Д) Мен келдім. Е) Сен отыр.


14. Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.


А) Бекерге қиналу. В) Орта мектеп. С) Қазыбектің жоспары. Д) Жиналыстан кейін. Е) Дәл өзі.


15. Жалғаулық шылауды көрсетіңіз.


А) Сенен гөрі. В) Көлге шейін. С) Көрген-ді. Д) Сен бе? Е) Қарыз бен парыз.


16. Шылау қатысқан сөйлемді белгілеңіз.


А) Марат үйде жоқ . В) Мен кешке барамын. С) Ол кешке ойнайды. Д) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз. Е) Балам, сабаққа дайындал.


17. Барыс септікпен келген шылаулы сөйлемді анықтаңыз.


А) Жұмыста Болат туралы әңгіме болды. В) Қазақша жүзге дейін санайды. С) Алғаш сөз болған Бораш болды. Д) Қабыш үшін бәріміз ұялдық . Е) Жиналыс ай сайын өтіп тұрады.


18. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.


Алтынсары қадалған ... , оның кескіні құбыла бастады.


А) Таман. В) Туралы. С) Қарай. Д) Сайын. Е) Тарта.


19. Себеп –салдар салаластың шылауларын табыңыз.


А) Өйткені, сондықтан, сол себепті. В) Сондықтан, және, әрі. С) Өйткені, сол себепті, бірақ .


Д) Дегенмен, әйтсе де, ал. Е) Немесе, бірде, кейде.


20. Шылауды табыңыз.


А) Басты мәселе-оқу үлгірімі. В) Сөз өмірдің үлкен қаруы. С) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.


Д) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Е) Ой жетпейтін жер болмайды.


21. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз.


А) Сен әкел(ме). В) Өтірік айт(па). С) Сенейін(бе), сенбейін(бе). Д) Жаман әдетке үйрен(бе). Е) Сен сен(бе).


22. «Дейін, шейін, таман» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз


А) Жалғаулық . В) Септеулік. С) Болжалдық демеулік. Д) Демеулік. Е) Шектік демеулік.


57


23. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз.

А)Жүйрік-ақ екен. В)Сең үстінде кету. С)Ақ көбейді. Д)Жаңбырдан соң. Е)Ойға таман жылжу


24. Шылау сөздер қатарын табыңыз.


А) Үй, жер, тал, тас. В) Екі, он, үш, бес. С) Үшін, және, ғана, түгіл. Д) Тез, тым, сонша, оңаша.


Е) Кел, тұр, жүр, кет.


25. Мен, бен, пен тұлғасымен келген шылауды табыңыз.


А) Қайрат(пен) ақыл жол табар, қашқанға да қуғанға. В) Ағаш тамыры(мен), адам ұрпағы(мен) мықты. С) Машина(мен) келдім. Д) Ықылас(пен) тоқылық . Е) Жарбаңдасып жас күлер құрбысы(мен).

58

Пайдаланылған әдебиеттер:


Қазақ тілі оқулықтары (орта және жоғары буын)


«Қазақстан мектебі» журналы 2003№4


Казахский язык Бектуров, Бектурова


Ғаламтордан алынған суреттер


59


«Қазақ тілі бойынша сөз таптарына арналған грамматикалық тапсырмалар»

тақырыбы бойынша


Қостанай ауданы Владимиров орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Нұрмағамбетова А.Б., Нұрғазина Б.Ә.-ның


әдістемелік құралына арналған


сын-пікір


Авторлардың бұл әдістемелік құралы орыс тілде оқытылатын


5-11 сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен сөз таптарына арналып жинақталып, тәжірибеден туындаған еңбек екені байқалып тұр. Оқу құралында сабақ барысында жиі кездесетін сөз таптарының грамматикалық салалары қамтылған. Тапсырмалары жүйелі түрде оқушыға тез де, жеңіл түсіну мақсатымен берілген. Ең алдымен әр сөз табына түсінік беріп, сол түсінік бойынша 8-10 тапсырма суретпен жұмыс, жұмбақтарды шешу, аударма жұмыстары оқушылардың ой-өрістерін кеңейтуге бағытталған танымдық жаттығулар екені аңғарылады. Тапсырмалардан соң сөз таптары бойынша білімін тексеруге арналған 2 нұсқадан 25 сұрақтан құралған «Өзіңді тексер» берілен тестілеу сұрақтары оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне, тақырыпты талдауына, жіберілген қателерді түзетуге көмек беретін мектеп бағдарламасына сай құрастырылған бірден-бір оқу-әдістемелік құралы деп ойлаймын.


Авторлардың тілдері жатық, сөз қорлары мол.Сондықтан мен бұл жұмысты барлық сұранымдарға жауап беретін ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалап, оны мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне ұсынуға әбден лайық деп санаймын.




Пікір беруші:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет