Тапсырма 1 Тақырыбы 1.1 2.Педагог мамандығы тек қазір ғана емес,сан ғасырлар бойы ел үшін,адамзат үшін ең керекті мамандықтардың бірі екендігін жақсы білеміз.Заман талабына сай бұл мамандық жанданып отырғанымен жалпы мақсаты біреу болып қала береді,ол жас ұрпақты тәрбиелеу,білім беру.
Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі қандай ? Шәкіртіне ғылым негіздерімен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсекеге сай ұрпақ тәрбиелеу . Жалпы бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің ерекшеліктеріне тоқтала кетсем:Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін , оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін , өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын , педагогикалық күрделі үдерістерге пікір білдіре алатын ұрпақ тәрбиелеу . Қазіргі заман мұғалімі шәкірт жүрегіне жол таба алатын, ұстамды , жаңа ғасыр талабына сай келетін , еңбекқор болуы шарт . Тек осылай жұмыс жасаған ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып,сый-құрметіне бөленбек. Сонымен мұғалімділік өткен тәжірибелерін жаңа тәжірибеге ұштастырып отыратын жалғыз мамандық иесі.Мұғалім қазіргі қоғамда «қозғалтқыш» рөлін атқарады. Себебі: жас ұрпақтын тәрбиесіне , жаңа және озық технологиялардың дамуына, қоғамдық процестердің дамуына үлкен рөл қосады . Бұл өте ұзақ әрі күрделі процесс. Мұғалімнің әлеуметтік рөлінің тағы бірі ол, содан кейін жасаған қоғамдық қатынастарды, қарым – қатынас және мінез-құлық тәжірбесін қалыптастыруы . Кез келген тұлға ең алдымен ұстаздан білім алады. Сондықтан ұлттың тағдыры ұстаздардың қолында. Қорытындылай келе, педагогикалық мамандықтар қоғамдағы ең рөлі жоғары мамандық.Тәрбие және қоғамды қалыптастырудағы рөлі осыған дәлел.Ұстаздардың қоғам алдындағы міндетті және рөлі өте жоғары.Себебі,ұлттың болашағын ойлайтын ұрпақ қалыптастыру ұстаздардың қолында.Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды, тіліміз және дінімізді түгендеу,игеру және оны жас ұрпаққа сіңіру осы ұстаздардың басты қоғам алдындағы борышы .