Тапсырма 1 Төменде көрсетілген терминдерді салыстырыңыз


Тапсырма 2 Табысқа жетудің ең ірі 16 заңдылықтарды атаңыз



бет2/3
Дата01.10.2023
өлшемі19,37 Kb.
#112147
1   2   3
Байланысты:
текущий контр 3

Тапсырма 2
Табысқа жетудің ең ірі 16 заңдылықтарды атаңыз.
Барлық проблемаларыңызды барынша қысқа мерзімде шешу, кейінге қалдырмау, созбау, ушықтырмау. Әдетте, проблеманың салдарын жоюдан гөрі оны бастапқы кезінде реттеуге аз күш-жігер кетеді. Қателесетін болсаңыз да шешім қабылдаудан қорықпаңыз, бұл ешқандай шешім қабылдамағаннан жақсы. Көп ойланып-толғанудан арылыңыз. Бір ой келсе, ол жайдан-жай келген жоқ, сылтау іздемей, мүмкіншілік жасаңыз. Бай болу үшін басқалардан көп еңбек ету керек, сонда ғана табысқа жетесіз.
Құндылық жасау. Әр түрлі тәсілдермен құндылық қалыптастырып, жинақтаңыз. Сізді қоршаған адамдар үшін өзіңіздің құндылығыңызды арттырыңыз. Айналадағылар үшін құнды тауарлар ғана өндіріңіз, сонда олар өздері Сізге қажетті ақшаны әкеп береді. Ұялмай тауарларыңыздың барлық құндылықтары мен пайдасын толық сипаттаңыз. Өзіңді-өзің мақтамасаң, ешкім мақтамайды.
Қызығушылық үшін жұмыс жасау. Жұмысқа ынта болмаса, онда мұндай жұмыс істеуге тұрмайды. Ал ынта болу үшін ол жұмысты сіз жақсы көруіңіз керек. Өзіңіздің қызығушылығыңыз, қажетті білім мен дағды алу үшін жұмыс жасаңыз.
Биік мақсаттар қою. Бір айда 5 мың доллар табуды мақсат етіңіз. Одан аз қоймаңыз. Неғұрлым биік мақсат қойсаңыз, соғұрлым тез жетесіз. Себебі, егер адам 200 метрге жарысса, ол мәреге жеткен жерде шаршайды. Ал, 6 км-ге мақсат қойса ол 200 метрге де шаршамай жетеді.
Тіл тапқыштық. Ақшаны басқа кісілер алып келеді. Олармен араласыңыз, оларды қызықтырыңыз, сонда олар Сізге ақшаларын қуана тапсырады. Түнерген, тұйық адам болмаңыз, мұндай адамдардың бай болуы сирек кездеседі.
Өзіңізді жеңімпаздармен қоршау. Сараң, еріншек адамдар төменге тартады, тәуекел ету мен пайда табудан айнытады, өйткені олар өздері пайда таба алмайды. Пайда таба алатындармен араласыңыз, олардың баға жетпес тәжірибесін сіңіріңіз, ол туралы мектеп оқулықтарында жазбайды. Өзіңізді табыстылармен және оптимистермен қоршаңыз. Олар табысты және бай болуға көмек береді.
Жауаптылық алу. Жоқшылықтың серігі – жауапсыздық. Бай болғыңыз келсе, өзіңізге жауапкершілік алудан қорықпаңыз, одан жалтармаңыз, одан пайда табуды үйреніңіз.
Бизнес жасаңыз. Егер Сізде ақша аз болса, кәсіп жасаңыз. Егер Сізде мүлдем ақша жоқ болса, онда дереу, дәл қазір бизнес жасаңыз! Ой іздеңіз, оны бизнес жобаңа айналдырыңыз және инвесторлардың назарын аударыңыз.
Пассивті табыс келтіру жолын жасау. Сіздің қатысуынсыз ақша алып келетін пассивті кіріс көздерін жасау жолдарын іздеңіз. Пассивті табыс – ол Сіздің күш-жігеріңізге қарамастан келетін табыс. Өзіңіз тыным таппай еңбек ететін, барлық операцияны өзіңіз жасайтын кәсіпке бизнесті құрмаңыз. Жұмыс жасалуды, жұмсауды үйреніңіз.
Бай және табысты адамдарды зерттеу. Олардың өмірбаяндарын, табысқа жету жолдарын, неден бастағандарын, қалай кеңейгенін зерттеңіз. Олар қалай ойлайтынын түсініп көріңіз де, солай ойлаңыз. Интернетте әлемнің ең бай адамдарының өмірбаяндары көп. Ең құрығанда, аса көрнектілерінің өмірбаяндарымен танысыңыз.
Өзіне сұрақ қою. Мынадай сұрақтар: «Мен кіммін?», «Мен неге бірегеймін?», «Менде 123 456 789 000 доллар болса, не істер едім?». Келген позитивті ойлардың күші мен энергиясын пайдаланып, оларды әрекет етуге, алға жылжуға бағыттаңыз.
Армандау. Арман – ең күшті алға жетелейтін мотивациялық құрал. Армандаңыз және армандарыңыз орындалатынына сеніңіз. Бірақ, ешқашан қиялдамаңыз. Қиялдар жүзеге асырылуын талап етпейді, ал армандар талап етеді. Адам армандауды доғарғанда, даму мен алға жылжуды тоқтатады.
Жәрдемдесу. Шын жүректен көмектесіңіз. Бірақ, өзіңіз қалаған адамға ғана қол ұшын созыңыз. Үнемі көмек сұрайтындарға көмектеспеңіз. Ондай адамдар бөтеннің мейірбандығына арамтамақ болады. Көмек көрсетуді достарыңызбен және туысқандарыңызбен шектемеңіз. Мейілінше көп адамға көмек көрсетсеңіз, барынша көп адам Сізге жәрдемдеседі.
Берілмеу. Ешқашан берілмеңіз, әрекет етіңіз, бір орында тұрмаңыз, дамыңыз, ортаңызды дамытыңыз. Жоқшылықпен күресіңіз, жоқшылық – барлық адамдардың жауы, кім онымен жақсы күреседі, сол бай және табысты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет