Тапсырма-15 Ыкласова Гульдана



бет2/2
Дата13.02.2023
өлшемі24,55 Kb.
#67391
түріСабақ
1   2
Ой қозғау. Адасқан әріптер арқылы сөз құра.
АҚЛА, ІЗҮЖК, АРҒЫС, ІБЛІКЗЕ, АҚНСИА.
Сөздерді жазғызу. Осы бұйымдарды жалпы қалай атауға болады? (Слайд)
Осы бұйымдарды жасайтын кім? (Зергер)
Зергер сөзі парсы тілінен аударылған «зар-зар»- алтын дегенді білдіреді. Алтыннан аптап, күмістен күптеп, асыл тастармен зерлеп сәндік бұйымдар жасайтын өнерлі шебер адамды зергер дейді. Зергердің аса көп жасайтыны әйелдерге арналған әшекей бұйымдар. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға , білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан.
Әшекейлеп жасалған алқа адам көркі. Әшекейлерді де су моншақтан да жасауға болады. Су моншақпен жұмыс істеу өте шеберлікті қажет етеді. Су моншақтың өлшемдері, түстері сан-алуан, сондықтан жасалатын бұйымға байланысты моншақты мөлшеріне қарай, түс сәйкестігін тандай білу керек. Енді өзімізді зергер ретінде сезініп, әсем алқаны жасап көрейік.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: су моншақтан алқа жасау.
ІV. Сарамандық жұмыс.
Бисермен тоқу нені талап етеді? (шыдамдылық, еңбекқорлық).
Ендеше былай деп қорытынды шығаруымызға болады деп ойлаймын. (Слайд)
«Шыдамды еңбек, алғыр ой
Нағыз досың біліп қой!»
Себебі сабағымызға да бұл қасиеттер артық болмайды.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске салу.
Оқушыларға нұсқау карта таратылады. Жұмыс барысын түсіндіру.

  1. Оқушылар өз қалауынша нұсқау карта арқылы жұмыс жасайды.

  2. Тоқу үшін қажетті заттарды дайындайды.

  3. Нұсқау карта, қиял бойынша тоқиды.

  4. Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.


«Су моншақ» сөзінен сөз құрау

V. Бекіту. Мақал-мәтел жалғасын табамыз!
1. Бүгінгі істі ... қалдырма (ертеңге).
2. Жеті рет өлше ... рет кес (бір).
3. Батыр адам қорқақты сүймес,
Шебер адам ... (жалқауды сүймес).
4. Өнерлі болу зейнет,
Өнерсіз болу ... (бейнет).


  1. Мал жұтаса да ... жұтамас (өнер жұтамас).

6. Ата-мұра ... (асыл қазына).
VI. Қорытынды. Су моншақпен әдемі бұйымдар жасау көп уақытты талап етеді, бірақ әдемілік үшін уақытты қиюға тура келеді. «Өнер - таусылмас азық, жұтамас - байлық» дейді ғой халқымыз. Осы үйренген өнерімізді әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.
VІІ. Оқушылардың жұмысын бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма. Бұйымды аяқтап келу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет