Тапсырма №2.Топтық тапсырма.
С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасындағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін ажырату үшін талдау кестесімен жұмыс жасайды. ТЖ
4-топтың тапсырмасы.
Мәтіннен үзінді
Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Бұлар сендердің қандарыңды сорып... Қандарыңды сорып... Ал сендер болсаңдар... Ай, халқым-ай!.. Қайран, менің халқым-ай!... Сендер үшін қабырғам қайысты-ау менің!.. ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. /куәлікке шұқшия қарап, сосын шошып кетіп/. А-а!.. Апырмау, ұят болған екен... Масқара болған екенбіз... /Жолсерік келіншекке/. Ай, бұл не? Не сұмдық мынау? Сен өзі қандай адамсың? Көзіңді неге ашып қарамайсың? Сенімен енді сөз басқаша болады... /қайтадан Мэлис Әлібаевичке қарап/. Мәке, Мэлис Әлібаевич! Біз сізді білеміз... Сыртыңыздан өте жақсы білеміз... Біз байқамай... қателесіп... Қане-қане, кіріңізші!.. Бәріңіз де кіріңіздер!..
Бәрін купеге кіргізіп жібереді. Сыртта Пойыздың бастығы мен Жолсерік келіншек қалады. ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. /әлгіндегідей емес мүлдем басқа үнмен/. Айналайын-ау!.. Қарағым-ау!.. Бұл кісі деген... бүкіл Алматы білетін... Қазақстан білетін, үлкен, жауапты қызметтегі кісі емес пе? Ойбай-ау...байқамайсың ба?!