Тапсырма №86.
38 жастағы әйел қызылиектегі жағымсыз әсерлерге, тіс тазалағандағы қызылиектің қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: қызылиек ұшының кілегейлі қабаты цианотична, ісінген, қызылиек жиегі борпылдақ, тереңдігі 4-5 мм пародонт қалталары анықталады. Ортопантомограммада – периодонт саңылауы тістердің мойын бөлігінде кеңейген,сүйек тінінің деструкциясы біркелкі емес , тісаралық қалқан сүйектің биіктігі түбірдің 1/2 бөлігіне аласарған .
Төменде аталған емдік шараларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, ауыз қуысының санациясы
2) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, пародонт қалталарын жою
3) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы және микробқа қарсы ем
4) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, микробқа қарсы ем, құрамында кальций бар препаратпен қызылиек үсті электрофорезі
5) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, қызылиектің жанаспалы дарсонвализациясы
Тапсырма №87.
47 жастағы ер адам тіс тазалау барысында қызылиектің қатты қанайтынына, тамақ ішкен кезде қызылиектің ауыратынына, ауыздан шығатын жағымсыз иіске шағымданады. Қарап тексергенде: қызылиек жиегі және бүртіктері қызарған (гиперемияланған), ісінген, бозарған, инструментпен тексергенде оңай (бірден) қанайды. Бөлек тістердің маңында тереңдігі 5 мм – ге дейінгі, іріңді пародонт қалталары анықталған, аздаған мөлшерде жұмсақ қақ пен тіс тастары бар.
Төменде аталған емдік шараларының қайсысын емнің басында қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, ауыз қуысының санациясы
2) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, пародонт қалталарын жою
3) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы және микробқа қарсы ем
4) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, микробқа қарсы ем, құрамында кальций бар қызылиек үсті электрофорезі
5) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, қызылиектің жанаспалы дарсонвализациясы
Тапсырма №88.
32 жастағы жас әйел тіс тазалағанда кейде қызылиектің қанайтынына шағымданып келді. Қарап тексергенде: алдыңғы топ тістері мен жоғарғы азу тістердің қызылиек бүртіктерінің цианозы және ісінуі ,кейбір тістердің маңында тереңдігі 3,0-3,5 мм – ге тең пародонт қалталары анықталған, Ортопантомограммада – тіс аралық қалқан сүйектің биіктігінің остеопорозы және кортикалды пластинканың сорылуы (резорбция).
Төменде аталған емдік шараларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, ауыз қуысының санациясы
2) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, пародонт қалталарын жою
3) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы және микробқа қарсы ем
4) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, микробқа қарсы ем, құрамында кальциі бар қызылиек үсті электрофорезі
5) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, қызылиектің жанаспалы дарсонвализациясы
Достарыңызбен бөлісу: |