Тапсырма№68 44 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Сүңгілеп тексергенде тіс сауытымен байланысқан, терең сүңгілеп тексергенде ауырады, шұқығыш ұшында кір-сұр түсті некроздалған масса көрінеді.
Төменде көрінген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?
А)+ Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
В) Периодонттың созылмалы қбынуы
С) Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі
Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
Тапсырма №69 35 жасар ер адам төменгі сол жағындағы тісінің ас қабылдағанда ұзақ сыздап ауыратындығана шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен баланысқан тісжегі қуысы көрінеді. Ашық ұлпа мүйізшесін сүңгілеп тексергенде қатты ауырады, қанайды. Қағып тексергенде ауырмайды, өтпелі қатпардағы кілегей қабық өзгермеген, сипап тексергенде ауырмайды.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?
А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
В) +Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
С) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы
Д) Жедел дамыған терең тісжегі
Е) Периодонттың созылмалы қабынуы
Тапсырма №70 45 жастағы әйел төменгі сол жақ тісінің тамақ жегенде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде салбыраған, өткір қырлары бар, іші өскен тіндермен толы, зондпен тексергенде аз ауыратын және қанағыш үлкен тісжегі қуысы анықталады. Тіс сауытының шетін зондпен жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынан тыс жатыр. Ренгтгенограммада түбір бифуркациясында өзгерістер жоқ.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?
А) Қызылиек полипі
В) Тіс сауытының табанының перфорациясы
С)
Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
Д)+ Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы
Е) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы