93 Тапсырма.
55 жастағы ер адам төменгі жағындағы тістердің жоғары сезімталдығына шағымданады. Қарап тексергенде: қызыл иек кілегей кабаты тығыз,бозғылт, , аспаппен тексергенде оңай канайды.пародонт калтасы байкалмайды.Тіс түбірі 1/3 жалаңаштанған,сына тәрізді акау 13,14, 23, 24 тістерде байкалады.
Қандай дәрілік препарат колданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
Кальция лактат
Ремодент
Аскорутин
Бифлуорид ?+
Метилурацил
94 Тапсырма
47 жастағы ер адам тіс тазалау барысында қызылиектің қатты қанайтынына, тамақ ішкен кезде қызылиектің ауыратынына, ауыздан шығатын жағымсыз иіске шағымданады. Қарап тексергенде: қызылиек жиегі және бүртіктері қызарған (гиперемияланған), ісінген, бозарған, инструментпен тексергенде оңай (бірден) қанайды.Бөлек тістердің маңында тереңдігі 5 мм – ге дейінгі, іріңді құрамды пародонт қалталары анықталған, аздаған мөлшерде жұмсақ қақ пен тіс тастары бар.
Төменде аталған емдік шараларының қайсысын емнің басында қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, ауыз қуысының санациясы
2) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, пародонт қалталарын жою
3) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы және микробқа қарсы ем
4) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, микробқа қарсы ем, құрамында кальциі бар қызылиек үсті электрофорезі
5) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, қызылиектің жанаспалы дарсонвализациясы
95 Тапсырма.
32 жастағы жас әйел тіс тазалағанда кейде қызылиектің қанайтынына шағымданып келді. Қарап тексергенде: алдыңғы топ тістері мен жоғарғы азу тістердің қызылиек бүртіктерінің цианозы және ісінуі, бөлек тістердің маңында тереңдігі 3,0-3,5 мм – ге тең пародонт қалталары анықталған, Ортопантомограммада – тіс аралық қалқан сүйектің биіктігінің остеопорозы және кортикалды пластинканың сорылуы (резорбция).
Төменде аталған емдік шараларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1)тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, ауыз қуысының санациясы
2) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, пародонт қалталарын жою ?+
3) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы және микробқа қарсы ем
4) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, микробқа қарсы ем, құрамында кальциі бар қызылиек үсті электрофорезі
5) тіс шөгінділерін алу, қабынуға қарсы ем, қызылиектің жанаспалы дарсонвализациясы
Достарыңызбен бөлісу: |