Тапсырма № 122.
Жасы 18-гі қыз төменгі ерніне бөрткен шығып, ауырып мазалайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі еріннің кілегей қабығында көлемі 5х7мм сопақ пішінді эрозия ошағы бар, беті ақшыл-сары түсті фибринді қақпен жабылған, төңірегі ашық-қызыл түсті жіңішке қабыну жолағымен қоршалған. Сипап байқағанда ауру сезімі бар.
Төмендегі дәрілердің қайсысын бұл ауру кезінде тағайындаған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:
Метронидазол
оксицклин
Ацикловир
+ Левамизол (декарис)
Орунгал
Тапсырма № 123.
Жасы 18-гі жігіт ауыз ішіне жаралы бөрткендер шығып, қатты ауру сезімін туындататынына, қызылиегінің қанағыш болғанына, тістерін тазалау және ас қабылдау мүмкіндігінің жоқтығына шағымданады. Ауру жедел 3 тәулік бұрын жалпылай дімкәстікпен дене қызуының 38оС дейін көтерілуімен басталған. Қарап тексергенде: екі ұрттың қатты таңдайдың еріндерінің кілегей қабығында көптеген ұсақ эрозиялы ошақтар бар. Эрозиялар домалақ пішінді, диаметрі 2-7мм дейін, аспап тиіп кетсе қатты ауырады. Екі жақ қызылиек жиегі қызарып ісінген.
Төменде көрсетілген вирустардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс этиологиялық фактор болып табылады?
Адамның иммунитет тапшылық вирусы
Тапсырма № 124.
Жасы 18-гі жігіт аузының ішіне бөрткендер шығып, ас қабылдаудың қиындағанына, қызылиегі де сыздап ауыратынына және қанағыштығына шағымданады. Бөрткендер шығар алдында басы ауырып, бойын әлсіздік билеп, дене қызуы 37,5оС дейін көтерілген. Қарап тексергенде : екі ұрттың қатты таңдайының кілегей қабығында көптеген ұсақ әртүрлі пішінді эрозиялар бар, беттері ақшыл-қызыл қақпен жабылған, тиіп кетсе қатты ауырады. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, аздап ауырады. Қызылиегі де қатты қызарып, ісінген.
Төмендегі дәрілердің қайысысын жалпы емдеуге қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді болады?
Доксициклин