Тапсырма 20жасар жігіт алдыңғы тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданады және оны бала күнінде байқаған. Қарап тексергенде: жоғарғы орталық күрек тістерінің анатомиялық пішіні өзгерген, тіс сауыты бөшке тәріздес



бет21/29
Дата24.03.2023
өлшемі84,14 Kb.
#76002
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
ТапсырмаN111.
Жасы 55-гі әйел аузының құрғауына, ысып-күю сезіміне, ашып ауыратынына шағымданады. Жиі-жиі тыныс жолдары қабынатын болғандықтан антибиотиктерді көп қабылдауға мәжбүр. Қарап тексергенде: екі ұртпен тілдің кілегей қабығы от-қызыл түсті, құрғақ және жылтыр. Тілдің жіпке ұқсас бүртіктері семіп жойыла бастаған, сілекейі қою, көпіреді және тұтқыр. Аурудың диагнозын толық нақтылау үшін қандай қосалқы зерттеу әдістерін жүргізуге НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады:
А) Қанды жалпылай талдау
В) + Жарақат ошағынан қырманы микроскопиялық зерттеу
С) Иммунологиялық зерттеу
Д) Вуд сәулесінде зерттеу
Е) Қанда глюкозаның деңгейін анықтау
Тапсырма № 112
18 жастағы жеткіншек ауыз қуысындағы ауру сезіміне, қызыл иегінің қанағыштығына, жалпы әлсіздікке, асқа тәбетінің болмауына шағымданады. 3 күн бұрын қатты жедел ауырып қалған. Жалпы әлсіздік пайда болып дене қызуы көтерілген. Қарап тексергенде:ұрттың, таңдайдың және еріннің кілегей қабығында көптеген сопақша келген майда сипап тексергенде ауыратын эрозиялар анықталдыҚызыл иеғктің кілегей қабығы ісінген, қызарған. Төменде берілген дәрілік препараттардың қайсысын науқасты жалпы емдеуде қолданылады?
1. Доксициклин

  1. Бисептол

  2. Метронидазол

  3. Орунгал

  4. + Ацикловир

Тапсырма № 113.
Жасы 18-гі қыз төменгі ерніне бөрткен шығып, ауырып мазалайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі еріннің кілегей қабығында көлемі 5х7мм сопақ пішінді эрозия ошағы бар, беті ақшыл-сары түсті фибринді қақпен жабылған, төңірегі ашық-қызыл түсті жіңішке қабыну жолағымен қоршалған. Сипап байқағанда ауру сезімі бар.
Төмендегі дәрілердің қайсысын бұл ауру кезінде тағайындаған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

  1. Метронидазол

  2. Доксицклин

  3. Ацикловир

  4. + Левамизол (декарис)

  5. Орунгал

Тапсырма № 114.
Жасы 18-гі жігіт ауыз ішіне жаралы бөрткендер шығып, қатты ауру сезімін туындататынына, қызылиегінің қанағыш болғанына, тістерін тазалау және ас қабылдау мүмкіндігінің жоқтығына шағымданады. Ауру жедел 3 тәулік бұрын жалпылай дімкәстікпен дене қызуының 38оС дейін көтерілуімен басталған. Қарап тексергенде: екі ұрттың қатты таңдайдың еріндерінің кілегей қабығында көптеген ұсақ эрозиялы ошақтар бар. Эрозиялар домалақ пішінді, диаметрі 2-7мм дейін, аспап тиіп кетсе қатты ауырады. Екі жақ қызылиек жиегі қызарып ісінген.
Төменде көрсетілген вирустардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс этиологиялық фактор болып табылады?

  1. Адамның иммунитет тапшылық вирусы

  2. Қарапайым герпес вирусы

  3. Парагрипп вирусы

  4. Кокксаки вирусы

  5. Папиллома вирусы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет