Тапсырма 20жасар жігіт алдыңғы тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданады және оны бала күнінде байқаған. Қарап тексергенде: жоғарғы орталық күрек тістерінің анатомиялық пішіні өзгерген, тіс сауыты бөшке тәріздес



бет7/29
Дата24.03.2023
өлшемі84,14 Kb.
#76002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
Тер Экз

Тапсырма №54э
*!34 жастағы әйел тісінің суықтың әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 1.7 тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы жұмсарған дентинмен толғаны анықталды, сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының түбінде ауру сезімі байқалады.Дәрігер емдеу барысында тісжегі қуысының түбіне емдік төсемді салды.
Төменде көрсетілген материалдардың қайсысы одонтотропты әсері бар емдік төсемге НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*виноксол
*абсцесс ремеди
*гангрипульп
*биодент
*+дайкал
Тапсырма №55
48 жасар ер адам өздігінен пайда болатын, ұстама (приступ) тәрізді, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнге қарай күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталады. Сүңгілеп тексерегенде тісжегі қуысының табаны түгел қатты ауырады.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

  1. Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

  2. +Ұлпаның жедел толық қабынуы

  3. Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

  4. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

  5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

Тапсырма №56
46 жасар ер адам өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнде күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 ісінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді.
Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек болады?

  1. Рентгенография

  2. Ауру тарихын жинау

  3. Сүңгілеп тексеру

  4. Қағып тексеру

  5. +Электроодонтометрия

Тапсырма №57
49 жасар ер адам төменгі оң жағында ұзаққа созылатын ұстама тәрізді солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді.
Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

  1. Рентгенография

  2. Ауру тарихын жинау

  3. Өмір тарихын жинау

  4. Қағып тексеру

  5. + Электроодонтометрия



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет