Тапсырма №4. 1 Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау. «Топ», «ұйым», ұғымдарын салыстыру. Ұйымдастырушылық мінез- құлықты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторларды белгілеу



бет4/4
Дата08.12.2023
өлшемі18,34 Kb.
#134947
1   2   3   4
Байланысты:
Тапсырма №4. 1 Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау.-emirsaba.org

А.С.Макаренко үлкен үлес қосты. Ол ұжымдасудың маңызды сипаты ретінде бірлескен әлеуметтік-позитивтік іс-әрекетті қарастырды. Егер ұжым қоғамға пайдалы іс-әрекеттің міндеттерін орындайтын адамдарды біріктірсе ғана оның болуы мүмкін. А.С.Макаренко ұжымды нақтырақ былай сипаттайды: ортақ әрекетпен, ортақ мақсатпен біріккен және басқару, тәртіп, жауапкершілік органдары бар еңбекшілердің еркін тобы. А.С.Макаренко жасаған ұжымның даму кезеңдері:

Сонымен, іс-әрекет принципі А.С.Макаренко жүйесінде, біріншіден, өзі жасаған тәрбиелеуші ұжымның психологиялық-педагогикалық жобасының орталық бөлімі, екіншіден – бұл жобаны шындыққа айналдыруды ұйымдастырудың бастауы болды. 60-жылдардағы ғылыми-техникалық алға басушылық талаптары ұжымдар өмірінің әлеуметтік-психологиялық мәселесін зерттеуге себеп болды: өндірістік, ғылыми, мектеп, әскери сондай-ақ басқа белгілі әлеуметтік сипатпен біріккен бірлестіктері. Бұл салада жұмыс істейтін авторлардың көпшілігі ұжымды шағын топтың белгілі бірі ретінде қарастырады.


Алайда, 70-жылдардың басында ұжым мағынасын әлеуметтік тұрғыдан дұрыс түсіну өздігінен көптеген нақты психологиялық мәселелерді шеше алмайды. Ұжымдағы тұлғааралық қатынастардың ғылыми түсініктерінің әлеуметтік-психологиялық мәселесі әдістемелік проблемаға айналды: ұжымдағы тұлғаны және ұжымдардың зерттеудің ұқсас экспериментальдық әдістемелерін жасау және пайдалану қажеттілігі мойындалды. Экспериментальдық амалдардың жетіспеушілігін бәрі сезді. Зерттеушілерді топтық динамиканы зерттеу үрдісі кезінде санды сипаттамаларды қолдануға мүмкіндік беретін өлшеуіш әдістемелері қызықтырды.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет