Тапсырма №4. 1 Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау. «Топ», «ұйым», ұғымдарын салыстыру. Ұйымдастырушылық мінез- құлықты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторларды белгілеу



бет1/4
Дата08.12.2023
өлшемі18,34 Kb.
#134947
  1   2   3   4
Байланысты:
Тапсырма №4. 1 Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау.-emirsaba.org


Тапсырма №4. 1 Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау. «Топ», «ұйым», ұғымдарын салыстыру. Ұйымдастырушылық мінез- құлықты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторларды белгілеу

Тапсырма №4.1 Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау. «Топ», « ұйым», ұғымдарын салыстыру. Ұйымдастырушылық мінез- құлықты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторларды белгілеу.
Басқарудағы жетекшілік мәселесін нақты анықтау үшін «басқару», «жетекшілік», «басшылық» деген ұғымдарды ажырату керек.
Басқару дегеніміз мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған кез келген әсерлерді ұйымдастыру процессі. Жетекшілік – бұл басқару іс-әрекетінің бір ғана бөлігі, мұнда әр түрлі басқару сұрақтары бағынушыларға әсер ету арқылы шешіледі.
«Көшбасшылық» және «жетекшілік» туралы әртүрлі түсініктер кез келген ұйымда қарым-қатынастың екі түрінің болуына байланысты – формальды және формальды емес. Жетекшілік – бұл адамдарға әсер ету процессі, жүйелі формальды емес қарым-қатынастың жемісі. Ал көшбасшылық болса ең алдымен нақты құрылымдық формальды қарым-қатынастың бар болуын меңзейді, тиісінше ол осының негізіде жүзеге асады. Басқарушының рөлі формальды құрылым арқылы анықталады, оның қызметі, ережеге сай нақты айқындалған, санкцияны қолдану құқығы талассыз. Жетекшілік керсінше, кенеттен, стихиялы, жартылай саналы психологиялық қалаулар дәрежесінде қалыптасады.
Образды түрде айтқанда, жетекшілікті төменнен жоғарыға бағытталған вектор деп айтуға болады, ал көшбасшылық – қарама-қарсы бағыттағы вектор.
Көшбасшылық пен жетекшіліктің негізгі ерекшеліктерін келесідей түрде көрсетуге болады:


  • Жетекші топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты реттеп отырады, басшы – топтың ресми қарым-қатынасын реттеп отырады;


  • Жетекшілікті микроорта жағдайында белгілеуге болады, басшылық – макроорта элементі.


  • Жетекшілік стихиалы түрде пайда болады, ал басшылықты тағайындай стихиялы құбылыс емес, басшылықпен салыстырғанда жетекшілік анағұрлым тұрақты, көп жағдайда топтағы көңіл-күйге байланысты болады.


  • Басшылықтың қолында жетекшіде жоқ бағынушыларға қатысты белгілі бір санкциялардың әртүрлі жүйесі бар;


  • Басшының шешім қабылдау процессі күрделі әрі топтың қатысуынсыз жүзеге асырыла береді, ал жетекшінің шешім қабылдауы шартты түрде топпен бірге жүреді;


  • Жетекшінің іс-әрекет аумағы негізінен шағын топтар, басшының іс-әрекет аумағы – әлдеқайда кең әлеуметтік жүйе.

Осындай типтік ерекшеліктер бола тұра басшы мен жетекші рөлдерінің қосылуын көрсетуге болады. Мұндай жағдайда басшы-жетекші, табысты ұйымдардың қызметін зерттеуші Мичиган университетінің ғалымдарының сипаттауы бойынша келесі параментлермен сипатталады:




  1. Жұмысшыларды басқарудың бөлшектенген, нақты түрлерімен салыстырғанда мақсатқа жетуді жүзеге асыруда ортақ басшылықты болжайды.


  2. Басшылықтың жұмысына жеке жұмысшылардың жұмысына қарағанда көп көңіл бөлінеді.


  3. Жұмысты жоспарлау мен арнайы міндеттерді шешуге көп көңіл бөлінеді.


  4. Шешім қабылдау процессіне үнемі жұмысшылар жұмылдырып отырады.


  5. Жұмысшыларға еңбекке қызығушылығын басты назарда ұстап отыратын және еңбек өнімін арттыратын тәсіл қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет