Тапсырма №4. Практикалык жумыс.Құндылықтар, көзқарастар, ықпал ету тәсілдері. Сыныптағы психологиялық ахуал


Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер



бет2/2
Дата30.10.2022
өлшемі18,24 Kb.
#46242
1   2
Байланысты:
Құндылықтар көзқарастар ықпал ету тәсілдері

Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер:
Ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылық сынды құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы.
Жалпы адамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік ұлттармен бейбітшілікті сақтау.
Оқушылардың белсенді өмір позициясын, жан-дүниесін адами құндылықтар арқылы руханилықтың берік орнату.
Сыныптағы психологиялық ахуал – өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Көбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Бүгінгі қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі өзара сын т.б.
Қоғамның орнықты дамуы белгілі бір ұжымдағы еңбек өнімділігінің нәтижесі ұғымының кәсіби шеберлігі мен дағдысына, білімділігі мен икемділіктеріне ғана байланысты емес, көпшіліктің мұнда қалыптасқан тұрақты көңіл-күйіне де байланысты. Ахуал туғызу арқылы ортақ мүддеге келуді үйренеді.
Психологиялық ахуал дегеніміз – ол ұжымдағы ахуалдың яғни әрбір қызметкердің жанына психикасына әсер ететін ахуалдың жағдайы, ол мінез-құлық, эмоционалдық жағдайлардан тұрады. Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекетте басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезім туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстанып сияқты әртүрлі қатынастар жүйесін туғызады.
Балалар тәрбиелейтін оқу-тәрбие мекемелерінде жағымды психологиялық ахуал құру мақсатында жұмыстар жүргізіледі:
Педагогтың балалармен қарым-қатынас түрінің жақсара түсуіне септігін тигізеді;
Кәсіби және жеке проблемалы қамти отырып, бала тәрбиелеу ұжымдарында педагогтарға, тәрбиешілерге және басқа қызметкерлерге кеңес береді.
Педагогикалық ұжымда қарым-қатынас түрін жақсартады;
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу, олардың психикалық ерекшеліктерін терең зерттеу, оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылығы, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру, ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру.
Сонымен қорытындылай келе, рухани-адамгершілік құндылықты белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құрлықтағы адамнық тәріппен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе деп түсінеміз. Яғни рухани адамгершілік құндылық адамның ішкі жан дүние қасиетінің өлшемі адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадығы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынуы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі. Өзін-өзі тануы, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, элемді тануы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет