Байланысты: Құндылықтар көзқарастар ықпал ету тәсілдері
Орындаган Жумабаева Гулзира.
Тапсырма №4.Практикалык жумыс.Құндылықтар, көзқарастар, ықпал ету тәсілдері. Сыныптағы психологиялық ахуал.
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұны көне заманнан бүгінге дейін философия, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктерімен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократ үшін құндылық – адамның өмірді бағалауы екен. Ал Аристотель – жақсылық, игілік ұғымдарын мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданады. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы білдірген. Аристотельдің пайымдауынша – этиканың мақсаты- таным емес, ізгілікке үйрету.

Адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады. Құндылық деп тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеяларды айтамыз. Оларға: шындық, қайырымдылық, бостандық, махаббат, шығармашылық жатады.

Шынайы және алдамшы
Ұлттық
Философиялық
Қ
Ұ
Н
Д
Ы
Л
Ы
Қ
Қазіргі күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән құбылыс. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, өмірінің мәні де болмайды.
Өмірдің мәнін түсіну жағымды эмоцияналдық жағдай ретінде мақсатқа ұмтылушылық пен, қарым-қатынастағы өз орнын сезуі мен, басқа адамдарға деген қызығушылық пен, олармен бірігу сезімімен, белгілі ережелерді ізгілік ережелері ретінде қабылдауымен қоса жүреді. Мәселен, адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшелігімен көрінуге тырысады.
Педагогикалық сөздікте құндылық – адамның ішкі құқығы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі делінген. Сондықтан біз құндылық ұғымы адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз. Құндылықтар идеяларды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады және құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау сынды ұмтылысты білдіреді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданған мен де оны сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де іс-әрекет етеді.