Мұғалімге ұсыныстар Қазір мектепте жалпы бағалау және жазбаша шығармашылық жұмыстарды бағалау мәселесі белсенді талқылануда. Бағалау принциптерінің бірі – оқушы үшін бағалау критерийлерінің анықтығы. Яғни, критерийлерді әзірлеу/талқылау бойынша оқушылармен бірге арнайы жұмыс жасау көзделеді. Ұсынылатын тапсырманы «дербестік» критерийін талқылау жұмысына қосуға болады: мысалы, жұмыс қаншалықты дербес және өз бетінше орындалуы мүмкін, түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты қалай пайдалану керек, өзгелердің мәтінімен қалай жұмыс істеу керек.
Тапсырмада берілген «Плагиат туралы» мәтін шығармашылық жұмыстар туралы мектеп ережесін әзірлеуге көмектесе алады.
Тапсырмамен жұмыс істеу уақыты-1 сабақ.
Тапсырма мәтіні
Плагиат туралы …Оқу бағдарламасының курстары бойынша тыңдаушылар орындайтын диссертациялар, эссе және басқа да жазбаша жұмыстар тыңдаушылардың авторлық жұмыстары ретінде қарастырылады.
Плагиат – бөтен мәтінді толығымен немесе материалдар бөлігінде немесе басқа aвтордың әдеби немесе ғылыми туындысын иемдену, шығарма үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану– елеулі этикалық теріс қылық болып табылады және академиялық, тәртіптік шараларды қолдануға әкеледі.
Тыңдаушылардың жазбаша жұмыстарында өзгелердің мәтіндері мен деректерді алып, пайдалануға барлық дереккөздер көрсетілген жағдайда жол беріледі. Тиісті дереккөздерге сілтемелердің болмауы немесе басқалардың материалдарын пайдалану кезінде дәйексөз ережелерін сақтамау жұмысты орындаған тыңдаушының авторлығына қатысты қате пікірге әкеп соқтыруы мүмкін. Бөтен жұмысты сөзбе-сөз дәйектеусөздеу қажет болған жағдайда, пайдаланылған мәтін тырнақшаға алынып, алынған дереккөзге сілтеме жасалуы тиіс. Сондай-ақ басқа автордың мәтінін жеке абзацта тырнақшасыз, бірақ дереккөзге міндетті түрде сілтеме жасай отырып бөліп көрсетуге болады.
Парафраз – бөтен ойды, идеяларды немесе мәтінді өз сөздерімен қайта айтып беру. Парафраз кез келген жарияланған дереккөзден алынған бөтен мәтінді пайдалану кезінде сөздерді, фразеологиялық айналымдарды немесе сөйлемдерді алмастыру. Бөтен мәтіннің кез келген парафразы дереккөзге сілтеме жасалу арқылы берілуі тиіс. Сондай-ақ бір немесе одан да көп дереккөздерден бірнеше парафраз алыну арқылы өз мәтінін жазуға, оларды жеке сөзбен немесе тіпті сөйлемдермен біріктіріп немесе түпнұсқадағы жекелеген сөздерді алмастыра отырып қолдануға жол берілмейді. Парафразды пайдалану бөтен материалдарға шамадан тыс тәуелділікті көрсетеді және плагиат ретінде қарастырылады.
Тыңдаушылар сілтеме жасайтын әдеби және өзге де дереккөздер библиографиялық тізімде көрсетілуі тиіс. Библиографиялық тізім жазбаша жұмыстың соңында орналастырылады және белгіленген талаптар мен библиографиялық сипаттаманың ережелеріне сәйкес ресімделеді.
Плагиат ретінде авторға (авторларға) сілтемесіз өз атымен берілген мәтіндер/ақпарат жатады, атап айтқанда:
- бөтен мәтінді пайдалану жағдайлары (толық немесе ішінара);
- бөтен жұмыстың перефразы (қайта айтып беру) ;
-кез келген басылымда жарияланған материалдардан (кітаптар, жазбаша есептер, мерзімді баспасөздегі және ғылыми еңбектер мен т. б. жинақтардағы мақалалар), сол сияқты кез келген басқа дереккөздерден, оның ішінде басқа тыңдаушылардың жазбаша немесе өзге де жұмыстарынан алу жағдайлары;
- электрондық тасығыштардағы ақпарат материалдарын пайдалану (мысалы, интернет желісіндегі сайттардан, электрондық деректер базаларынан және т.б.).
< ... > Тыңдаушыларға сонымен қатар, әр түрлі жұмыс ретінде бірдей жұмыстарды тапсыруға тыйым салынады. Бұл жағдайлар да плагиат болып саналады. Сонымен қатар, өз жұмыстарынан мәтінді (мәтін бөлігін) бастапқы дереккөздерге сілтемесіз өзінің басқа жұмыстарыда тікелей пайдалану плагиат ретінде қарастырылады.
Тыңдаушылардың жұмыстарынан плагиаттың табылуы академиялық талаптарымен үйлеспейтін теріс қылық ретінде тыңдаушылар қатарынан шығарылуға дейін тәртіптік академиялық жауапкершілікке әкеледі.
< ... > Даулы мәселелерді шешу және тыңдаушылардың апелляцияларын қарау үшін деканның немесе ректордың шешімі бойынша апелляциялық комиссия құрылуы мүмкін.
Тыңдаушылар оқу жылының басында плагиат үшін жауапкершілік туралы жазбаша мәлімдемеге қол қояды, қол қою арқылы танысқандары туралы және олардың жазбаша жұмыстарындағы плагиат анықталған жағдайда оның салдарының неге әкелетіндігін түсінетіндіктері туралы куәландырады.
Оқу процесін ұйымдастыру туралы Ережеге қосымша/ Білім беру саласындағы менеджмент факультеті тыңдаушысының анықтамасы 2002/2003 оқу жылы. – М.: МВШСЭН, 2002
Плагиат (лат. plagium — ұрлау, ұрлық) — басқа aвтордың әдеби немесе ғылыми туындысын иемдену, шығарма үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану.[