Тапсырма: ақпаратты салыстырыңыз және фактілерді бірыңғай ақпараттық көрініске біріктіріңіз



бет4/6
Дата24.05.2023
өлшемі51,22 Kb.
#96750
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10-үлестірме маттериалы Ақпараттық тапсырмалар

5-тапсырма.

Кез келген адамға бөтен адамның заттарын алуға болмайтыны түсінікті. Тіпті ЖОО студентіне де. Бұл қарапайым ереженің зияткерлік жұмыстарға қолданылмайтыны түсініксіз. Интернеттің кез келген деңгейдегі мәтіндерінің шексіз қоры оқытушылар үшін нағыз азапқа айналды. Мен жақында жастарды - жоғары курс студенттерін, аспиранттарды және жаңадан бастаған оқытушыларды белгілі мәскеулік жоғары оқу орны өткізетін жазғы мектепке қатыстыру үшін іріктеп алдым. Бұл мектепке қатысушыларға жол жүру және тұрғын үйді жалдау ақысы төленеді, олардың алдында белгілі экономистер мен саясаткерлер сөз сөйлейді, сондықтан байқау өте күрделі болып табылады. Байқау шарты бойынша, екі ұсынымхат пен осы жылдың тақырыбы – Ресейдің бәсекеге қабілеттілігі туралы шағын эссе жіберу керек еді. Сонымен не болды деп ойлайсыз? Әрине, интернеттің астаналық ең үздік жоғары оқу орындарында да, шалғай мекендерде де болуы қуантарлық жағдай. < .. > Эссенің тексерілуі - бұл байқау болғандықтан, тексеруші қатысушының эссені қаншалықты өзі жазғандығын анықтауға бағытталады. Әрине, бұл жерде көңіліңді көтеретін жағдайлар да бар. Әсіресе, біреу сенің жазған мақалаңнан түгел бір параграфты қамтитын рефератты жүктеп алған кезде кеудеңді нағыз мақтаныш сезімі кернейді. Әрине, бұл жерде авторлық туралы немесе сілтеме болуы туралы айтудың тіпті керегі жоқ, дегенмен өз мақалаңдағы таныс жолдарды қайталап оқу көңіліңді көтереді. Кейде «ағымдағы 1994 жылы» немесе «Президент Клинтонның келесі сапарын дайындау кезінде пайдаланылатын болады» деген сөйлемдерді оқығанда күлкің келеді.
Әрине, бұл күлкілі емес, мұңлы жағдай. Жазылған эсселер арасында, егер мен оларды ұрланған деп атасам, ешкімді ренжітпейтін шығармын – жас оқытушылар да, аймақтық байқаулардың лауреаттары да, түрлі беделді қорлардың стипендиаттары да бар. Егер қатысушылардың ғылыми жетекшілері мен олар жеңіп алған байқаулардың қазылар алқасы байқау жұмыстарын кішкене болса да мұқият оқыса (егер сіз бұл ресурстарды пайдалану үшін қандай да бір күрделі бағдарламаларды қолдану керек деп ойлайтын болсаңыз, қателесесіз, бұл жерде кәдімгі қарапайым іздеу жүйесі тамаша көмектеседі) бұл байқаулар мен стипендияларды дереккөздермен адал жұмыс жасайтын басқа балалар жеңіп алар еді. Алайда басты проблема бұл емес, мәселе нағыз авторлардың өз ғылыми жұмыстары мен курс дәрістерін еркін қолжетімді болуы үшін көпшілікке жарияламауынан туындап отыр. Бұл экономиканың барлық басқа салаларында меншік құқығын қорғаумен бірдей: егер адам оның еңбегі мен талантының жемісін басқа біреу пайдалана алады деп қауіптенсе, ол бұған аз күш салады. Соттар жақсы жұмыс істейтін және келісім-шарттар орындалатын елдер меншік құқығы нашар қорғалған елдерден әлдеқайда жылдам өсіп келе жатқаны таңқаларлық жағдай емес.
Константин Сонин, Ресей экономикалық мектебінің профессоры
Огонек, 2004. №24 (14-20 маусым). С. 30

Мақала авторы интернеттен жүктелген жұмыстарға қалай қарайды?


A.Елдің ең шалғай жерлерінде де интернет бар деп қуанады.
B. Жіберілген жұмыстардан өз мақаласындағы таныс жолдарды кездестіргенде оның кеудесін мақтаныш сезімі кернейді
C. бұл ұрлық деп санайды.
D.мақалада автордың көзқарасы анық көрсетілмеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет