Жинақтық сан есім
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Қазақ тілінде жинақтық сан есімдердің саны жетеу. Олар -ау, -еу жұрнақтарымен жасалады: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.
Топтау сан есім
Топтау сан есімдер — біркелкі заттар мен құбылыстардың мөлшерін топтап көрсететін сан есімдер. Сұрақтары: қаншадан? нешеден?
Топтау сан есімдердің ерекшеліктері
Топтау сан есімдер дара сан есімдерге -даң -ден, -таң -тен қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады: үштен, төрттен, екіден, алтыдан т.б.
Қосарланған сан есімдерге -даң -дең -таң -тең -наң -нен қосымшалары қосылады: бір-бірден, он-оннан, жүз-жүзден, отыз-отыздан т.б.
Топтау сан есімдерге сөз түрлендіретін де, сөз тудыратын да қосымшалар қосылмайды.
Бөлшектік сан есім
Бөлшектік сан есімдер — таза математикалык ұғымға негізделген сөздер. Бөлшектік сан есімдер құрамы жағынан тек күрделі ғана болады.
Бөлшектік сан есімнің құрамы
Сөздердің бірінші сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда тұрады: үштің екісі, жүздің жиырмасы, тоқсанның отызы т.б.
Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда болады: екіден бірі, оннан бесі, сегаден алтысы, мыңнан бірі т.б.
Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары атау септікте болып келеді: оннан төрт, жиырмадан бес, жүзден он, мыңнан бір т.б.
Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғаудағы бөлік сөзінің тіркесуімен жасалады: жүзден он бөлігі, мыңнан бір бөлігі т.б.
Белгілі бір заттың тиісті бөлшегін атау үшін есептік сан есімдерге жарым, ширек,жарты сөздері тіркеседі. үш жарым мың, жиырманың жартысы, алты жарым, төрт ширек, үш ширек т.б.
Таза математикалық бөлшектік санда бүтін сөзі қолданылады: он бүтін алтыдан екі, жиырма бес бүтін оннан сегіз, тоқсан сегіз бүтін алпыс екі ден қырық төрт т.б.
Болжалдық сан есім
Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл көрсетпей, шамалап, болжалдап білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |